Өз сөзім...

ЕЛБАСЫҒА АШЫҚ ХАТ. ҮШ ҰСЫНЫС

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев мырза!

Армысыз халқымыздың қадірлі азаматы, Нұреке?!

Ең әуелі замандас ретінде, жаратушы бір Алладан деніңізге саулық  тілеймін. «Мың өліп, мың  тірілсе де» салмақты да сабырлы, аңқау қалпынан танбаған жұртымыздың келешегі мен Тәуелсіздігіне жауап берер аманатыңыздың  аса  ауыр екені әмбеге аян! Зымыраған уақыта да тоқтау жоқ. Міне, ширек ғасыр, яғни 25 жыл өте шығыпты.

Бұл жолы Сізге мемлекетіміздің келешегі үшін ауадай қажет 3 түрлі мәселені ұсына отырып, ақылдасқанды жөн санадым ;

Бірінші, - біздер ондаған жылдар бойы айтып келе жатқан « ...Іленің суы азайып, Балқаштың тартылып»  бара жатқанына қатысты ұсыныс?!

Алатаудың Алматы жағындағы бетінде үлкенді-кішілі 800-ге тарта көл бар. Міне осы көлдердің зәмзәмдай таза сулары жаз бойы буланып аспанға ұшып жоқ болуда?!. Осыны ғылыми зерттей отырып, пайдаланудың жолын  тапсақ... Қытайға да, қырғызға да жалынышты болмас едік. Ол үшін осы көлдерді 1-1,5 метр тереңдіктен Алматының үстінен ағып жатқан сегіз өзенге қоссақ, біріншіден жылда қауіптенетін селден құтылар едік. Екіншіден,  Алматы маңынан жасанды 8 көл жасап, балық пен орман  шаруашылығын  дамытуға жол ашылар еді. Үшіншіден, тартылу қаупі төнген Балқаштың суын молайтар едік. Бұл жайында былтыр Алматының жас әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болып айтқан едім...

Ал Жетісудағы  43 өзенді қосу арқылы Балқашты теңізге айналдырып, бүкіл Қазақстанның экологиясын түрлендірудің қажеттігін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа БАҚ арқылы хабарлағанмын. Осы идеяны өзіңізге жеткізуді жөн көрдім...

Екінші ұсыныс. Сіздің айтқан: «2020 жылы Қазақстан азаматтарының 90%-ы  мемлекеттік тілде сөйлейді» деген тұжырымды іске асыру механизімін ұсынамын. Ол үшін биыл дайындалып, 2017-ші жылдың қыркүйегінен бастап енгізілетін Білім реформасын өзгертіп, мемлекет қаржыландырып, отырған бүкіл мектептердің 1-ші сыныптарынан бастап барлық пәндерді түгелдей мемлекеттік тілде жүргізу керек. Сонда, өзіңіз айтқан «Қазақстан халқының бірлігі - қазақ тілінде» деген ұлағатты сөз іс жүзінде жүзеге аса бастайды.

Үшінші ұсыныс. Мен ұсынып жүрген «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімін» мемлекеттік деңгейде Өзіңіздің басшылығыңызбен қолданысқа енгізуіміз қажет. Бұл ілімнің пайдасының дәлелі – осы технологиямен өмірге келген республикамыздағы 2 000-ға тарта бүлдіршін бола алады. Өзіңізге жақсы таныс  бала Жамбыл – осы ілімнің жемісі. Егер мүмкіндік болса, өзіңіздің қабылдауыңызда болып, бұл жайында толық мағұлымат берер едім...

Ел-жұртымызға қажет осы ұсыныстарды жолдаушы  жазушы-ғалым, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, академик Совет-Хан  Ғаббасұлы деп білерсіз.

Abai.kz

 

102 пікір 2673 рет оқылды Қосылған: 16.11.16
    • #1
    • Оқырман
    • сн, 16/11/2016 - 9:17

    Екінші ұсыныс өтіп кететін болса мен жынысымды өзгертемін.

    • #2
    • Үндеу
    • сн, 16/11/2016 - 9:21

    Ә ә бұл әлi ұсыныс ай тып жатқан мақала ,екен ғой,онда ештеңе демей ақ қойайын

    • #3
    • Ұстаз-ана
    • сн, 16/11/2016 - 9:25

    Педагогика және медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» атты кітабының (Алматы, 2012 ж.) маңызы ұшан-теңіз. Онда тәні қалыптасып, жан кірген балаға рухани тәрбие беруді құрсақтан бастау керек деген өте құнды ой айтылған. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің ұтымды мүмкіндігін жіберіп алмай, төрт айдан былай қарай (жан кіргеннен бастап) жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесін бастау қажеттігі туралы ойларын ғалым халықтық педагогикамен байланыстыра, ғылыми тұрғыдан дәйектеп, тәжірибемен ұштастыра дәлелдеген. Ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, бабалар салған сара жолдың қасиетін санасына сіңіру қай кездегіден де зәру, өткір, кезек күттірмейтін міндет болып тұрған қазіргі сәтте осы құнды еңбекті кәдеге асырсақ, ұтарымыз көп.

