Өз сөзім...

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА ҚАЛДЫРМАУ САЯСАТЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

«...Ең әуелі сөз Сөз болды» дейді... Кімнің сөзі? Қандай сөз?!

Құдай Адамды балшықтан жасап, демімен жан беріп, «Тіріл» деді. «Тіріл!..». (Тура бүгінгі бізге айтқандай...).

 Алла айтқан соң амал бар ма, тірілді... Бәрі содан басталды!..

Айтпақшы, Алла бұл сөзді қай тілде айтты? Ешкім білмейді, мен де!..

Өткенде бір досым «Дінде тіл туралы талас бұрын да болған, қазір де бар. Құран, намаз, дұға араб тілінде оқылады. Сонда ғана қабыл болады...» депті.

Дұрыс. Дауым жоқ. Дегенмен, бұл – шартты нәрсе. Шын көңілден айтылса қай тіл болса да жат емес. Қабыл болады. Әйтпесе Құдайдың құдайлығы қайсы?!

Иман тілде емес – жүректе. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Оған да!.. Бар гәп – жүрек пен көңілдің тазалығында. Сосын, әрине, ниет пен пиғылда.

Жарайды, жаңа не деп едік?.. Иә, Сөз...

Сөз сыйлаған, сөздің қадыр-қасиеті мен киесін ұққан бір халық болса – қазақ еді. Қазір қандаймыз?! Соншалық азып-тозардай бізге не болды?..

Адами (қазақи десе де болады) құндылықтар асты-үстіне түсіп, дүние теріс айналды. Арсыздық – алғырлыққа, сатқындық –парасаттылыққа, жемқорлық – іскерлікке, адалдық – қорлыққа, арамдық  – зорлыққа теңелген кесірлі кезеңге қалай тап болдық? Кім жеткізді, қалай жеттік?!

Бәрі – «егеменді» еліміздің 25 жылдық «тәуелсіз билігінің» бүкіл әлем бас иген сындарлы саясатының нәтижесі.

Біз бүгін кешегі желтоқсандықтарға жылап көрісетін жағдайға жеттік. Олар ірі еді, бүгінгілер бақа-шаянға айналды. Неге?!

Өйткені олар Сөзден тамыр үзбеген, жыраулар поэзиясы мен қадыр-қасиеті қаша қоймаған қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан қуат алып, шыңдалған басқа ұрпақ еді.

Адам бойындағы барлық асыл қасиет ата қаны мен ана сүтінен дарып, тәрбие арқылы қалыптасады. Ата-ана тәрбиесі, қоғамдық тәрбие, өскен орта, айқын бағыт, асыл мұрат, әдебиет пен өнер, ұлттық һәм адами құндылықтар т.б.

Тәрбие құралы – сөз. Ана тілі. Ал біз не істедік?!

Егемендікке қолымыз жетер-жетпестен ұлттық құндылықтарды қиратуға бағытталған жаппай шабуыл басталды. Әуелде әдіс-айламен басталған күрес, бүгінде айналасын аждаһадай жалмап, отқа ораған алапат майданға айналды. Онсыз да қырық құрау бір шөкім ел жік-жік боп ыдырай бастады. Жүзге, руға бөлу жайына қалып, дала қазағы, қала қазағы, орыс тілді қазақ, қазақ тілді қазақ, бай мен кедей, аш пен тоқ болып ажырап, «уахабит», «салафит», «бірдеңе ит, сірдеңе ит» деген «иттер» көбейді.

Ал Сөз – қасиетті, киелі Сөз – адыра қалды!..

Елді есінен тандырған экономикалық реформалар мен судай тұнып, сүттей ұйып отырған алтын бесік ауылдың қалай тозып, қалай таланғанын айтпай-ақ қояйын. Ол онсыз да жауыр болды.

Мүйізі қарағайдай Ғылым Академиясы қоғамдық ұйымға айналып, Ғылым-білім саласы бітпейтін «жаңалықтар» мен өзгерістерге душар болды.

Асыл сөздің Алтын Ордасы – Қазақстан Жазушылар Одағы жылдар бойы жинаған абырой-атағынан жұрдай боп, міскін күйге түсіп, бір адамның жекеменшігіне айналды. Онсыз да қырық пышақ қазақ қаламгерлері жік-жік, топ-топ болып өзара тартысып, сүйекке таласқан иттей ырылдасты. Және осының қолдан ұйымдастырылды. Әдейі, жоспарлы түрде!..

