Болған оқиға

ЭКСПО-2017-НІҢ КӨПІРІ ҚҰЛАП ҚАЛДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аймағындағы ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Құрылысы толық аяқталып үлгермеген ғимараттың қирап қалғанын көресткен бейне жазба әлеуметтік желілерге тарап үлгерген.

Tengrinews.kz порталының мәліметіне сүйенсек, «ЭКСПО-2017» аумағында екі ғимараттың арасын жалғайтын көпір конструкциясы құлап қалыпты.

Осыдан кейін ЭКСПО-2017-нің баспасөз хатшысы дереу сұхбат беріп, мәселенің мән жайын түсіндіріп бақты.

«Негізгі ғимараттарға еш зақым келген жоқ, тек павильондарды бір-бірімен жалғайтын көпір құлап қалды. Бұл оқиға қарашаның 16-сы күні болды. Себебін білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group салып жатқан. Олар өздері жөндеуі тиіс»,-дейді  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Сергей Куянов.

Куяновтың сөзіне сенсек, «ЭКСПО-2017» аумағындағы Айдын Рақымбаевтың меншігіне тиесілі құрылыс компаниясы жауапты көпірдің құлауы негізгі жұмыстарға тосқауыл болмайды.

Ал шығын көлемі туралы нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, жұрт болып жылу жинап салып жатқан көрме ғимаратының құлауына не себеп болғаны да айтылмаған. Бұл туралы алдағы уақытта кеңірек тоқталатын боламыз.

Abai.kz

35 пікір 1382 рет оқылды Қосылған: 16.11.16
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 16/11/2016 - 16:48

    Көрменің қонақтары ол көпірден жүре бастағанда қирағанда не болар еді ?
    Әлі де Құдай абырой берген екен !

    • #2
    • жəй ҚАЗАҚ
    • сн, 16/11/2016 - 17:22

    Осы шаруғаа бекер кірісткі, бай Елдер алмай бізге итере салдған тастанды. Оның үстіне "Жалғыз мал тапқыш" Мұнай анау, қалт-құлт еткен тенге мынау. Бедел іздеп жүріп, артымыз ашылып қалмасын.

    • #3
    • Зейнеткер
    • сн, 16/11/2016 - 17:27

    Оыс ғой енді

    • #4
    • ырымшыл
    • сн, 16/11/2016 - 18:21

    шопырлардын коз жасы болуыда мумкин,алде ермагаев каргап жатырмекен?

    • #5
    • Қорқақ қазақ
    • сн, 16/11/2016 - 18:34

    Апыр-ай, алдағы жаздың үш айынан аман-сау өтсек жарар еді-ау! Апыл-құпыл асығыс салынған ғимараттарымыз шетелдіктердің төбесіне құлап жатса, масқараның көкесі сол емес пе? Осыны ойлап, ұйқы мен күлкіден қалдым...

    • #6
    • фемида
    • сн, 16/11/2016 - 18:59

    Ермегияевтен бастап бәрін соттау керек, Қазақтың абыройін дүние жүзіне қарабет қылды. Айты атпады,ЭКСПО ашылған күні құлап жатса не болмақ. Шетелдіктің басына түссе бүткіл Қазақстанның байлығын
    берсеңде моральный ущербтен құтыла алмассың

    • #7
    • Ерсін
    • сн, 16/11/2016 - 19:21

    Қаншама қаржы рәсуә болды!!!!!!!!! Есимов историк ол құрылыстан хабары жоқ маман басқару керек еді.

    • #8
    • түсінген оқушы
    • сн, 16/11/2016 - 19:49

    Білікті мамандардың жоқтығы тағы көрінді.

    • #9
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 16/11/2016 - 20:09

    *** Ауыл шаруашылығын механизациялау факультетін бітірген, "Ленинский" совхозының директоры болған Есімовтің архитектурадан не хабары бар ?

    *** Сол қираған көпірге қанша бетон, қанша цемент пен құм керектігін есептей ала ма ?

    *** Архитектордың жобасы мен құрылыс жүргізіп жатқан компанияның жұмысын түсіне ме ?

    *** Әлде көсекеңнің немере інісі болған шалдың бәрі сегіз қырлы, бір сырлы "джигит" болып кете ме ?

    "ШЫМШЫҚ СОЙСА ДА, ҚАСАП СОЙСЫН" !