    • #4
    • АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫ.
    • сн, 16/11/2016 - 9:26

    Елбасына ұсынылған, мынау 3-ұсыныс та ғажап екен ?!.. Отаны мен Елін ойлаған - нағыз азаматтың Кемеңгерлік ұсынысы десе болады. Жалпы Совет-Хан ғұламаның барлық жазғандары мен пікірлерінде шынайы ғалымның ойлары айтылады. Мұндай ұсыныстар Еліміздің ырысы ғой. Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы - Сіздің бұл ұсыныстарды терең түсініп шешім қабылдайтыныңызға сенеміз де күтеміз...

    • #5
    • нариман
    • сн, 16/11/2016 - 9:31

    Советхан ағамыздың ұсынысы актуальды және өте ұғынықты берілген екен. Көп сөйлемей, дәл де тұқетерін айтыпты, несі бар, қолдауға тұрарлық ұсыныс. Барлығына қарсы шыға берсек, ештеңені ұтпаймыз!!!!

    • #6
    • Арғын Бейсенғали
    • сн, 16/11/2016 - 9:41

    Советхан ағамыз айтудай ақ айтып жүр-ау ұрпақ тіл мәселесін. Діттеген жеріне жетпей ме қолдау таппай келеді.Жалғыздың шаңы шықпас деген тағы бар .Жазушылар одағы бір кісідей ұсыныс жасаса бір өзгеріс болуы ғажап емес.

    • #7
    • Cерікбай
    • сн, 16/11/2016 - 10:02

    Советхан ағамыз ұсынысын ел болып қолдау керек.Барлық БАҚ құралдарына ұсыныс жасайық.Мен петицияға қол қоюға дайынмиын.

    • #8
    • Мақаншы қазағы
    • сн, 16/11/2016 - 10:07

    Советхан аға, ұсынысыңыз өте орынды. Егер соны еститін құлақ болса. Далаға кете ме деп қорқамын есіл сөзіңіз. Албастының ойы сәпсім басқада ғой деймін.

    • #9
    • ГЕК
    • сн, 16/11/2016 - 10:20

    Елбасыға емес, Елбасына! Бұл не деген қаптап кеткен сауатсыздық. Қазақ тілінің үндестік заңын білмейсіңдер ме? Елбасы-ға емес! Елбасы-на! Абай кз осымен 3-4 рет осындай қатені жолықтырдым. Түзесеңдерші....

    • #10
    • шал
    • сн, 16/11/2016 - 10:21

    Елбасымыз жәйлі жазғанда трольдар шыға келетін еді. С. Ғаббасұлыныңда трольдары бар екен ғой.

    • #11
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 16/11/2016 - 10:22

    # 1, Оқырман !
    Жынысыңды өзгертіп әлектенбей-ақ қой !
    Үндістанда хиджра (гермафродит, бисексуал, кастрат, трансвестит, гомосексуал) жынысты тап бар, соларға қосыл. Сонда "мужской", "женский" "родтан" бөлек "третий род" болып жүресің.

    • #12
    • Боранбай Ғалиев.Атыраудан.
    • сн, 16/11/2016 - 10:23

    Советхан аға! Бәрі дұрыс, қолдаймын. Тек Арал мен Жайықты ұмытып кеткеніңіз дұрыс болмады.

    • #13
    • ТАҚУА
    • сн, 16/11/2016 - 11:25

    Жақсыға да, жаманға да мүшелерін ала жүгіретіндерден шаршадық. Ұятсыздықтың да шегі болмай ма?.. Осындай келелі мәселеге айтар ойың болмаса, тыныш жатыңдаршы, өтініш. Үлкен де, кіші де оқитын айдынға мүшелеріңді тықпаламай...

    • #14
    • Дәуір Жақан
    • сн, 16/11/2016 - 11:49

    Дұрыс-ақ! Алайда ескеріледі, іске асырылуына жол ашылады дей алмаймын. Мысалы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие бола алмай келе жатқанына 25 жыл, оның қате екенін айту, жазу басталғалы да 25 жыл. Осыдан үш жыл бұрын жарияланған ресми бағдарламада бұл мәселені "асықпай реттеу" тағы 10 жылға созылды емес пе? Президент біресе: қазақ тілін қадірлеп сөйлей қалады, біресе: Қазақстанда ешбір тілге басымдылық берілмесін дейді. Жақында ғана шет елдердің біразын аралап келді, ал ол елдердің бәрінде де орыс тілінде сөйледі, - сонда Ресейдің губерниясымыз ба? 25 жыл бойында ресми халықаралық тілдерді меңгерген тілмәш даярлай алмадық па? Намыс қайда? Қазақ мүддесіне орай қандай мәселе болсын, ол қазақы намыс негізінде ғана оң шешім таппақ. Көпшікті неше қабат етіп төсесең де, бөксесі жылынбайтындардан қайыр болмайды.

    • #15
    • Итбай Шортбай
    • сн, 16/11/2016 - 12:07

    http://www.altyn-orda.kz/est-li-v-kazahstane-separatizm-i-kak-s-nim-borotsya/

    • #16
    • ел
    • сн, 16/11/2016 - 12:37

    14-ші кісі өте жақсы пікір жазады анық-шындықты жазады.Аға жазар көбейсін,негізі тіл жанашырлары ұйым болып нақты іспен айналысу керек,əйтпесе мына үкіметтен қайран жоқ.-қандай нақты іс десе-мысалыавтобус, теміржол əуе жол бəрінің қазақшасын тексерсе жетісіне 2рет.дүкен ,киоск кітап сататындарды т.б.кəсіпорындарды да.