Енді осыған кім кінәлі?! Билік... сосын, әрине, өзіміз!.. Олар иек қақса, алдына түсіп аттандай шаптық. Атыстық-шабыстық, тартыстық-таластық, өтірікті судай сапырып, бір-бірімізді көрместей болдық. Былғанбаған бет, боқталмаған ауыз қалмады. Не үшін, кім үшін?!

Бір ғана мысал – екі Мұхтардың айтысы.

Жерден хабар таппағыр Әмірхан інім айтып еді: «Осы дауды мен бастадым» деп. Мақтанышпен... Қалай, қайтіп басталғанын да жасырған жоқ. Жатқан жері жарық болсын!..

Айтпақшы, мемлекеттік сыйлық туралы сұхбатында ақын Светқали Нұржан да дәл осындай ой айтыпты. Ол: «...Тәуелсіздік келгеннен кейін біздің рухани әлемде «идол-пұттарды қирату» деген құпия қара толқын жүрді. Оның астарында ұлт айбынып, ұрпақ қайырылып қарайтын бір де бір тұлға қалдырмау үшін сырттан дайындалған сұмпайы жоспар жатыр еді. Сол екпінмен біраз жігіттер ақсақалдарды сақалынан алды, ағаларымен бет жыртысты, басқа шапты, төске өрледі, ақыры дұшпан мұратына жетті. Бүгінгі таңда өліде де, тіріде де күллі ұлтымыз қадірлейтін бір де бір тұлға қалмады!» - дейді.

Келісемін. Ақын айтқан «мұратына жеткен дұшпан» мен «сырттан жоспар дайындағандардың» кім екенін өзіңіз де біліп отырған шығарсыз?!    

Қош, сүйтіп ақыры арманына жетті. Екі Мұхтардың бірі Ұрымға, бірі Қырымға кетті. (Дұрысы, бірі билік қырына ілініп, қарсыластар тобына қосылса, екіншісі ештеңеге алаңдамай Алла артқан аманатын орындау үшін елден жырақтады. Амалсыз...).

Ұтқан кім, ұтылған кім? Билік бұны кімнің қолымен істеді?!

Өзіміз... Біздің қолымызбен!..

Жоғарыда Әмірхан марқұмның «Мен бастадым» дегенін айттық. Жел беріп, жол сілтеген – сол кездегі «Қазақ әдебиеті» газетінің басшылары.

Бұлар өзі – бір топ болатын. 

Тұрмағанбет Кенжебаев

Abai.kz

27 пікір 1414 рет оқылды Қосылған: 21.10.16
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 21/10/2016 - 12:06
    Пікір алынып тасталды!
    • #2
    • Астапыралла
    • жм, 21/10/2016 - 12:40

    Астапыралла, мұнда да Есенғали отырып кетіпті.

    • #3
    • zhasа
    • жм, 21/10/2016 - 14:13

    Дал атылган жуйелы макала, байкасаныз казыр каркынды турде журып жатыр казах байгуска

    • #4
    • Ерік
    • жм, 21/10/2016 - 14:54

    "Ең әуелі сөз Сөз болды» бұл Библиядан алынған сөзді сен неге мұсылмандарға Құранның сөзі ретінде тықпалайсың. Енді жетпегені христиандық насихатты Құранның сөзі деп алдап сіңіру ме? Тұрмағанбет, сенақиқат дінді жалған дінмен араластырма. Ал мақалаңдағы мына сөздерің «...Тәуелсіздік келгеннен кейін біздің рухани әлемде «идол-пұттарды қирату» деген құпия қара толқын жүрді. Оның астарында ұлт айбынып, ұрпақ қайырылып қарайтын бір де бір тұлға қалдырмау үшін сырттан дайындалған сұмпайы жоспар жатыр еді. Сол екпінмен біраз жігіттер ақсақалдарды сақалынан алды, ағаларымен бет жыртысты, басқа шапты, төске өрледі, ақыры дұшпан мұратына жетті. Бүгінгі таңда өліде де, тіріде де күллі ұлтымыз қадірлейтін бір де бір тұлға қалмады!» - дейді.
    Келісемін. Ақын айтқан «мұратына жеткен дұшпан» мен «сырттан жоспар дайындағандардың» кім екенін өзіңіз де біліп отырған шығарсыз?! " шындыққа саяды.

    • #5
    • т
    • жм, 21/10/2016 - 15:56

    Ерікке,Ең әуелі сөз Сөз болды» бұл Библиядан алынған сөзді сен неге мұсылмандарға Құранның сөзі ретінде тықпалайсың,дегеніңе пікір, құранды Библиядан,Иудизмнен алынған терминдер сөйлемдер толып жатыр.Еврейдің дін басы айтты,ислам мен христиан діндері иудизмнің
    "дочерный предприятиясы" деп.

