Міне, көрдің бе?

АРШАВИН. "ҚАЗАҚСТАН ТУРА РЕСЕЙ СИЯҚТЫ"

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бұрын футболдан Ресей құрама командасының капитаны болған Андрей Аршавин бұл күндері Алматының "Қайратында" доп теуіп жүргенін спортсүйер қауым жақсы біледі.

Сол Аршавин журналистерге берген сұхбатында: "Маған Алматы ұнайды. Мұнда бәрі тамаша. Достарым да көп. Шынымды айтсам, орысша сөйлемейтін елдерге барғым келмейді. Ал Қазақстанда бұл тұрғыдан қиындық жоқ. Мұнда бәрі орысша сөйлейді. Тура Ресей сияқты", - депті.

Біз шындығында Ресей секілдіміз бе? Бұл сөзімен футболшы нені айтпақ болып отыр? Қазақстанның мемлекеттік тілі бар тәуелсіз ел екенін мойындамайтынын ба? Қазақстандағы халықтың 82 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейтіні туралы ресми ақпарат бар. Аршавин сол ресми деректерді жоққа шығарып, өз Астанасын салған, өз Елбасын төрге оздырған Қазақстанды әлемге тентек баладай қауіп төндіріп отырған Ресейге ұқсатқаны қай сасқаны?

Қазақстан Ресейге ұқсамайды.

Бұл жерде Ресейдегідей шовинизм жоқ.

Бұл жерде Жироновкий секілді өзге елдің мемлекеттік тұтастығына қауіп төндіретін қуыршақ саясаткерлерді шаммен іздесеңіз де таппайсыз.

Бұл жерде Қырымды басып алуды дұрыс деп санайтын халық тұрмайды. 

Бұл жерде әлемді өзіне жау санайтын, атом бомбасымен жұрттың бәріне сес көрсетуді ғана білетін аю тотемді ұлт емес, қонақжай қазақ халқы тұрады.

Сол қонақжайлылықты Аршавин түсіне алмаса, не демек керек?

Оның айналасындағы аз санды халық орысша сөйледі екен деп, Қазақстанды Ресейге ұқсата салу - сауатсыздық. 

Біздің айтпағымыз осы ғана...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

30 пікір 906 рет оқылды Қосылған: 29.09.16
    • #1
    • ара
    • бн, 29/09/2016 - 13:24

    Айтар жок

    • #2
    • Жанашыр
    • бн, 29/09/2016 - 13:38

    О құдай ай осыны тұбі келген кеткендерден естиміз ау деп жүретін ем, онсыз да айтылып жатыр екен гой, ай онбаспыз

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • бн, 29/09/2016 - 13:45

    *** "Қазақстан Ресейге ұқсамайды".
    Ұқсамаса табиғаты мен халқының менталитеті ұқсамайтын шығар ? !
    Үш шөпкетышар жиналып жиналыс ашса, орысша сайрайтынын қайда қоямыз ? Көсекең үш минөт қазақша сөйлесе, 30 минөт "великий и могучий" орыс тілінде сөйлейтінін қайда қоямыз ?

    *** Бұл жерде Ресейдегідей шовинизм жоқ".
    Жоқ болса жоқ шығар. Діні құрақ көрпедей қырыққа бөлінген, "асфальтный", "нағыз қазақ", "шала қазақ", "аралман" болып қырқысып жүрген қазақты қайда қоямыз ?

    *** "Бұл жерде Жироновский секілді өзге елдің мемлекеттік тұтастығына қауіп төндіретін қуыршақ саясаткерлерді шаммен іздесеңіз де таппайсыз".
    Елімізде Жириновский сияты есалаңдар жоқ болса, жоқ шығар ? !
    Ал айдың-күннің аманында үй ішінен үй тігіп, әлемде жоқ елдың әскери формасын киіп, қылыш асынып, одыраңдап жүрген орыстарды (казак) қайда қоямыз ?
    Донбассқа барып сепаратистер жағында соғысып келіп, сотталып жатқан "доброволецтерді" қайда қоямыз ?