    • #17
    • тТт
    • сн, 16/11/2016 - 12:43

    Мына түрімен өтпейді.Тек осы ұсыныстар орындалуы үшін соавторлыққа адам қоссаңдар да бейілмін десе ғана іс алға жылжуы мүмкін.Осынша істі жүзеге асырып өздері шетте қалу оларға оңай дейсіңдер ма.

    • #18
    • Айаулы арман
    • сн, 16/11/2016 - 12:44

    алдымен Қазақ тіліне қажетсіз Ё,ъ,ц,щ,э,я,ь,ю таңбаларын әліпбиімізден алып тастауды талап ету керек. жалпы үлкен ауымды жаңалық енгізбей жұртты ойату қиын .

    • #19
    • Ауыл мұғалімі
    • сн, 16/11/2016 - 12:47

    4- ұсыныс.Мұғалімнің жалақысын көтеріңіз

    • #20
    • Жанашыр
    • сн, 16/11/2016 - 12:49

    Бұл мәселені шешудің ең оңай жолы мемлекеттік тілді құрметтемейтін, метілді силамайтын, метілді білмейтін басшыларды ауыстыруды бастау қажет. Сонда олар тез үйренетін болады.

    • #21
    • Тағы бір жанашыр
    • сн, 16/11/2016 - 12:52

    Тек қана мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындарды емес, барлық мемтілде ойлай алмайтындарды ауыстыру қажет.

    • #22
    • пионерский
    • сн, 16/11/2016 - 13:06

    Екінші ұсыныспен сізді кіргізбес қабылдауына, ақиқаты осы.

    • #23
    • Төре
    • сн, 16/11/2016 - 13:08

    "Ел-жұртымызға қажет осы ұсыныстарды жолдаушы жазушы-ғалым, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы". Тағыда бірнеше ғылым саласының докторы болсаңызда, Сізді тыңдамайды!

    • #24
    • Айаулы Германиа
    • сн, 16/11/2016 - 13:13

    Мәселен бұл ұсыныста Я бес , Э мен Ц бір рет қолданылса, басақа таңбалар мүлдем қолданылмапты . Сонда қолдану жлігі аз аталмыш таңбалармен әліпбиімізді ауырлатып не керек ?

    халықаралық және орыс тілінен енген сөздерді орыс тілінің ережесі бойынша қолдануға неге мәжбүр болдық?

    • #25
    • Раушан
    • сн, 16/11/2016 - 13:28

    Айтқан шешімдері жақсы екен. Елбасы назардан тыс қалдырмайды деп үміттенемін.

    • #26
    • Марал
    • сн, 16/11/2016 - 13:30

    Біздің жастардың арасындағы орысша сөйлесең "крутойсың" деген жалған ұстанымды құрту үшін, алдымен, тіл мәселелсін жолға қойғаны қуантады.

    • #27
    • Жандос
    • сн, 16/11/2016 - 13:32

    Осы латын әліпбиіне көшу туралы тақырып не болды? Сол қызық болып тұр.

    • #28
    • Айзат
    • сн, 16/11/2016 - 13:58

    Ұсынысыңыз дұрыс қой. Бірақ, бұлардың барлығы айтылып, талқыланып жүрген мәселелер емес пе?

    • #29
    • Жанат
    • сн, 16/11/2016 - 14:04

    Ұлт үшін алаңдағаныңызға рақмет, әрине. Бірақ, бұл мәселелердің барлығы өз кезегінде талқыланып, ендігі шешімін тапқалы жатыр деп есептеймін.

    • #30
    • Айжан
    • сн, 16/11/2016 - 14:05

    Бірінші ұсынысыңыз өте орынды. Қолдаймын

    • #31
    • Ақмарал Эржанкызы
    • сн, 16/11/2016 - 14:09

    Өңір басшысы орын алған мəселеге жіті назар аударып, тікелей бақылауына алғаны қуантады. Жұрттың сенімі ақталып, барлық жағдайдың тұрақталарына сенімім мол! Себебі, "Жаңа су шаруашылығы" бағдарламасы қабылданбақшы, бұл тек бір жағдайды емес, ауқымды тың істердің бастамасы болары анық. Тиісті жерде тиісті жұмыстарды атқару үшін қажетті техникалар қамтамасыз етілген, гидротехникалық шаралар ұйымдастырылып, экожүйені құтқару жұмыстары да барынша іске асып жатыр.

    • #32
    • Сандугаш
    • сн, 16/11/2016 - 14:09

    "Қазақ тілі, қазақ тілі" деп жылай беруді қою керек секілді. Уақыт өткен сайын қазақ тілінің мерейі өсіп келеді. Бұрындары қалай еді? Астанаға алғаш келген жылдары орыстардан көз сүрінетін, қазақша сөйлейтін адамдар таппайтынсың. Қазір бәрі басқаша. Уақыт өткен сайын бәрі реттеліп келеді ғой

    • #33
    • Рукиям
    • сн, 16/11/2016 - 14:14

    100 пайыз қосылам.