    • #10
    • Абай бекер айтпаған
    • сн, 16/11/2016 - 20:58

    Өсек, ӨТІРІК, МАҚТАНШАҚ,
    ЕРІНШЕК, БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚ, – Бес дұшпаның, білсеңіз.
    **

    Билікке енді "ем қонбайды" (ақыл қонбайды).

    • #11
    • Керманиалық айу
    • сн, 16/11/2016 - 21:26

    Осы ЕКСПО да тоздырып болды ғой , кешегі Азиа қысқы жарысынан не ұттық ақшаны желге шашып.

    • #12
    • Өкініш
    • сн, 16/11/2016 - 21:34

    Масқара күнде бір масқара жағдай боп жатады,то министр біреуді зорламақ болған, то белгілі актер ақша ұрлапты, енді мынау ай қазақтар ай, әбден ауызды ұрдыңдар ау

    • #13
    • Мақсұт
    • сн, 16/11/2016 - 21:37

    № 1 ші сандырақ.

    ЭКСПО -құлайды,
    Халқы қаламағандықтан.
    Халқы жылайды,
    Ақысын ала алмағандықтан.
    Осыларды бағып тұрған,
    Қайтейін -Құдайда кең.
    Биліктің, Елді зарықтырған,
    Төбесіне құламай ма екен?!

    • #14
    • Қазақ
    • сн, 16/11/2016 - 22:58

    Қайтейін-ай! Күлерімізді де, жыларымызды да білмейміз. Қонақтардың төбесіне құламай, құдайдың бізге абырой беріп, ертерек құлағаны дұрыс болған да. Басқа не дерміз.

    • #15
    • Сыр қазағы
    • сн, 16/11/2016 - 22:59

    Осы Қыр қазағы деген қайда жоғалып кетті? Президентке сұрақ қойдым, президент әкімшілігіндегілер баяғы сылдыр жауаптарымен шығарып салды, кейін жария етермін деп жазғанынан кейін ұшты күйлі жоғалып кетті ғой.

    • #16
    • sag'yz
    • сн, 16/11/2016 - 22:59

    ПЕСОК-2017

    • #17
    • Тентек
    • сн, 16/11/2016 - 23:05

    бари корди Маскара болдык енди келмейт оларын Ол тугул менде аяк баспас едим сол жакка олетин жагдайым жок нахрен

    • #18
    • Есенғалиға
    • сн, 16/11/2016 - 23:06

    Сен осы сайттың асыранды ма, жоқ жалдамалы ма айқайлаушысы, боқтампазы екенің жазғандарыңнан белгілі. Басқалар болса ендігі барсакелмеске айдатып жіберер еді сен сияқты боқтағаны үшін. Сен абай кз-нің еркесісің. Сондада Есімовте не жұмысың бар? Ол сол жерге кеше ғана барған адам ғой. Ол қызмет істеді, өсті, сен сияқты баяғы бояу езуші, ұран, плакат жазушы, әлі күнге сол болып қалған жоқ қой. Құрылыс бітсін, сонан кейін сына. Саған бәрібір, осы сайтта геморройдан бастап фурункул, алтын, нанотехнология, урология, проктология - бәрінен маман болғансып күйсейсің, оның да жөні, орны бар ғой. Анау бір Ербол деген өзің бе, досың ба, сен сияқты жыныс мүшесін әйгілеп қоятынның айтағына еріп, онан сайын көсіліп кетесің. Әр нәрсенің мөлшері, дозасы бар ғой, сонан асып кетпеуді де ойлансайшы.

    • #19
    • Мынау алып қосары жоқ дұрыс сөздер екен:
    • сн, 16/11/2016 - 23:09

    *** Ауыл шаруашылығын механизациялау факультетін бітірген, "Ленинский" совхозының директоры болған Есімовтің архитектурадан не хабары бар ?

    *** Сол қираған көпірге қанша бетон, қанша цемент пен құм керектігін есептей ала ма ?

    *** Архитектордың жобасы мен құрылыс жүргізіп жатқан компанияның жұмысын түсіне ме ?

    *** Әлде көсекеңнің немере інісі болған шалдың бәрі сегіз қырлы, бір сырлы "джигит" болып кете ме ?

    "ШЫМШЫҚ СОЙСА ДА, ҚАСАП СОЙСЫН" !