    *** "Бұл жерде Қырымды басып алуды дұрыс деп санайтын халық тұрмайды".
    Қатты қателесесіз, автор !
    "Азаттық Радиосының" сайтында "Қыз Жібек" фильмде басты рөлде ойнаған ханым : "Қырымды басып алып Путин дұрыс істеді" дегені бар. Бұл - зиялының, сауатты өнер адамының айтып отырғаны.
    Ал сауаты шамалы қанша мың (миллион) орысқұл қазақтың қортық лилиПутиннің басқыншылық саясатын қолдап отырғанын бір Алла біледі !

    • #4
    • Баймырза
    • бн, 29/09/2016 - 13:49

    Бұл жерде Аршавинге өкпелеудің еш қисыны жоқ.... Ол өз сөзі арқылы Қазақстандағы қазақ тілінің мүшкіл халІн меңзеп тұр. "Тура ресей сияқты" ,-деп қазақтардың өз тілінде сөйлемейтініне қуанып тұр....Ал шын мәнінде орыс тілі біздің елде үстем екені ешкімге де жасырын емес....Бұған тек қана қазақтардың өзлдері кінәлі....

    • #5
    • м
    • бн, 29/09/2016 - 13:54

    айта. бередигой

    • #6
    • Тупой
    • бн, 29/09/2016 - 13:58

    Осыны Аршавин айтса білмейсіңдерма бəрің қ**ақты жеген аққусыңдар құлдар

    • #7
    • Нервный
    • бн, 29/09/2016 - 14:04

    Есенғали қоиш шаршап кеттік бəрінен түзелмейтін адамдарғой

    • #8
    • Сарапшы
    • бн, 29/09/2016 - 14:40

    Аршавин бұл спортшы сіз кез келген спотшымен саясат туралы сөйлесіп көрініз олардың көзі ашық сізбен саяси әнгіменізге олардың өз қосары көп екенің көресіз және спорттан саясаттқа кетіп жатқандар мыңдап мысал келтіруге болады,украйнадағы ағайынды кличколар дың өзі басқада әлемдік спорт тарихына қарасаныз жетіп жатыр, Аршавин бұл сөзін біздің қоғамға зілсіз жай қарапайым женіл жеткізгенімен оның ішкі біз туралы ой түйіп жүргені мұлдем бөлек екеніне мен сенімдімің, әрине жақсы ой емес, ей бишаралар деп ойлап жүр

    • #9
    • Әлім
    • бн, 29/09/2016 - 14:47

    Ащы да болса, Аршавиннің айтқандары шындық. Әлде де мен Ресейде жүрмін, демепті.

    • #10
    • 2030
    • бн, 29/09/2016 - 14:57

    Біз өз жерімізбен, өз мемлекетімізде тұрып, өз тілімізде өмір сүре алмаған-соң, қай мемлекетте өмір сүріп жүргенімізді білмей қаламыз. Сондықтан, біз ресейге ұқсаймыз. Түріміз Қазақ болғанымен, жан-дүниеміз орыс болып кеткен. Орысша сөйлейтініміз, орыс тілін Қазақ тілінен артық санап, оны қорғайтынымыз өтірік пе-?.

    • #11
    • Зейнеткер
    • бн, 29/09/2016 - 15:07

    Бізде жалған намыс қой мысалға алқашқа сен алқашсың десен ол сенімен ұрсат жоқ мен алқаш емеспіндеп,жезөкшеде кейде намыстанып ұстап алдыңба деп ол да шабалап ұрсат, біздің намыс осылардікі сияқты боп тұрат, мына борбайлы допшының айтып отырғаны рас қой

    • #12
    • Шындық
    • бн, 29/09/2016 - 15:22

    Аршвин бүкпесіз оиындағысын аитты Қазақ елңнің Ресейдің тұрамындағы Марий ел не Чуваш елңнен еш аирмасы жоқ Ол жақтана Мәңгүрттенген аз ұлттар Бір бірімен Өздерін жаулап алған елдің тілінде сөилеитін Бұл жақтада солаи Тек аинмашлығы Ол елдер Ресейдің құрамдас бір бөлігі Ал Мәңглік Көсеуович басқаратын Қазақ елі өзінше тәуелсіз смақ болып септеледі Ондада Мәңглік Көсеуович алғысы келмеген еді Елцекең Мен Кравчук Шушквичтер зорлағандаи етіп берді тәуелсіздікті