    • #34
    • Акмарал Эржанкызы
    • сн, 16/11/2016 - 14:17

    Тіл мəселесіне байланысты ұсыныс жақсы екен. Дегенмен, бүгінгі күні тіліміздің жанашыры көп, жастарымыз да тілді жетік меңгеріп, нағыз патриот азаматтар болып келеді. Қуантарлық жағдай! Дегенмен, арнайы тіл мəселесіне əлі де қосымша бағдарламалар керек шығар...

    • #35
    • Кымбат
    • сн, 16/11/2016 - 14:17

    Ұсыныстарыңыз өте орынды деп ойлаймын. Ел қамын ойлап жүргеніңізге мын алғыс. Ал бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бақылауымен жұмыстар атқарылып жатыр. Қалған мәселелер қолға алынады деген сенімдеміз

    • #36
    • Арайлым Жастар саясатының нұсқаушысы
    • сн, 16/11/2016 - 14:18

    Екінші ұсынысқа келісемін егер Қазақстанда тұратын əрбір азамат өзінің қазақ тілінде сөйлейтін болса онда еліміз одан əрі дами түсер еді.

    • #37
    • Шал
    • сн, 16/11/2016 - 14:20

    10 шыга менин атымды жамылмаи.
    дедушка болып шыксаншы.

    • #38
    • Ойшиева Азиза Ратбековна
    • сн, 16/11/2016 - 14:25

    Ұсыныстарыныз өте орынды. Енді осы ұсынысыныз қараусыз қалмасын.

    • #39
    • Рауан
    • сн, 16/11/2016 - 14:27

    2 усынысыныз маган катты унады

    • #40
    • Молдир
    • сн, 16/11/2016 - 14:31

    Барлык усыныстар орынды. Дегенмен, ис жузинде жузеге асырганын кутемиз деп карап отырмай, жастар, баримиз атсалысуымыз керек.

    • #41
    • Кенжегараева Ақбота
    • сн, 16/11/2016 - 14:36

    Тіл тағдыры-ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпаған жөн. Әр бір адам өз ана-тілін білуге және қастерлеуге міндетті.

    • #42
    • Мейржан
    • сн, 16/11/2016 - 14:38

    Аталған ұсыныстар толықтай көңілге қонымды. Алдағы уақыттарда дереу жүзеге асырылып,ел көңілінен шығатын орасан зор шаруалар атқарылатынына кəміл сенеміз!!!

    • #43
    • АқМарал
    • сн, 16/11/2016 - 14:38

    Осы ұсыныстарды қолдаймыз деп қарап отырмай, жастар барлығымыз қолымыздан келгенше осы ұсыныстарды жүзеге асыруға ат салысайық...

    • #44
    • Кенжеханова Ляззат
    • сн, 16/11/2016 - 14:40

    Мен академик Совет-Хан Ғабасұлымен толыктай келискелисем. Ұш усынысыда дұрыс деген ойдамын.

    • #45
    • Асель Садыкова
    • сн, 16/11/2016 - 14:43

    Агамыздын уш усынысыда бизге тиер пайдасы мол деп ойлаймын,казак тилин енгизу биздин ултымызга да халкымызгада тиер пайдасы зор,мен осы пикирлерге косылам

    • #46
    • Пернеш
    • сн, 16/11/2016 - 14:43

    Айталған ұсыныстарды жіте тексеріп, жақ жақты мамандармен жұмыс асай отырып іске асырса құба-құп.

    • #47
    • майжан
    • сн, 16/11/2016 - 14:44

    бұл ұсыныс қазақ жерінің еліне деген ашық ой пікірі,маған бұл ұсынысы толық қолдаймын,

    • #48
    • Жұмақан Гүлдана
    • сн, 16/11/2016 - 14:45

    Ұсыныстардың барлығының өз мағынасы, өз орны бар жақсы айтылған. Алдағы уақытта осы ұсыныстардың орындалуына бәріміз өз үлестерімізді аянбай қосуымыз керек. Қазақстан Республикасының дамуы және оны дамытуға үлес қосу бәріміздің парызымыз!

    • #49
    • Азамат
    • сн, 16/11/2016 - 14:46

    Комментарийлерді қарап отырсам Ақмарал, Мөлдір сынды ханымдар жақсы айтып кетіпті: біреу айтты деп қарап отырмай бәріміз атсалысайық, бірлесіп атқарайық деп. Мен толығымен қосыламын және кез-келген істе қолдауға дайынмын.

    • #50
    • Айдана
    • сн, 16/11/2016 - 14:46

    Осы аталған ұсыныстардың үшеуі дн орынды, ел көңілінен шығатын, еліміздің дамуына үлес қосатын шаруалар атқарылады деп сенеміз!

    • #51
    • Иманбаеа Индира
    • сн, 16/11/2016 - 14:49

    Усыныстарыныз оте орынды!Қай тілде сөйлесең,Сол тілде ойлайсың. Қай тілде ойласаң, Сол тілдің жанашырысың.

    • #52
    • Айгерім Петрқызы
    • сн, 16/11/2016 - 14:50

    Совет-Хан Ғаббасұлының Елбасына жазған ашық хатындағы ұсыныстар өте орынды, Қазақстандықтарға жасалып жатқан жақсылықтар деген ойдамыз.

