Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5029 18 пікір 11 Қазан, 2019 сағат 10:53

Ұры шенеуніктерден батыр жасамайық!

Өзім білетін жазушы-журналистердің ішінде кейбір шенеуніктерді пайғамбардай көріп, құлдық ұрып жүретіндер бар.

Араларында Мемлекеттік сыйлық алған "көзі тірі классиктер" де бар. "Бақсам, бақа екен" дегендей, сол шенеуніктің ұлылығы - белгілі жазушы-журналист ағайынға Алматы мен бүгінгі Нұр-Сұлтаннан үш-төрт бөлмелі пәтерді еш кезексіз, пәтері бар-жоғына қарамастан, ретін, жолын тауып алып бергенінде екен. Немесе ешкім оқымайтын "шедевр" кітабын шығарып бергенінде екен.

Мен сондай шенеуніктердің талайының сөзін бетпе-бет тыңдап, "қоянның қалжасына қарап, бойынан түңілгендей", әбден түңілдім.

Өзіңе сыйлық жасаған шенеуніктің мырзалығының кілтипаны қайда екендігі туралы ойлануың керек қой...

Ендеше ұры шенеуніктерден батыр жасап, жұртты алдамайық, қадірлі қаламдас ағайындар!

Кәрібай Мұсырманның facebook парақшасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577