    • #6
    • Серікбай
    • жм, 21/10/2016 - 15:58

    Тұрмағанбет а дегесін б-ны да айт.Жоғарыда Әмірхан марқұмның «Мен бастадым» дегенін айттың. Жел беріп, жол сілтеген – сол кездегі «Қазақ әдебиеті» газетінің басшылары аттарын кім біледі.

    • #7
    • Төре
    • жм, 21/10/2016 - 18:47

    Тұрмағанбет, Өмір деген қыйсық жол, "қорлықпен қорлануға көну арқылы игілікке жету", деушіме еді? Қорлықпен қорлануға көнбегендердің тағдыры қашанда осылай?Э Бауырым Бар, бүтін бол! Сіздің жазғандарыңызды тез алып тастаушы еді... Иттен ияу, мысықтан мияу, қызыл-қасқа сиырдан, ақ тұмсық бұзау туады. Ал Төреден - Төре туары сөзсіз! ...

    • #8
    • Қыр қазағы
    • жм, 21/10/2016 - 19:08

    Қазақтың бұрын-соңғы тарихындағы Ұлы тұлғаларды төмендетіп көрсету арқылы қазіргі билік НӘН-нің тарихтағы орнын биіктетіп көрсеткісі келеді. Мұның бәрі сол залым адамның тарихи рөлін асқақтатып көрсетудің құйтырқы тәсілі...

    • #9
    • Мақсұт
    • жм, 21/10/2016 - 20:18

    "Ең әуелі Сөз болды. Сөз -Құдайда еді. Құдайдың өзі -Сөз еді..." Бұл Библиядан. Егер адам таза надан болмаса мұнда ешқандай қайшылық, Ислам дініне қарама қайшылық жоқ. Бірыңғай дін таласына түсіп кетпеу үшін қысқарта қайырсам -Мұсылмандар үшін Алладан түскен төрт кітаптың бәрі де -Ақиқат. Библия -соның бірі. Айырмасы сол -кейіннен адамдар тарапынан өзгеріске түскені. "Сөз" -дейміз ғой, исламдағы "Қалам" -деп жүргеніміз осы емес пе? Оған қандай талас бар? "Тіл" туралы таластың өзі де біздің пендешілігіміздің , білместігіміздің белгісі. Тілден бұрын адамның түсінігіндегі дүниені тілсіз жеткізетін, ойдан тұратын бір құдірет болады. Мысалы Сіз түйені көрсеңіз тек қана қазақша "Түйе" деп, орысша "Верблюд" деп немесе ағылшынша "Кэмал" деп айырып жатпайсыз...Сіз иір, иір тұлғалы жануарды көресіз, орыстар да, ағылшындар да дәл соны көреді. "Телепатия" дейсіз бе. басқаша түсіндіресіз бе, ұғымдарды жеткізудің құдіретті бір жолдары бар...
    Сәл қиыс кеттім -ау шамасы, негізгі тақырып басқа еді ғой... Автордың қапалығы, реніші, түңіліп таусылуы түсінікті. Себебін де өзі білетін сияқты. Бірақ сиыр құйымшақтатып бұлыңғырлатқанымен ашып айта алмайды. Оның айта алмай, сәлем салған келіндей сызылғанын осы тақырыпта пікір білдірген 8 -ші "Қыр қазағы" айтыпты.! Мен Қазақстандағы соңғы жылдардағы келеңсіздіктерді ойлаған сайын қазақтың " Бір қарын майды бір құмалақ ірітеді" -деген мақалын түсіне түсемін. Біздегі барлық "жақсыны" жойып, "барды" жұтып, "ақиқаттың" өңін өзгертіп, "Тарихты" түтіп, "шындықты" құртып, автор Тұрмағанбеттің "таба алмай" отырған тұлғаларын құртып отырған Бір ғана "Құмалақ" бар! Ол әрине -өзге Биіктерді жермен жексен ету арқылы Өзін көтергісі келген "Күн көсем!" Бірақ -Ол кісі осы биіктерге кімнің алақанында тұрып көтерілгенін түсіне алмай, өзі отырған бұтақты тістелеп, кеміруде. Ал біздің кемшілігіміз-Кенжебаев сияқтанып бәленің бәрінің басы қайдан шыққанын біле тұра, түк көрмегендей айнала шауып, "жау" іздейміз... айналып келіп сол "жаудың" қолтығына кіреміз.

