Дей салдым-ау

ШЕНДІЛЕР ШЕКПЕН КИЕДІ. ҚАНДАЙ ШЕКПЕН?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Алдағы таяу күндердің бірінде мемлекеттік органдарда қызмет ететін шенділер бірыңғай киім киіп жүрсе, таң қалмаңыз. «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісіне аты-жөнін атамауды өтініп сұхбат берген мекеме қызметкері осындай бір шетін әңгіменің шетін шығарып отыр. Әлгі адамның айтуына қарағанда, лауызымды қызмет иелері киетін киімнің ортақ нұсқасы заң аясында бектіліп, қабылданатын көрінеді. Агенттік тілшісімен сыр бөліскен шенеунік Тәуелсіздік күніне дейін бірыңғай үлгідегі киімдерді киіп үлгеретін шығармыз депті.

Жөн-ақ. «Жөн-ақ» болғанда бұл талап қызмет орнына «барын киіп, бақанын қолына ұстап» баратын сәнқой мырзалар мен ханымдарға ұнай қояр ма екен? Қай бір жылы есімізде, Елбасының өзі «астаналықтар Астана жұрты екендігін танытып, дұрыс киініп жүруі керек» деген сөзді айтып еді, шенді-шекпенді әйел шенеуніктер Елордадағы қымбат салондарды қара шыбындай қаптап барып, басып қалған. Ал, содан жарыс басталсын... Тіпті, Бакыт Сыздыкова дейтін депутат тотайлардың есіргені соншалық – емшекқаптарының көлемі мен бағасын айтып мақтанған-ды. Сыздыковалардың сықпытын білетін саудагерлер бұндайда аянып қалсын ба, емешекқаптардың нарқын сол кезде еңіретіп отырып 70-80 мың теңгеге дейін көтеріп сатқан болатын. Емшекқаптың бағасы әлгіндей болған соң көйлек-көншектің құны құнан-байталдың бәсінен де асып кеткен. Сөйтіп, алқымы іскен астаналық тотайлар бір тойлап қалып еді. Саясаттағы әлем-жәлем (гламурный) еркетер де хаялдардан қалмай есіріп баққан. Енді міне, көрмейсіз бе, енеңді ұрайын «единый форма» деген бірдеңе шығып жатыр. Бұл «единый форма» дегеннің кеуде тұсы – ақ, төмен жағы – қара болатын көрінеді. Түсінікті етіп айтсақ, ақ костюм, қара шалбар...көк галстук. Лауазымы жоғары шенеунік киетін киімінің де «лауазымы» жоғары болуы мүмкін екен. «Жоғары болғанда» қандай? Әзірге белгісіз. Әйтсе де шенділердің бірыңғай «шекпен» киетіні анық.

Мына жаңалықты ести салып «Жадо» деген атпен танымал дизайнер-модльер Жадыра Сахиева  білекті түріп тастап іске кіріскелі отырған көрінеді. Құралай Нұрқаділова да бұл науқаннан, сірә, құр қала қоймас...

Дегенменде айта кетелік, шенеуніктердің бірыңғай киім үлгісі ХХ ғасырға дейін Батыс елдерінде, Ресейде де болған. Қазір білуімізше, бір түсті, бірыңғай формада Қытайдың, Солтүстік Кореяның шенеуніктері киінеді.

Abai.kz    

9 пікір 728 рет оқылды Қосылған: 15.11.16
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 15/11/2016 - 16:08

    Кім Шен Ын шырақтың чучхесіндегі тігіншілерге "заказ" беріп, "қадірлі" шөпкетышарларымыз френч киіп жүретін болса, "военный коммунизмге" тезірек жететін боламыз.

    • #2
    • sag'yz
    • сс, 15/11/2016 - 16:16

    Кебіндерін емес, бастарындағы май басқан миын ауыстыру керек. Операция қаражатын өз қалталарынан бөлсін. Хотя…Мазақстан болып қала береміз.

    • #3
    • Ауғаннан келген
    • сс, 15/11/2016 - 16:54

    Ееее, бір шенеунік дұрыс ақша жасайын деп ойлап тапқан идея ғой бұл.

    • #4
    • Ақтөбе
    • сс, 15/11/2016 - 18:24

    Министрді ауылдың әкімімен шатастырмас үшін,погонды да енгізу керек сияқты

    • #5
    • Мақсұт
    • сс, 15/11/2016 - 18:55

    Бұл сірә жалған ақпарат болар. Егер рас бола қалса -тақияңды аспанға атып қуанатын жаңалық екен! Елге әбден жексұрын болған жемқорларды, алаяқ арамтамақтарды, қазына ұрлаушылар мен парақорларды, бюрократтар мен пасықтарды елден ерекшелеп, шеттетудің бұдан асқан амалы болмас.
    Кезінде арабтар мен аралас-құралас, қоңсы қонып өмір сүрген еврейлер алыс-беріс, сауда саттық істерінде мұсылмандарды алдап кете берген екен. Сонан бір Халифаның тұсында әмірші еврейлерге мойындарына ақ пен қара араласқан жіп тағып жүруді бұйырады. Мұсылмандар енді ала жіп таққандармен абайлап сауда жасасқан екен. Галстуктің шығу тарихы осылай болса керек...Кейіннен, әрине екі жіпті әсемдеп галстукке айналдырғандардың мәртебелері өсе беріп, бар байлықты солар иемдене бастағасын осы бір әдет сәнге, әлдебір артықшылықтың белгісіне айналып кетті. Мына біздің шенеуніктердің де" шекпендері" сән -салтанатқа айналам дегенше олардан абай бола жүруге мүмкіндік тиер.

    • #6
    • Мақсұтқа күлегеш
    • сс, 15/11/2016 - 20:34

    Мынаны жазған аптыр анау Сыздықова ханымды қаттырақ сипаттапты, соның кеуде киімін басына тақия етіп кигендей жазады. Жазатын ештеңе қалмаған соң әйтеуір бір нәрсеге қадалу керек қой. Ай, заманай, жазғыштар да жайылып кетіпті. Сыздықовада не шаруасы бар екен?

    • #7
    • Жай халық өкілі
    • сс, 15/11/2016 - 20:40

    Дресс- код импорт емес, отандық киім болса құптаймыз. Жеңіл өнеркәсіп дамыр еді.

    • #8
    • Төре
    • сн, 16/11/2016 - 8:37

    Академик М. Жұрынұлы қайда кетті? Іздеу саламыз? Қап-ай, бекер алып тастадыңыздар... Сондай жолмен "жалған атақ-аброй" жинаған, казірде жинамақшы ойлары бар "алдыңғы қатарлы" ғалымдарымыздың бетін ашар еді? Қап! Әттеген-ай!

    • #9
    • тигинши
    • сн, 16/11/2016 - 10:17

    кидирсе кидрсин шенеуниктерге менен бир отиниш калтасы жок болса оте дурыс болар еди ?

Пікір қосу

  • 8 + 17 =

Вход