Жұма, 29 Наурыз 2024
5700 4 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 16:09

«100 жаңа есім»: Жоба қатысушыларынан өтінім қабылдау басталды

Ертеңнен бастап 100 janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасын өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздардан тұратын «Бюро 100» командасы қолдау жасауда. Олар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына баруды көздейді. Команда әлеуметтік желілерден жоба қатысушыларын іздеудің барлық кезеңдерін көрсетеді.

«Үлкен жобаны бастағалы жатырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан екі жыл бұрын Елбасы «Рухани Жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық етті. Осы орайда соның аясында «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезеңін бастамақпыз. Бұл жоба қоғамның дамуына өзінің үлкен ықпалын тиігізіп келеді, сондықтан оны жалғастыруға бел будық», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Ведомство басшысы «100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында елімізге оң ықпалын тигізген азаматтарды насихаттау, олардың еңбек тәжірибесін таныстыру мақсатында ұйымдастырылғанын еске салды.

«Екі жылдың ішінде 5 мыңға жуық адам қатысты. Бұл тұрғыда жоба аясында екі миллионға жуық қазақстандық дауыс берді», - деді Д. Абаев.

Жоба 2019 жылы Жастар жылына арналады. Қатысуға 39 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Осы орайда ғылым, қоғам, медицина, бизнес, мәдениет және спорт саласындағы нақты жетістікке жеткендердің өтінімдері қаралатын болады.

«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың сөзіне қарағанда, қатысатын адамдар 100janaesim.ruh.kz сайтында сауалнаманы толтыруы қажет. Қатысушы сенімді әрі нақты ақпарат беруге міндеттеледі. Барлық өтінімдер модерациядан өтіп, кейін сайтта жарияланып, желіде дауыс беруге рұқсат алады. Сонымен қатар, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт және бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады.

«Жоба аясында өтінімдерді қабылдау 1 қазаннан бастап 20 қазанға дейін жалғасады», - деді К. Ойшыбаев.

Жобаның ресми сайтында қалаған үміткерге дауыс беру үшін онлайн тіркеліп, электронды пошта көрсетілуі керек. Белгіл болғандай, жобаның нәтижелері биыл желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін таныстырылымда жарияланады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының ары қарай жалғасатынын айтқан болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563