    • #10
    • Серікбай
    • жм, 21/10/2016 - 20:35

    Осы сайттағы Максұттың ,Есенғалидың, Шала қазақтың пікірлерімен келісемін.Дегенмен, діннің негізі , құран кітаптар қашан,қай тілде түскенін ғылыми түрде айта алмай келеміз.Өркениеттің даму жолын қарасақ,египеттегі-3 мың жыл,шумерлер,тұрандықтар-6 мың жыл,ал еврейлерде -5 мың жыл болған.Америка үндістерінде,олардың түбі тұрандықтар,20-40 мың жыл дейін барады.Логиканы қосыңыздар,сөз қайдан шыққан.

    • #11
    • Серікбайға
    • жм, 21/10/2016 - 20:47

    Сөз адайдан шыққан, сенбесеңіз Қожырбайұлынан сұраңыз.

    • #12
    • Қойшей
    • жм, 21/10/2016 - 22:30

    Бəрін айтта бірін айт.Бəріне көсеуші президент бинабат.
    Қазақ базардан өрік сатыпаб жумай жесе жəне ол қазақ сол себепті панос болса көсеуші бинабат.
    Бір қазақтың қызы байдан қайтып келсе оған көсеуші елбасы бинабат.
    Қазақтың нəстраениесі нəскиге түсіп кетсе оған көсеуші елбасы бинабат.
    Қазақ алкаштары араққа əр кұні басжазарға ақша табалмай əр кімнен бір алақан жайып тиын-тебен тіленіп жұрсе оған көсеуші елбасы бинабат.
    Көршің жаман болып мазаңды алаберсе оған көсеуші елбасы бинабат.
    Сиырың қысыр қалса оған көсеуші елбасы бинабат.
    Жаз бойы той тойлап, күз келгенде жағарға не отының не көмірің болмай тұні бойы жаурап шықсаң оған көсеуші елбасы бинабат.
    Көршің бай болса ал сен кедей болсаң демек оған көсеуші елбасы бинабат.
    Мəшинең сынып қалса ал көршіңнің мəшинесі сынбай зырлап жұріп тұрса демек оған көсеуші елбасы бинабат.
    Басың биттеп кетсе оған көсеуші елбасы бинабат.
    Ұйде ерігіп отырсаң демек оған көсеуші елбасы бинабат.

