Жұма, 29 Наурыз 2024
Осы ғой енді... 6346 0 пікір 3 Қараша, 2016 сағат 09:57

ЖАМАНҚҰЛОВ НЕГЕ ҚАМАЛДЫ?

2 қараша күні Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы режиссер, актер әрі өнер қайраткері Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғанын хабарлады.

Бюроның вебсайтындағы мәлімдемесі бойынша Жаманқұлов "Феникс" көркем фильмін түсіру кезінде "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілінген. Ресми хабарламаға сәйкес тергеу кезінде фильмді түсіру үшін 79 миллион теңге "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" компаниясының есеп-шотына аударылған, оның 69 миллионын осы кинокартинаның бас продюсері, әрі компанияның құрылтайшысы "Т. Жаманқұлов талан-таражға түсірген".

Ресми ақпаратта осы істі тексеру кезінде "Қазақфильм" компаниясының экономика бойынша басқарушы директоры мен аталмыш көркем фильмнің атқарушы продюсерінің де қамауға алынғандары жазылған.

Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов бұған дейін Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлыққа қатысты айыптап, министрдің үстінен "сексуалдық бопсалау" бойынша арызданушыны қолдап шыққан еді. Көп ұзамай Жаманқұловтың өз басы дауға қалып, оны бір топ театр қайраткерлері жиналыс ашып сөккен. Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3533