    • #53
    • Қожабекова Қарлығаш
    • сн, 16/11/2016 - 14:51

    Бірінші ұсынысыңыз өте орынды және халқымыздың қауіпсіздігі үшін тиімді болар еді.

    • #54
    • Сержан
    • сн, 16/11/2016 - 14:53

    Ассалаумагалайкум! Арма казак!мына усыныс колдау тауып ыске асса нур устыне нур болатын, казак елы ушинде суракка жауап болар еди! Быз сызды колдаймыз ага!

    • #55
    • Бахадур
    • сн, 16/11/2016 - 14:55

    Советхан ағамыздың ұсынысы өте дұрыс екен біз Тәуелсіз елдің жалындаған жастары бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып қолдасақ шешілмейтін түйін жоқ деп ойлаймын!!!

    • #56
    • ASEL
    • сн, 16/11/2016 - 14:56

    БҰЛ ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ. ЖАСТАР СІЗДІ ҚОЛДАЙДЫ.

    • #57
    • Абдильданов Алмат
    • сн, 16/11/2016 - 14:58

    Биринши жане екинши усынысты колдаймын!казирги кездеги тил маселеси киын жане казак тилинде сойлесетиндердин азайуы намыска тиеди!казак елинин болашагы казак тилин дамытуда!Осындай усыныстар кобейе берсин!казак ели жасасын!!!

    • #58
    • Арман Кулжасбаев
    • сн, 16/11/2016 - 15:09

    Совет-хан ага сиздин айтканынызга толыктай косыламын.Мемлекетимизге пайдасы бар осындай усынысынызга катты ризамын.Озиниздей акыл косар агаларымыз кобейе берсин.

    • #59
    • Тоғжан Қанатқызы
    • сн, 16/11/2016 - 15:11

    Ұсыныс өте орынды. Ал,бірінші мәселе бойынша Алматы облыс әкімінің Амандық Ғаббасұлының басқаруымен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны сөзсіз. Тіл мəселесі де орынды қозғалған.Тəуелсіз Қазақстанымызда Елбасына жолданған Ұсыныс орындалатынына сенемін.

    • #60
    • Данияр
    • сн, 16/11/2016 - 15:19

    Аталған үш ұсынысты қолдаймын үшеуіде өте орынды! Болашақта еліміздің, тіліміздің дамуына пайдасы тиеріне сенемін.

    • #61
    • Сәкен Төлеуұлы
    • сн, 16/11/2016 - 15:20

    Үш ұсыныс авторы - белгілі жазушы, ғалым. Жазушыны силай білуге қатысты мына мысалды аңдаңыздар:
    "Жазушылардың көп қаламақы алатыны КСРО Қаржы министрі Арсений Зверевке жақпайды. Бір күні Сталинге сол туралы мәлімдеме жазып жібереді. Сталин оны шақыртып алып, жанына отырғызып:
    -Бізде миллионер-жазушылар бар, ә? Сұмдық қой, жолдас Зверев! –депті.
    -Иә, жолдас Сталин, сұмдық!
    Сталин оған мәлімдемесін қайтарып береді. Оның шекесіне: «Жолдас Зверев, бізде миллионер-жазушының аз екені «сұмдық». Жазушы – ұлттың жады. Егер ол жарымқұрсақ болса, не жазып жарытады?» деп бұрыштама соғыпты (Н. Хохлов. "Сталин күлкісі"). Сәкең - рухани жарымқұрсақ болып жүрген көп қаламгерлердің бірі, ал енді оның хатына президент не деп бұрыштама соғар екен, "отырайын он аймен" күтелік.

    • #62
    • Мария Арынқызы
    • сн, 16/11/2016 - 15:26

    Ұсыныс өте орынды. Сыз сияқты елінін ,жерінін қамын ойлайтын ағаларымыз аман болсын. Ұсынысыныз орындалатынына сенемін.

    • #63
    • назым
    • сн, 16/11/2016 - 15:27

    осы ұсыныстарды қолдаймын.Жастар қолымыздан келгенше осы ұсыныстардың жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосайық.

    • #64
    • Арай
    • сн, 16/11/2016 - 15:29

    Құрметті Советхан аға! Ұсынысыңызды қолдаймыз! Үш мәселе де өте орынды қозғалған.Аса қадірлі Елбасымызға жолданған бұл Ұсыныстардың орындалуына сөзсіз сенемін! Тәуелсіз Қазақ еліне үлес қосу әрқайсымыздың парызымыз!

    • #65
    • Толғанай Абенова нұсқаушы
    • сн, 16/11/2016 - 15:30

    Екінші мәселе бойынша қазіргі таңда тіл мәселесі өте манызды, Мемлекеттік тілді оқып-үйрену - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының басты міндеті.Ұсыныстарынызды қолдаймыз.

    • #66
    • Мусабаланова Инкар
    • сн, 16/11/2016 - 15:36

    Сіз мемлекетіміздің келешегі үшін ауадай қажет 3 түрлі мәселені ұсынып отырғаныңыз оте қолайлы.