    • #13
    • Ұлтжанды
    • сб, 22/10/2016 - 1:18

    Тұрмағанбет, мақалаңызда ұлттың хәл-жайынан хабар берер үлкен тақырыпты қамтыпсыз. Кейбір коммент жазған азаматтар сөздің мәніне емес, сыртына үңіліпті. Айтпайын десем ұлттың сеніміне нұқсан тиіп кетеме деп, алдымен "Сөз"-ге қатысты. Алла Тағаладан төрт кітап түскені анық, бірақ соның бірі-Құран ғана оргинал, түпнұсқада сақталған. Бұл Құранның өзінде де, Пайғамбардың сөзінде де және барлық мұсылман ғұламаларының, соның ішінде әбу Ханифаныңда нақты тұжырымы. Енді айтқым келгені мақаладағы ой мен Светқалидың "Оның астарында ұлт айбынып, ұрпақ қайырылып қарайтын бір де бір тұлға қалдырмау үшін сырттан дайындалған сұмпайы жоспар жатыр еді. Сол екпінмен біраз жігіттер ақсақалдарды сақалынан алды, ағаларымен бет жыртысты, басқа шапты, төске өрледі, ақыры дұшпан мұратына жетті. Бүгінгі таңда өліде де, тіріде де күллі ұлтымыз қадірлейтін бір де бір тұлға қалмады!» деген сөздері. Бұл саясат тек өткенге, не үлкендермен ғана аяқталмай, қазіргі елжанды азаттарымызға да тиселі. Өзінің игілікті істерімен елге танылып қоштауына ие болған, әрі Елбасының елдік саясатын жүргізуде өзгеге үлгі танытқан, өзін осындай дәрежеге көтерілуіне бар жағдайды жасап, өзінің сенімді азамттарының бірі деп санаған Елбасының сенімін ақтау үшін барын салып жүрген Иманғали Тасмағанбетовта жоғарыда айтылған саясаттың зардабын тартып жүр. Оны билікке құмар деп Елбасының айналасындағылар мен олардың жандайшаптары не істемеді. Әйтеуір алдымен Алла Тағала қорғап, Одан кейін Елбасының өзі қолдап аман келеді. Биліктен бөлек сол Иманғалиша елім, жерім деп жүргендердің бірі Бекболат Тілеуханды алыңыз. Ұлттық жігерді жонатын әнін әуелетіп жүріп Елбасының сөзіне жазылған өлеңге ән жазып, ол елдің рухын көтеріп, оған Елбасының өзі үлкен разылық танытқан кезде "әнді біреуден ұрлаған екен" деп оны елге ұрлықшы, Елбасына сатқын етіп көрсетті. "Нұр Отан" партиясы ол әнді алдын партия гимні етсе, кейін одан бас тартып, жабылған жала әшкереленгенде қайтадан гимн етіп әуре-сарсаңға түсті. Бірақ елдің ерлерінің аяғын шалушылар тоқтар емес, мүмкін тапсырыс солай болар, Имекең жайлы бір орыс кісінің вагонда айтқан сөздерін "дәлел құжжат" етіп жала жабудан тыншыр емес. Оның жеке басына бүкіл кіші жүзді қосақтап елдің ішіне іріткі салуда. Ал Бекболат Абай атасының ізімен дінін ұстанып, намазға жығылып діннің игілігін айта бастауына, депутат болып елдің көкейтесті мәселелерін көтеруіне қарсы оны "уаххабист", салафит" деген жалаға қалып, тіпті радикалдардың артында сол тұр дейтін айыптауларға жалғасуда. Бұл екі ел жүгін көтерер азаматқа әрі бұлар секілді өзгеде азаматтарға қарсы істердің артында үлкен саясат тұрғанын, өкінішке орай көпшілік біле бермейді екенбіз. Сондықтан болар көпшілік жел сөзге сеніп Иманғалидың да, Бекболаттың да артынан теріс пікірлерді қолдап жатады. Сөйтіп, Светқалидың "Бүгінгі таңда ұлтымыз қадірлейтін бір де бір тұлға қалмады! Ақыры дұшпан мұратына жетті" дегендей елге қарсы жаулық саясат жалғасып келеді. Ал біздің басым көпшілігіміз сол саясатты қолдап, жүзеге асырушылардың қатарында екенін, өзімізде біле бермейміз. Олардың есебінде, тіпті Мейрамбек пен Қыдырәлі де жүр, кінәсі жастардың санасына ұлттық бояуы қанық әндерді сіңіріп насхаттауы. Оларды уақты-уақтымен бірде қызшыл десе, бірде уаққапшыл деген жаламен улы жебелерін жіберіп тұрады. Олар ендігі кезекте елге тұтқа болар нар жігіттеріміздің қайсысына ор қазуда екен. Тұрмағанбет, сенің Светқали екеуіңнің ойларыңан алғаным осы. Алла Тағала дұрыс істеріңе береке беріп, өзіміз секілді қарапайым азаматтарымыздың санасын оятып ой тастайтын мақала жаза беруіңді нәсіп етсін.

    • #14
    • Тағы бір ұлтжанды
    • сб, 22/10/2016 - 8:37

    "алдымен "Сөз"-ге қатысты. Алла Тағаладан төрт кітап түскені анық, бірақ соның бірі-Құран ғана оргинал, түпнұсқада сақталған. Бұл Құранның өзінде де, Пайғамбардың сөзінде де және барлық мұсылман ғұламаларының, соның ішінде әбу Ханифаныңда нақты тұжырымы".

    Сонда қалай Сізше, Құран Кәрімге дейін "Сөз" болмаған ба?

    • #15
    • м 1
    • сб, 22/10/2016 - 10:11

    осы макаланы тусинип окыйтын адам аз

    • #16
    • Түсініктеме
    • сб, 22/10/2016 - 10:31

    «...Ең әуелі сөз Сөз болды» деген мәтін Библияның мәтіні. Библияның мәтінін айтып, ол кітапты насихаттаудың реті жоқ.

    • #17
    • 12 Қойшейге
    • сб, 22/10/2016 - 10:55

    Мұны анау Есенғали Антакия дегенге жіберсеңіз дәл әдіресін табасыз кімге айтылған.

    • #18
    • Ж.Т
    • сб, 22/10/2016 - 11:16

    Ұлттық тұлға қалдырмау саясатының түпкі мақсаты - Қазақстандық Ұлт. Жас пен кəрі көбіне көшеде ОРЫСША сөйлейтіндерінен қорқамын, 25 жыл ДЕРБЕСТІК жалпы ҚАЗАҚқа əсерсіз болды, сол Орысқұл қалпымыз.

    • #19
    • м 1
    • сб, 22/10/2016 - 18:50

    булда болса заман акырдын бир белгилери шыгар мумкин !! бари адеми сойлейди бирак истери баска !!??

