Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4027 1 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 07:56

ГАЗЕТКЕ МӘЖБҮРЛЕП ЖАЗДЫРУДЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК

Мектепте ата-анадан ақша жинайды деп сын айтамыз. Ол әрине орынды. Бірақ мүғалімдердің дәл сондай құқығы бұзылып жатқанда қоғам үндемей қалғаны дұрыс емес. Өзгеріс жасайтын уақыт келді.

Муғалімдермен барлық өңірлерде кездесу кезінде ең көп еститін сұрағым: мектептерде баспасөзге ерікті-еріксіз жаздыру қашан тоқтайды? Əрине бұл сұрақтың жауабы қиын жəне терең зерттеп білуді қажет етеді. Себебі, Білім министрлігі бұған қатысы жоқ, ал баспасөз басшылары ондай бұйрық беруге құзіретті емес. 

Онсыз да айлығы көп емес мұғалімнен жазылу кезінде əрқайсысынан 10 мың теңгеден жоғары суммаға амал жоқ жаздырады. Жазылмайын десе директор ұрсады. Ал директорға ұрсатын кім? Әрине бұл соңғы кезде пайда болған үрдіс емес. Бұрыннан бар. Бірақ заман өзгерді, технология өзгерді, заң өзгерді. Үш тілдік, электронды оқыту, жаңа мазмұн, белсенді ата-аналар, талабы мол оқушылар… Бұндай жағдайда жұмыс жасау оңай емес …. 

Ұстаздардың жауапкершіліктері артып, оларға қойылатын талап күшейсе де жалақысы өскен жоқ. Ал сол онсыз да ал мөлшердегі ақшаға қоғамның қол сұққаны қаншалықты дұрыс? Жеме жемге келгенде бұл заңсыз әрекет. Газет шығарып тарату – тек ақша емес бұл идеология құралы деп айтамыз. Бірақ сол идеология тек ұстаздардың арасында жүргізү керек пе? Қанша кездестім сол муғалімнен артық мемлекеттің саясатын қолдаушыларды көп көрмедім. Қалғандар алдымен соларға жетіп алсын. Ал дәл сол ұстаздарға ақпарат тарату қажет болса мектептің кітапханасына бір екі данасы бар. Кезекпен оқуды ұйымдастырайық. Үнемдеген ақшасына балаларына тамақ алсын. Қоғамға ұстаздар газет оқығаны керек болса бюджет арқылы тегін таратайық. 

Тағы да бір ескеретін жағдай – бұрынға қарағанда казір интернет бар емес пе. Барлық ұстаздарда үйінде ғаламторға қосылған компьютер бар деп ойлаймын, онсыз сабаққа дайындалу қиындау. Оған ай сайын ақша төлейді, сол жерде қажетті ақпаратты тауып алады. Газеттердің сайты бар. Қосымша ақшаға сатып алу қажеттігі жоқ? 

Газет шықаннан кейін ауылға 3-4 куннен кейін жиналып бір ақкеледі. Ол кезде бүкіл жаңалық ескеріп кетеді. Теледидардан, интернеттен барлығы танысып қояды. Сонда не үшін ақшасын төлейді? Көп ұстаздардың үйлерінде баспаханадан қалай шықты, сол күйінше, ашылмай , оқылмай “пачкасімен” тау болып жатқан газеттерді көремін. Әрине босқа қалмайды – тіршілігіне әйтеуір жаратады. 

Ал менің ойымша газет казір тек идеология , саясат құралы емес – бұл ақпараттық бизнестің бір түрі. Жазылу науқаны бәсекелестіктің көрсеткіші. Мықты газеттерді іздеп жүріп алады. Ал егер өнім сапасыз болса – алғысы келмейді. Онда “алсаңда аласың, алмасаңда аласың” деп мәжбүрлегенше, газеттердің сапасын дұрыстауға әрекет жасайық. Ең мықты журналистерді тартып , ең қызықты пайдалы мақалалар жаздырайық. Педагогтардың жақсы жаманды таңдауға білімі жетеді. Өздері қызығып алып оқиды. 

Ал бизнестің біреуіне газет сатуына көмектесіп біреуне көмектеспеу – бұл сыбайластық жемқорлықтың белгісі. Бір де бір мүғалім прокуратураға арыз жазса жауапкершілігі ауыр. 

Оны да ойлану керек. “Иделогияны қолдаймын” деп жүріп мемлекеттің сыбайластық жемқорлықты болдырмау, азаматтардың құқығын қорғау идеологиясына қарсы әрекет болып табылмасын. 
Бұл мəселеде қалалық жəне ауылдық жерде жазылу өзгешелігі бар. Яғни, қала мұғалімі жазылуда еркіндеу. көбісі қалаған баспасөзіне өзі жазылады. Ал ауылда еріксіз жаздыру көбірек. Осы мəселені зерттеп бүкіл қоғам болып мұғалімдерімізге көмектесетін бір нақты шешімін табатын уақыты келді.
Бас прокуратура, жергілікті әкәмшілік , қоғамдық ұйымдар осы мәселе бойынша тез арада шара қабылдау керек.

Мұрат Әбенов

kazbilim.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499