    • #67
    • Гүлжан
    • сн, 16/11/2016 - 15:44

    Ұсынысыңыз өте орынды деп есептеймін!!Әсіресе 2-ші ұсынысыңыз!Тіл мәселесі-ұлт мәселесі! Айтылған мәселенің өз шешімдерін тауып, халыққа пайдасы тиетініне сенемін!!

    • #68
    • Ельдар
    • сн, 16/11/2016 - 15:58

    #56сн, 16/11/2016 - 14:56

    БҰЛ ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ. ЖАСТАР СІЗДІ ҚОЛДАЙДЫ.

    • #69
    • Жандос Мадыұлы
    • сн, 16/11/2016 - 16:20

    Әрине сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Менің өз пікірім, бірінші ұсыныс тиімді деп ойлаймын. Себебі, табиғатымызды қорғау әр қазақстандықтың борышы деп есептеймін.

    • #70
    • Құсни Берікқызы
    • сн, 16/11/2016 - 16:30

    Ұсынысыңызды толықтай қолдаймыз. Сіз сияқты ел қамын ойлап, игі бастамалардың басшысы болып жүрген азаматтың ұсынысын жастар бірінші кезекте қолдайды. Сіздей азаматтарымыз аман болсын.

    • #71
    • Азиза Маратовна
    • сн, 16/11/2016 - 16:34

    Сіздің ұсынысыңызды толықтай қолдаймын

    • #72
    • Даулет Айбынұлы
    • сн, 16/11/2016 - 16:38

    Сіздің ұсынысыңызды жастар болып толықтай қолдаймыз.

    • #73
    • Бекен Гаухар нұсқаушы
    • сн, 16/11/2016 - 16:48

    Керемет ұсыныстар,қолдауға тұрарлық ұсыныстар!!!
    Болашағымыз жарқын,арманымыз биік болу үшін жасалынып жатқан істер болмақ...

    • #74
    • Тілек Болатұлы
    • сн, 16/11/2016 - 16:57

    Ұсынысыңыз орынды және тиімді деп есептеймін. Себебі, табиғат - Отан Ана, қазақ тілі - Ана Тіліміз, мен толықтай қолдаймын.

    • #75
    • Айболат
    • сн, 16/11/2016 - 17:03

    Совет-Хан Ғаббасұлы! Сіздің екінші ұсынысыңызды орындау қиындау
    шығар, мүмкін "Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әр маман мемлекеттік тілді білуі шарт"- деген ұсыныс айтсаңыз қалай болады?!

    • #76
    • Қазақ үні
    • сн, 16/11/2016 - 17:10

    Аса Құрметті де, Қадірлі Совет-Хан Аға! Сіздің, Халқымыздың болашағы үшін жасаған кешелі-бүгінгі ұсыныстарыңыз бен ғалым есебіндегі еңбектеріңіз ұшан теңіз! Бірақ, бұл жолы да "әлдеқалай болады, кім біледі, оқып қалар, назар аударып қалар??" деген АСЫЛ ҮМІТІҢІЗБЕН жазып отырғаныңызды жан-тәнімізбен сезінеміз, Аға! Бірақ, "баяғы жартас, сол жартас", ештеңе өзгермейді! Менің ойымша, бұл "жартас" жермен жексен болып, үйіндіні түгел күресінге ысырып тасталғанда ғана ҰЛТ МҮДДЕСІ АЛҒА ШЫҒУЫ МҮМКІН!

    • #77
    • Ақмарал
    • сн, 16/11/2016 - 17:14

    Ұсынысынызды жастар қолдайды деп ойлаймын. Осы айтылған ұсыныстар Елбасына жетсе тіпті керемет болушы еді. Біз сізді қолдаймыз. Өте орынды айтылған ұсыныстар

    • #78
    • Ақмарал
    • сн, 16/11/2016 - 17:14

    Ұсынысынызды жастар қолдайды деп ойлаймын. Осы айтылған ұсыныстар Елбасына жетсе тіпті керемет болушы еді. Біз сізді қолдаймыз. Өте орынды айтылған ұсыныстар

    • #79
    • Улбосын
    • сн, 16/11/2016 - 17:26

    3 айтылган пикирлеринизде орынды жазылган!Биз Сизди колдаймыз,жазган усыныстарыныз елимизге шынымен кажет Деп ойлаймын!Елбасымызда усынысынызды жауапсыз калдырмайды Деп умиттенемиз!Сиздей ел камына аландаган азаматтарымыз коп болсын!

    • #80
    • Эльмира
    • сн, 16/11/2016 - 17:38

    Совет-Хан Ғаббасұлы! Сіздің ұсыныстарыңыз орынды. Сізідің ұсынысыңызды өз басым қолдаймын! Осы игі істеріңіздің орындалуына тілектеспін!

    • #81
    • қазақбай
    • сн, 16/11/2016 - 17:41

    Соңғы ұсынысы дұрыс. Ал алғашқы ек ұсыныс нақты өмірден алшақ, тек өз қарабасының ғана қамын ойлайтын адамның ұсынысы. Қоғамнан, нақты қалыптасқан ахуалдан не аттап, не баса көктеп, не таптап өтіп кете алмайсың. Сондықтан алғашқы екі ұсынысты орындау қоғамды келеңсіздікке ұшыратады, орындаудың басқа тиімді жолын іздеу керек.