    • #20
    • sag'yz
    • сб, 22/10/2016 - 20:53

    Alg'ash söz "Yehuwa" nemese "Yehuda" bolg'an. Ol eñ ezhelgi de eñ qarapajym söz. Barlyq monoteistik dinniñ qùdaijynyñ esiminiñ tübiri YHWH. Uahudiler YEHU nemese JEHUDA dese, mùsylmandar IE, JEGE nemese HUDO, QÙDAJ dejdi. Buddister B'HUDDA jag'ni BE YEHUDA dejdi. Hristiandar IEGOVA dep atajdy.

    • #21
    • Азамат
    • жб, 23/10/2016 - 9:09

    Тіл үшін күрес, мәңгі күрес. Сақтау да, жоғалту да өз қолымыз да. Оларға тіл үйретуге әбден болады. Анау Рио олимпиадасындағы спортшы ұлымыз бен қызымыз сияқты орысша сөйлемеймін деп сұхбат бермей қойсаң болды. Бірінші болып журналистер күні үшін өздері-ақ үйренеді, арты солай жалғасып кете береді.

    • #22
    • Cерікбай
    • жб, 23/10/2016 - 9:51

    Бұл сұрақтардың жауабын Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім ғана айта алады.Ғаббас ағамыз айтып жүрген ұлттық идея бар.Мұхамбеткәрімнің мақалаларын орысшаға аудару керек.

    • #23
    • Төре
    • жб, 23/10/2016 - 10:07

    Ұлттық тұлға қалдырмау саясатын, Қазақта атың өшкір кеңес өкіметі өткен ғасырдың отызыншы, елуінші жылдары қарқынды жүргізіді?! Қазақтың бетке ұстар азаматтары түгеліне жуық жойылып кеткенін тарихтан белгілі. Сол саясат қайталанбасын деп үміттенеміз? Азда болса, есін жиып жаңадан өсіп, қалыптасып, келе жатқан дүниеқоңыз емес ұлттық Тұлғаларымызды, қалай болғандада қорғап, сақтап қалуға міндетіміз! Ол генетика тілімен айтқанда, Қазақтың "Бағалы текқоры". Менімше, мақалада тұспалдап осы мәселе көтерілген. Қысқада-нұсқа ойлы мақала. Рахмет бауырым!

    • #24
    • Дәурен Қуатқа
    • жб, 23/10/2016 - 13:33

    "Абай кз", Дәурен інім, қазақтың санасын жаңғырту үшін осы мағыналас мақалалар, аналитикалық талдаулар аса қажет болып тұр. Өз басым мақаланы бір қарап шыққаныммен, оның түп мәнін 13 пен 23-ші комменттерді оқығанда ғана түсіндім. Осы секілді түсіндірмелерді, мүмкін іріктеп жеке топтамамен, мақалаға қосымша жауап ретінде шығарсаңыздар, мақаланың шырайын шығарып, өзегін аша түсер едіңіздер. Елжанды азаматтардың бәрінің илегені – «бір терінің пұшпағы» - ұлттың ұйысыуы, тәуелсіздіктің баяндылығы, әрі сол мақсатта қолдан келгенінше еңбек етіп жүрген игі азаматтарымыздың жала-пәлеге ұшырап кетпей, Жаратушымыз берген күш-қуатын ел игілігі үшін жұмсауы. Ішкі-сыртқы жаудыңда мақсаты сондай ерлердің балтырын қиып қансырату, қоғамға жек көрсетіп "азаматтықты" жексұрын ету. Қазір түрлі обьективті де субективті себептерге байланысты елдің миы ашып кетті, ненің не екенін айырудан қалып барады. Ал еліңіз, қандастарыңыздың санасын қорғап, ақиқатты жеткізіп оңалту - сіздердің құдай берген миссияларыңыз болар. Болмаса қарап отырып елдің бір-бірін құртуының куәсі болатын түріміз бар.