    • #13
    • Шындық
    • бн, 29/09/2016 - 15:37

    Үлкендер жағы ескліктің қалдығы дерсің Орысша сөилегенде Ал жастар жағы Бір бірімен Вликий могучий тілде саирағанда Тіпті ұиат Олар тәуелсіз елде тумадыма Жастар жағы ұпят тегі Орысшасөилегендері Қазақ елңнің болашағы Ваталардың тілінде шүлдрлескені

    • #14
    • (*!*)
    • бн, 29/09/2016 - 16:06

    Аршавиннің айтқаны бер жағы ғой. Левиттен таяқ жеген Тищенконың өзі "мен бұл халықты сыйламаймын " деп болып,ақталып кешірім сұраған боп жатыр.Кешірім сұрамаса да болар еді.Өз ана тілін аяққа таптап, басқа тілде шүлдірлейтін халықты қалай сыйлауға болады.

    • #15
    • Шындық
    • бн, 29/09/2016 - 17:55

    Қазақ өз өзін силамаиды Сонда кім силаиды он Ұлттың Зиялыдегендері Бір брімен Изгой бұрынғы қожаиындарының тілінде сөилеп жүрсе Ар намыстан жұрдаи құлдарды кім силаиды Намысы жоқ жеке Адамдыда Халықтыда ешкім силамаиды Меилі ол шіріген бай болсада Орыстар үшін Қазақтар жеьңлген қауым жеңілген қауымды жеңген қауым еш уақта силамаиды

    • #16
    • pikir
    • бн, 29/09/2016 - 18:35

    reseidin guberniasy dep aitu kerek edi

    • #17
    • Жамуха
    • бн, 29/09/2016 - 18:40

    Аршавинде нең бар? айтсаң 25 жыл орысша сөйлетіп келе жаиқан Аршавин бе?

    • #18
    • калбит
    • бн, 29/09/2016 - 18:59

    что есть у казахов нахрена кто вообще казахы без русского языка без русского народа весь мир знают спорит не надо факт это факт даже Борат не зря выбрал казахов из 3000 народов в мире

    • #19
    • c
    • бн, 29/09/2016 - 19:01

    Мустафа Джемилев отказался от встречи с Назарбаевым

    Имя Мустафы Джамилева сейчас у всех на слуху. С ним встречаются руководители государств, с ним, единственным из представителей украинских властей, пусть по телефону, но разговаривает президент России Владимир Путин. Признавая его авторитет, все руководство Украины обращается к нему не иначе, как Мустафа ага, а власти России, опасаясь его влияния на крымских татар, запрещают ему въезд в Крым.

    Мустафа

    Биография крымского лидера хорошо известна: пятнадцать лет в тюрьмах и ссылках за требование вернуть крымских татар на историческую родину, откуда они были насильно депортированы в годы СССР, девять месяцев голодовки и только через многие годы борьбы — победа. Основная часть крымско-татарского народа переселилась на историческую родину, где, по сути, сложилась собственная автономия, действовал свой парламент — Меджлис крымско-татарского народа.

    Однако сегодня, накануне семидесятилетней годовщины депортации крымских татар, Мустафа Джамилев находится в Киеве и снова возглавляет борьбу своего народа за возможность самому решать свою судьбу. И он очень сожалеет, что президент Казахстана Нурсултан Назарбаев фактически предал братский тюркский народ.

    Вот что рассказал Мустафа Джамилев:

    — Российская Федерация для присоединения Крыма использовала два основных довода: будто бы в Украине сложилась какая-то незаконная ультранационалистическая структура и что якобы создается угроза русскоязычному населению. Это, на мой взгляд, абсурдные обвинения. Я считаю, что за 23 года независимости Украины сейчас у нее самое демократичное правительство и многонациональное.

