Жұма, 29 Наурыз 2024
Әдебиет 4034 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 11:56

ҰЛЫ МАХАББАТ немесе ҚҰЛЖА КЕШІНДЕ

(Ақын Марфуға Айтхожинаның 80 жылдық мерейтойына арнаймын)

 

«Ауылым Алатаудың іргесінде,

Сыр жатыр ақ көйлектің бүрмесінде...»

Осылай өлеңдеткен өңшең ақын

Бас қостық Құлжа қала бір кешінде.

 

«Құлжадай қала бар ма жер бетінде?!» –

дегенің жанымызды тербетуде.

Тянь-Шанның асқақтығын Сізден көрдім,

Сайрамның суреті бар келбетіңде.

 

Тал бойың күміс сымға тыртылғандай,

Жан апа, көркің қандай, нарқың қандай!

Боздады тоқсандағы Мәди[1] ақын,

«Шіркін-ай, қыз қайда, – деп,–  Марфуғамдай!»

 

Іленің өткел бермес ағынысың,

Құлжаның қолға түспес лағылысың.

Ұлы ақын болмаса да, ұлы қартым

Қозғады қырық жылғы сағынышын.

 

Ол қазақ – бұл қазақтың бір бұтағы,

Қу тағдыр ақпа құмдай сырғытады.

Жас жігіт өлеңіңді жатқа соқса,

Ақын шал шарап емес,  у жұтады.

 

Төлісің Үйсінтаудың ақ қар басқан,

Келесіз аппақ арға дақ салмастан.

Туған жер махаббатын көріп тұрдым,

Мәдидің жанарынан аққан жастан...

 

                                                                 Ғалым Қалибекұлы,

                                                                ақын, Халықаралық «Алаш»

                                                                Әдеби сыйлығының иегері.


[1] Мәди – Қытайдың белгілі ақыны М.Әбдірахманов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564