    • #25
    • Барлығы мидың жұмысынын басталады екен!!!
    • дн, 24/10/2016 - 2:24

    Дүниеге келгеннен бастап,адам баласының санасы күшті кинетикалық, басқа да ментальды да физикалық , біз білмейтін әлемділік тылсым дүние атомдық ,және электрлік энергия қозғалыстарымен қозғалып, вибрацияларымен қабылданып,араласып,небір сансыз ойлау химиялық та реакциялары жүріп отырады екен. Яғни миымыз кішкентай болса да , үлкен радио станция жұмысын да атқара отырып, вибрациямен әлем қозғалысын, ортасын, бірденнен мидың біз білмейтін аңдаусыз ретінде /подсознательный / ең сыртқы ми қабаты вибрациямен қабылдайтын жағымен барлық информацияны қабылдай алады екен... Бірақ та көлемі бірнеше километрге созылған радио станцияға қарағанда ерекшелігі тағы, миымыз кішкентай да болса қабылдау энергиясы , санамен, ойлану, үйрену, жаңарту,, тағы басқа да энергиясына айнала отырып, түсіну жаттауларда енді мидың өз ішіндегі бөліктерімен байланысып барлық процестер ДНК -да арқылы орындала бастайды екен!!! Бұл қозғалыстар тек бірлестікте әлеммен бірге қозғалуда!!! Ендеше неге осы уақытқа дейін сенім күшіміз азаюда??! Яғни миллиардталған талшықтармен бай информациялар қабылданып,сана қызметімен сұрыпталған дұрыс шешімді ойға айнала алады екен... Сондықтан да ойыңыз таза болуы тиіс екен, ауырып жүрмей үшінде!!! Ендеше барлығы әлемде қозғалыста болса, онда сөз жоқ ақылды информация да бірге қозғалумен келеді, яғни спортпен, оқып білумен ,дұрыс тағамдар энергиясымен тағы тағы сондай ми қозғалысымен ,санамен келеді екен. Ал вибрация тудыратын ол қандай материя болғаны..? Кванттық теория постулаттары мен заңдары, гипотузалары ең ақырында аспан әлемінің тылсым дүниесіне жақындағаннан, бұл жерде руханилық діни энергиямен, ғылымдардың сезіммен-формуласымен тапқан энергиясы бірлесе отырып, әлемнің қозғалысын тек бір зор күшінің коллектріне айналдырып отырғанына келеді де тұрады екен!!! Ендеше ол энергияны сансыз уникальды майдаланған кернеулі электрленген күшпен келіп соны уникальды түрде түсіну қабылетімен мидың қатпар пластинкаларына жазыла бастайды, яғни есте қалдырады, арналарына сол вибрациялық энергиялармен жазылады,қабылдай алады екен. Оны ғалымдар енді айтқан, яғни ол вибрациялық энергияларымыз, нерв туйсіктерімен таралып , ДНК-да ата бабаңыздың ментальды информациясы жазылғаны клеткаларыңызда үштен біреуі - ақ процеспен орындалса, ал қалған екі бөлігі Жердегі өміріңізбен, және әлемнен таралған биологиялық информациялармен араласып, қозғала отырып,тола бола береді екен, ол толтыруды даму процесі дейді. Яғни ол Құдіреттің қабылдау процесі күшті ҮН- мен нервпен-жүрекпен арқылы сөз энергиясына айналса, енді әрбір ҮНДІ шартты белгілермен , белгілеп жаттап, енді жазу биологиялық энергиясына, /әріптерге/ айналады екен.. Бұл феномендікті сондықтан да ата- баба ДНК сымен ғана байланстыра бермей, онсызда ол тұрақталған біліміміз болғандықтан, енді барлық күшімізді орталық, әлемділік процеспен дамыта қабылдауымыз шарт екен, яғни білім бар жерде сондай сансыз амалдарды шешіп, сұрыптап, қабылдап отырғанымыз жөн екен, бірақ ол жағы біздерде, О!- ЗАМАННАН ДА БЕРІ- ми құрылысындағы ішкі ақ парақтыққа жазылғанымен ғана ұсталық болғаннан,/ ал жазу энергиясы қолданса ғой , күшті болар еді бұдан да,қанша кітаптарда сақталар еді,нағыз штампты фактылармен нақты болар еді!!