    • #82
    • Акнур
    • сн, 16/11/2016 - 17:56

    Оте орынды усыныстар! Биз Жастар сизди колдаймыз)))

    • #83
    • Темірғали Серік Темірханұлы
    • сн, 16/11/2016 - 18:06

    Сіздің Ұсынысыңызды Қазақ жастары Қолдайды деп ойлаймын, осы Ұсыныстарды сіз естісеңіз тіпті керемет болар еді! Өз басым сізді Қолдаймын! Сіз сияқты Ел Қамын ойлап ел қорғап жүрген ардақты кісілер аман болсын!

    • #84
    • Сарсенбаева Айгерим
    • сн, 16/11/2016 - 18:11

    Ұсыныстарыңызды толығымен қолдаймын!Елдің, жердің қамын ойлайтын азаматтардың саны артсын! Жүзеге ассын деп тілеймін!

    • #85
    • Шоқан
    • сн, 16/11/2016 - 18:16

    Өте жақсы ұсыныстар, көпшіліктін қолдауына ие болып, өз жалғасын табады деп сенемін. Бұл ұсыныстар жузеге асса, керемет болады.

    • #86
    • Ермек Калиев
    • сн, 16/11/2016 - 19:44

    Усынысынызды толыгымен колдаймын! Жазган усынысыныз Елбасынын алдына жетсе деген тiлектемiз!

    • #87
    • Мақсұт
    • сн, 16/11/2016 - 21:15

    Түсіне алмай отырғаным, Сов. Ғаббасов -паразидент болып кеткен бе?! Осынша "қолдаушылары" мен "ойлаушылары" бар, Елбастыға жалынып керегі не, барша жұртты жұмылдырып өзі -ақ атқара алады ғой...

    • #88
    • Қасымбек
    • сн, 16/11/2016 - 21:17

    Қазақтың сөйлегіш,ұсынғыш,хатжазғыш ,ақымақ болатыны осы мақалдан ақ белгілі болды,еңбек етпей атақ даңқы допинг дауы сияақты атағы сай емес адамекен әр адам шуламай маңырамай жұмыс істесін.

    • #89
    • Қасымбек
    • сн, 16/11/2016 - 21:19

    Мақсұт нүкте қойдың!!!

    • #90
    • Германиалық айу
    • сн, 16/11/2016 - 21:40

    Е, Назарбайевқа жалынышты болып қалғанымыз ай.

    Осымен бұл әңгімені доғарайық, қалдырған пікіріміз жүзге де жетіп соңы құйыртпақ болып ,енді қоқысқа жіберейік шаң басып жатсын . болдыыы

    • #91
    • https://www.youtube.com/watch?v=L5FPZeYPRgw
    • сн, 16/11/2016 - 22:22

    https://www.youtube.com/watch?v=L5FPZeYPRgw

    • #92
    • Мақсұтқа
    • сн, 16/11/2016 - 22:47

    Осында №81 қазақбай мен сіздің ғана пікіріңіз еркін, біліктілікпен жазылған. Қалғандары тролльдар, немесе жағдайды түсінбей қазақбайшылықпен қосыла шулаушылар.

    • #93
    • Естіген құлақта жазық жоқ
    • бн, 17/11/2016 - 0:23

    Бос армандамай- ақ қойыңдар, Нұрекеңе соңғы жылдары қазақ ұлтының тағдырына қатысты еш ұсыныс жетпейтін болған. Білетіндер үлкен кісі толық ақпарттық изоляцияда отыр дейді, тек Елбасын мақтаған материалдарды ғана оқуға ұсынады екен. Жас келген соң адамның алғырлығы әлсіреп, сыни мәселелерге бас қатырғысы келмейді. Бірдеме өзгерткілерің келсе қазақ ұлтының партиясын төменнен құраңдар, әйтпесе қалғанын бәрі бос сөз....

    • #94
    • Амина
    • бн, 17/11/2016 - 6:28

    Ұсынысыңыздың бәрі орынды екен.

    • #95
    • ИНЖЕНЕР
    • бн, 17/11/2016 - 10:01


    Ұлы жаңалық ! Шүйінші ! Ғұлама Совет-Хан атамыз, бірінші ҰСЫНЫСЫН былтырғы жылы Алматы қаласының әкімі Бауыржанға Ұсыныс еткенін айтты ғой. Міне быйылғы өткен жазда... Тау бөктеріндегі екі КӨЛДЕН СЕЛ ҚАУПЫ төнген болатын. Осы екі көлдің суын КІШІ АЛМАТЫ өзеніне қосқандықтан... Тамыз айының аяғынан бастап ... осы өзеннің суы 5-еседен аса ұлғайғанын... ТЕРЕҢКУРДЕ серуендейтін адамдар түгедей көріп таңырқаған еді. Мінеки, аяаулы Совнет-Хан ақсақалымыздың І-ші ұсынысы іске де аса бастағанын қуанышпен хабарлаймын. Ал егер Жетісудың барлық ӨЗЕНДЕРІНЕ ... көл суы жалғастырылса - ІЛЕ ӨЗЕНІ - дарияға айналып - БАЛХАШ КӨЛІ - теңізге айналатынын айтқан ғұлама ақсақалымыздың сөзі шындыққа айналады. АЯАУЛЫ ЖҰРТЫМ - ШҮЙІНШІ !!!...