    Что касается угроз русскоязычному населению в Крыму, то их, на мой взгляд, нет, потому что если русские составляют 58% его населения, то в структурах власти их было более чем 90%, почти все школы были на русском языке, большинство информации шло на русском языке. То есть, на мой взгляд, не было оснований утверждать, что русских в Крыму притесняют, наоборот, они находились в привилегированном положении.

    А вот референдум, который провели в Крыму 16 марта, ни в какие правовые нормы не лезет. На оккупированной территории невозможно проводить референдум, он сам противоречит как украинскому законодательству, так и международному. Но тем не менее он прошел.

    Когда рассматривался этот вопрос на Генеральной ассамблее ООН 27 февраля, сто государств отвергли результаты референдума, а Казахстан оказался среди воздержавшихся. Но самое печальное это то, что затем он поддержал аннексию Крыма. Для нас это было очень удивительно, потому что наиболее дискриминируемая часть населения в Крыму — это крымские татары, и, как руководитель тюркского государства, наверное, в первую очередь, Назарбаев должен был спросить, каково там положение братского тюркского народа? Но нет…

    …Я вообще намеревался ехать (в Казахстан — ред.), у нас были договоренности о встрече, на которой хотели обсудить ситуацию, но после того, как я получил информацию о том, что Нурсултан Назарбаев поддержал аннексию Крыма и признал присоединение его к России законным, у нас с ним не осталось тем. О чем мне теперь разговаривать с президентом Назарбаевым?

    Мне жаль, но Назарбаев ошибся в этом деле, потому что уже раздаются голоса, что нужно проводить референдумы и в северных областях Казахстана. Тут такой принцип: если ты, когда у других беда, не протягиваешь руку, а, наоборот, помогаешь агрессору, на что ты можешь рассчитывать, когда беда придет в твой дом? К сожалению, политика Казахстана, его руководителя оказалась недальновидной.

    • #20
    • калбит
    • бн, 29/09/2016 - 19:03

    казахстан вассаль РОССИЮ это факт без русского фамилия кто казахы .казахы сами себя называют черныи русскии это вооще позор для казахов это гордость

    • #21
    • sag'yz
    • бн, 29/09/2016 - 19:50

    Kalbitke lajk qojdym.

    • #22
    • Төре
    • бн, 29/09/2016 - 20:10

    Ресейге ұқсатқаны қай сасқаны?
    Оған ашу шақырмай-ақ қойыңыз. Ұқсаймыз... Ұқсаймыз!
    Есіме түсіп отыр, біздер студент кезімізде, (60-70ж.) автобустарда қазақша сөйлесек, сонда отырған орыстар "что вы болтаете на своем собачьем языке" деп бізді жазғыратын еді. Бір күні осындайды естіп дау шығарған біздерді, автобустың жүргізушісі есікті жауып алып 4-5 баланы автопаркке апарған еді. Мыналар "националист" біздерді қазақшалап балағаттады деп. Қаптаған автопаркте істейтін орыстар ішінде милициясы бар біздерді көгала қойдай сабап сыртқа лақтырып жіберді. Кімге барып шағынасың, шағынсаң Институттан шығасың. Бірімізді-біріміз кінәлап жатаханаға жарым түнде жаяу келдік. Мен оны өлгенше ұмытпаймын! Қазірде Бостандықтың нәтижесін көріп жүрміз. Бүкіл Алматы қазағы орысша сөйлейді. Қазақта намыс тұрмақ, жай ғана қазақи жігерде қалмаған. Ұқсаймыз, ұқсаймыз... басшымызда, қосшымызда, үйткені - сорлы елміз

    • #23
    • ььь
    • бн, 29/09/2016 - 20:15

    Мұрның қисық болса айнаға өкпелеп не керек? Аршавин шындықты тура айтып отыр. Қазақстанда орыс тілі үстемдік құратыны өтірік пе ?