Міне осы, біздер өтірік айту себебіміз, тек жаттау процесінде болғаннан деп отыр ғалымдар, оның үстіне әрбір адамның миында болса бір фактылар, әртүрлі болғаны содан, яғни өтірік фактылардан ғана тұрады екен/ бірлескен кванттық механизмді теориямен бүкіл әлемділік қымбаттылық, құндылық философиялық жағы космостық энергиямен жаттаумен- яғни тікелей сөзбен ғана мың түрлендіріп санамен ғана қабылданып, ал жердегі адамның күшті өз энергиясымен -биологиялық энергиямен жаза берушілікпен жәй процеспен көптеп жиналып нақтылыққа көшпеген... Қанша ғасырлар бос кете берген, бірақ адам баласының күші әрине ми құрылысына байланысты,ми құрылысы енді радио стансысы емес, үлкен атом стансысына айналғаны сондай, қазақ милары басқа тілді уйренуге, бауыр басыпта жүрумен тездікпен өз тіліне көшіріп бірнеше рет жазуы да өзгерді... Ол жағын тездікпен, басқа өркенниетті адамдардың жан игасымен де болса да өте жылдамдықпен үлгергендері игере алды, міне күштілігі сонда болғаны онда!!! Адам баласының ми энергиясы ғана күшті процестер себептерін орындай алады екен. / уйрену,тыңдау, дұрыстықты қырсықпай мойындау, мен- мендікте болмау,тәрбие себебі де мол қызмет атқарады екен/. Ендеше ұлы дала қазақ еліміз тек рухани діни жағы күшті, тұрақтылық энергиясы бар догмамен рухталғанымен, бір жерде дінмен, ғылым бір арнаға кездесуі екі талай болған екен!! Ал ғылыми тірліктер адам баласына жөнді өмір сүру үшін,ең керекті амалдар болғаннан да қымбат, құнды, құлықты болған жазумен де келеді ғой, ол жағы өте жәй дамыған, есесіне айтыс ретіндегі энергиялы сөздер биіктелене берген. Содан да саналылық/мудрость/ пайда бола бергенімен- әлемдік ғылыми философиялық,ойлау энергиясымен,жазыла отыру, жолы шеттетіле берген екен!!! Барлық ел құндылығы да әлеммен бірлессе ғой, біздерде биологиялық сондай амалдарды шешу, жарысу энергиясымен, көп жаңалықтар ашар едік ... Сондықтан да өз тілінде көп болса ғой, тағы қандай миға сіңімді процесте айтып та, жаза да алар едік.Себебі тек ми құндылығы- кітаптарда ғана,молая беріп, дами беріп сақталады екен.Еш жаңалықтар, заңдылықтарды адам өзі бр күнде аша салмаған, ол жолды ғасырлар бойы да жинап келіп, талай түзетулермен, сүрлем жолымен келген екен. ЕНДЕШЕ СӨЗДЕР мен БАСҚА ДА құндылықтар атам заманнан келе жатқан вибрациялық тербеліспен келіп жатқан әлеммен бірлескен ЭНЕРГИЯ күштері екен ,оны пайдаға асыру үшін ғылымдар көп оқып қана сіздерге жаңалықтарды сол қасиетті кітаптардан алады, олай болса Ломоносов айтқан заңын тағы да айтуымызға тура келуде, КЕЛГЕН ЭНЕРГИЯСЫ КҮН СӘУЛСІ БОЛСА, содан басталса, ол энергия өте күшті кернеуімен жерді жандырып жібермей уникальды энергиясымен-кернеуімен сізді жылытып, барлық жағына, биологиялық бірдейНӘРІНЕ айналуда, жоқ болып кетпей,міне сол бірлескен ғылыми ойлардың миллиардттан бірі ғана... / Содан да қазақ баласы ешкіммен араласпай тек өз тілінде барлық жетістікке жете беруі аз шамалыққа апарары сөзсіз екен!!!/ Бізге де ортақ болуда, ендеше әлі де жастарымызға қабылдау ортақ энергиясы- БІЛІМІ керек қай жерде болмаңыз, қай системада жүрсеңізде, соны білген жастарымыз озуда алдыңғы қатарда іліп алып жүруде казір!!!!! Бірақ әлдеде ауыл өмірін оңайлатып жатқанымыз шамалы!!!! Ендеше көп тамаша энергиямен ауылдық жерді қала типтес ете беруіміз шарт екен, ең 1-ші су мен тазалық жағын, және де жаңа техника мен технологиялар көбеюі тиіс болып отыр!!!

    • #26
    • Бекжан Оралхан
    • сн, 16/11/2016 - 10:56

    Ұлттық тұлға қалдырмау саясаты, халықты тобырға айналдырудың дара жолы ғой.

    Тобырмен ешкім санаспайды. Санасудың да қажеті жоқ. Орыс тілді билікке ойына не алса болды соның бәрін істеуге мүмкіндік берді.

    Ал, ұлттық тұлғаларға оны жасай алмайсың. Санасуға тура келеді. Себебі, олардың артында оларды қолдайтын, яғни қорғайтын мүдделері тоғысатын миллиондаған қарапайым адамдар тұрады.

    • #27
    • Бекжан Оралхан
    • сн, 16/11/2016 - 12:38

    Ақиқатында ҚР билігінің барлық мүшелері ұлттық тұлғаға айналғанда ғой, қазір бәрі де басқаша болаған болар еді.

Пікір қосу

  • 8 + 26 =

Вход