Жұма, 29 Наурыз 2024
2704 0 пікір 11 Қазан, 2019 сағат 11:36

Алматыда өңірлік кеңес мүшелігіне алғашқы сайлау өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттар сайлауын алғаш рет өткізеді. Пилоттық жоба жүзеге асырылғанна кейін кейін ҰКП осы тәжірибені республика бойынша өңірлік палаталарға таратуды жоспарлап отыр.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес өңірлік кеңестің мүшелері Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілері атынан делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.  «Атамекен» ҰКП қалыптасуы кезеңінде белгілі бір бизнесменнің қоғамдағы беделі және оның бизнесінің салалық маңызын есеаке ала отырып өңірлік кеңестің құрамын қалыптастыру орынды еді. ҰКП Сеъздінің 2018 жылғы 21 маусымдағы шешіміне сәйкес өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы ҚР ҰКП Төралқасы шешімімен үш жыл ішінде жүргізілуі керек.

Алайда, осы жылдың 28 тамызында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері ортақ уағдаластық негізінде өзін-өзі тарату бойынша шешім қабылдап, өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттар сайлауын өткізуді ұсынды.

Алматы қаласы өңірлік кеңесінің шешімін, сондай-ақ Алматыда басқа қалалармен салыстырғанда отандық компаниялар саны басым (барлығы 186 000 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді) екенін ескере отырып, ҰКП өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлауды пилоттық режимде Алматы қаласында өткізу бойынша шешім қабылдады. Содан кейін ҰКП Төралқасы шешімі бойынша алматылық тәжірибе бүкіл республикаға таралатын болады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне кандиттардан өтінім қабылдау осы жылдың қараша айынан басталады. Осы күні «Атамекен» ҰКП ресми сайтында және ресми аккаунттарында үміткерлерді тіркеуге арналған сілтеме жарияланады.

Сайлау және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616