    • #24
    • Адайшал
    • бн, 29/09/2016 - 21:38

    Аптыр, жалған намыстың қажеті жоқ, сырт көз сыншы деген бар, ол шындықты айтып отыр. Басы үйткен мысықтай сарала кемпір, шорты киген шалдар шүлдірлеп жүргені шындық қой, қой үрмейді, жылқы маңырамайды... ал қазақ деген һайуан... айтарға сөз жоқ! Өз тілін мансұқтағандарды 3 айға түрмеге қамаса, 2000 АЕК айыппұл салса көрер едім сайрамағандарын. Сол мәгуші тіл деп жерік болып жүрген тіл иелерінде кезінде 1 Петр патшасы сабап жүріп ел қатарына қосқан жоқпа.

    • #25
    • Талғат
    • бн, 29/09/2016 - 22:32

    Мына жазғыш та қызық екен. Аршавинді несіне кінәлайды. Ол турасын айтып отыр ғой. Қазақстанда жүріп еститіні орыс тілі болса, газет журналдардың 90 пайызы орыстілді һәм ресейлік басылымдар болса, теледидардағы жүз, жүз жиырма каналдың түгеліне жуығы орысша сайрап тұрса, ата сақалы сапсиған екі қазақ шалы бір бірімен орысша сөйлессе, Назарбаевтан бастап бүкіл билік орыс тілімен өмір сүріп жатса неғыл дейсің енді Аршавинге.

    • #26
    • Әбеу Шаған-Тоғай
    • жм, 30/09/2016 - 1:22

    Аршавин басқа ұлттық ресбуликаға келгенде орыс тілінің үстемдігіне таң қалған да шығар.Мен де түркіменнің фамилиядағы "ов"жалғауынан айырылмауы таң қалдырады.Ресейге "гастарбайтер"болатын халыққа "ов" керек ақ.Елінде орыс қалмаған түркімендерге не жорық.

    • #27
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 30/09/2016 - 7:41

    Адайшал :
    Аптыр, жалған намыстың қажеті жоқ, сырт көз сыншы деген бар, ол шындықты айтып отыр.
    Басы үйткен мысықтай сарала кемпір, шорты киген шалдар шүлдірлеп жүргені шындық қой ...
    *********************************************************************************************************************************
    Дүкенге кіріп керегіңді қазақ тілінде сұрасаң, беті шара табақтай, мордиясына 5 кг крәске жаққан бләнденка қарындасың орыс тілінде жауап беретіні шындық қой ...

    Омырауына "Тіл жанашы" деген медаль тағып шолтаңдап жүрген неміс пен французды, ағылшын мен италияндықты кім көрді ?
    Осы медальдың шығуы-ақ тіліңнің мүшкіл жағдайын білдірсе керек ? ! Бұл - әдейі істелініп отырған қиянат. Салпыншаққа әуес қазақтың мінезін білетін орысқұл билік әлі бұндай қарғыбаулардың түр-түрін ойлап табады.

    Қазір қалалы жерде тұратын қазақтың үйіндегі теледидары 100-ден астам арна көрсетеді соның 95 пайызы орыс тілінде екені шындық қой ... Кітап дүкендері мен газет-журнал дүңгіршектерінде қай тілдегі басылым басым ? Әрине "великий и могучий" орыс тіліндегі басылым басым екендігі шындық қой !

    • #28
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 30/09/2016 - 8:15

    РОССИЯ ПРОСИТ У США ЕЩЕ НЕМНОГО ЕДЫ, КУШАТЬ ЗАХОТЕЛОСЬ
    ipvnrws.net/archives/1355

    • #29
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 30/09/2016 - 8:24

    БОРОВОЙ - РОССИЯНАМ : НА КОЛЕНИ, ТВАРИ, И ПРОСИТЬ ПРОЩЕНИЯ У НЕСКОЛЬКИХ ПОКОЛЕНИЙ УКРАИНЦЕВ !
    ipvnews.net/archives/1358

    • #30
    • Мен
    • жм, 30/09/2016 - 10:34

    Бұл жерде бауырларым, Аршавин ешқандай саясат туралы сөз қозғаған жоқ. Ол Қазақстанда өз үйіндегідей алаңсыз жүргенін, жайлы екенін білдірді. Түбін қаза берсе, кез келген сөзден саясат тауып алуға болады. Қайсар, солай істеген. Сосын бәрің жабылып, саясат соғып кеттіңдер....

Пікір қосу

  • 9 + 21 =

Кіру