    • #96
    • Саулет
    • бн, 17/11/2016 - 10:39

    Дегенмен барлығын біржақты қарамау керек. Барлығы да жәймен болатын дүниелер секілді бұлар.

    • #97
    • Советхан ағама!
    • бн, 17/11/2016 - 11:46

    Аралда отырған алты үй емеспіз, капитан Кук қашан келер екен деп теңізге телмірген... Ұлы континенттің ұршығында шыр айналып тұрған мекеніміз, алып елдермен ірге тірескен шекарамыз бар... Қазақтың қамын бір адам ойласа Елбасындай-ақ ойласын! Аз жылда бір ғасырға татыр өзгерістер болды, көргіміз келмейді... Неге? Жетісудың жерін қиқалап қолдан дария жасауға көнер ме екен басқалар?...Экологияның "есі шығып" кетсе қайтеміз?... Бәрі қазақ тілінде сайрасын дейтін ұсыныс айтылғалы "алпыс" жыл болды. Советхан аға, айтыңызшы: қалай, қандай күшпен, қандай қуатпен?... Елбасы айтпады ма - "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" - деп, ымға түсінбеген дымға түсінбейді болып жүрген өзіміз ғой Сәке... 10 миллион қазақтан "бала Жамбыл" жасау деген қай фантазия? Арада Ж.Верн фантастикасы іске асқандай уақыт керек екенін біліп-ақ отырсыз.... Тағдырымыз солай болды! Заманы түлкі болса тазы боп шалар парасат пен мәңгілік ғұмыр берсін елімізге. Өзіміз мықты болсақ бәрі де келед орнына... Айтқыш ініңіз Асқар Жүмаділдаев айтпақшы: бүгінгі заманға "дала академиялары" емес, компьютер басты қазақ керек! Айтуға оңайдың астарын түсінесіз деп сенемін. Кім не десе о десін, қазақ елінің бүгінгі биігінің күйін де, иін де икемдеп, қасқыр заманға қасқайып қарап отырған бір жалғызымыз - НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ! Ал, сол жалғызымызды нақты іспен, өркенді өнер, өрелі қимылмен демеуге тиісті біз қайдамыз?! Тек ақыл айтып отыратын замана көші тым алысқа, алысқа кетті, құрметті Сәке... Сәлеммен ініңіз - Құрманұлы Қ.

    • #98
    • И-И-И...
    • бн, 17/11/2016 - 12:36

    СӨЗДІ ДЕ ... ПІКІРДІ ДЕ ... ТҮСІНЕ АЛМАҒАН - "ҚҰРМАНҰЛЫ Қ" - ЕСАЛАҢСЫҢ БА ?..

    • #99
    • БАҒЫС
    • бн, 17/11/2016 - 14:08

    ХАН ҒАББАС! НАЗАРБАЕВҚА МЫҢ МИЛЛИОН АШЫҚ ХАТ
    ЖАЗЫЛДЫ.ӘБДІЛДИН, ҚАЖЫГЕЛДИН ЖЫЛЫНА ТӨРТ БЕС
    ТАЛДАУ МАҚАЛАЛАР ЖАЗДЫ. №№ ЖЫЛДА ҚАНШ ХАТ БОЛАДЫ
    БІРЕУІНЕ ЖАУАП БЕРІП "МЫНАУЫҢ ӨТІРІК" ДЕЙ АЛМАДЫ.
    БҰЛ АДАМНАН НЕ ҮМІТ, НЕ ҚАЙЫР? ХАЛҚЫҢЫЗҒА, ҰРПАҚҚА
    ЖАНЫҢЫЗ АШЫП ЖАЗАСЫЗ. ҚҰЛАҒЫ КЕРЕҢ БОЛЫП ЕСТІМЕЙДІ, КӨЗІ СОҚЫР БОЛЫП КӨРМЕЙДІ. САРТАЕВ "ЕҢБЕК.
    ЕРІН" ДӘМЕТІП, ТОҚСАНҒА КЕЛГЕНДЕ ТОҢҚАЙЫП АЯҒЫНА
    ЖЫҒЫЛЫП МАҚАЛА ЖАЗАДЫ. СОРЛЫЛЫҚ ҚОЙ. ЖАРАСПАЙДЫ

    • #100
    • Динара
    • бн, 17/11/2016 - 15:51

    Сіздің айтканынызга толыгымен келисемин. Елимизде осындай улт жанды азаматтар кобирек болса нур устине нур болар еди деп ойлаймын....

    • #101
    • Данышпан
    • жм, 18/11/2016 - 11:11

    Ағаның ұсыныстары өте орынды екен. Оны қолға алса, шынымен де дұрыс болар ма еді. Ғалымдарды осы мәселелерді зерттеуге жұмылдырған жөн...

    • #102
    • Манан
    • жб, 20/11/2016 - 8:46

    Аға! Дұрыс айтады. Айта беру керек. "Жыламаған балаға анасы да, сүтін бермейді" деп қазақ бекер айтпаған.

Пікір қосу

  • 3 + 20 =

Вход