    • #20
    • #15 Сыр қазағына Күрішбек
    • сн, 16/11/2016 - 23:12

    Қыр қазағы түгілі жыныс мүшесін әрі бері лақтырып, же дейтін Есенғалида жоғалып кетуі ғажап емес. Кейінгі заң күшіне енеді ғой.

    • #21
    • қараша
    • бн, 17/11/2016 - 0:12

    уақытында құлады. дұрыс болды

    • #22
    • төтенше жағдай.хабарлайды.
    • бн, 17/11/2016 - 0:47

    Көп оттамаңыздаршы.Ол әлiде құламасына кiм кепiл?...Уақытында дейдi басқалары қай уақытта құлайды.?...
    Мүмкiн мүлдем жауып тастау керек. Оданда сонда дұрыс болады.Барып қалсаңыз Бұл ғимыраттардан алыс жүру керек..Пока бәрi құламай?.

    • #23
    • pikir
    • бн, 17/11/2016 - 6:35

    kotere almagan shoqpar kotke bir basqa bir tiiedi

    • #24
    • Есенғали, Антакиядан
    • бн, 17/11/2016 - 9:35

    # 18 : "Ол сол жерге кеше барған адам ғой. Ол қызмет істеді, өсті..."
    *********************************************************************************************************
    Кеше барған болса, оны біреу зорлап апарып па ?
    Ауыл шаруашылығы маманы архитектор болғанын қайдан көрдің ?
    АРХИТЕКТУРА - ӨНЕР, оған талант керек !
    Архитектура - совхоздың малы мен техникасы емес, оған жастық шабыт пен дарын керек, саясаткерсымақ "ағайным" !
    Қалтаң-құлтаң етіп, енектері салбыраған шалдарға архитектурада орын жоқ. ЕХРО көрмесін салу мен оны өткізу горкомның ғимаратын салып, онда "партсобрание" өткізу емес, бұл - жаһандық құрылыс. Ондай құрылысты басқаруға "қызмет істеп өскен" совхоз директорлары жарамайды.

    • #25
    • Гибадати
    • бн, 17/11/2016 - 13:28

    Егер тисин сынса, даригер киналы болмас билсек. Ал, копирдин кулаганы ешкимнин кинасы емес.материалдын сапасын карандар.Елбасына тил тигизбендер.

    • #26
    • ойшыл
    • бн, 17/11/2016 - 14:38

    Өстіп жүріп 30 елдің қатарына да қосылармыз.

    • #27
    • төлебай
    • бн, 17/11/2016 - 15:22

    үй құлайды, көпір құлайды ешкім жауап бермейді сонда бұлар бөлісіп жеп отырғандар болды ғой. сын айтса бөліспесе онда үстінен іс қозғалады. бұл неткен тойымсыздық 25-жылда әлем елдерінде милиардер болғандар жоқ олар бұлардай ұрлай алмаған болып шығады. сонда да қанағат жоқ не қылған жемірлер көндері кеуіп қалған.

    • #28
    • корипкел
    • бн, 17/11/2016 - 15:26

    26 катырдын нешинши патша келгенде косылар екенбиз ?бир дененге козим жетти футболдан хоккейден чемпионат мир откизетин болсак 30дын ауылы онда алыс болад?

    • #29
    • Мен
    • бн, 17/11/2016 - 16:01

    Көпір емес, имиджіміз тас-талқан болды. Жауапты органдар- атқарушы, қадағалаушы,, бақылаушы орган басшылары түгел жауап беруі керек. Онсыз да судай шашылып жатқан қайран ақша, үйіндінің астында тағы қалды. Берекесіздік, даурықпа-даңғазалық пен жемқорлық өстіп құлатады....

    • #30
    • Бір қазақ
    • бн, 17/11/2016 - 16:03

    ЭКСПО-ның басшы-қосшылары сол кезде неге көпірдің астынан өтіп бара жатпады екен, а? Періште қаққан болуы керек. Періштенің де аузын майлап қояды ғой бұлар...

    • #31
    • 30 ға
    • бн, 17/11/2016 - 16:25

    30 ға.
    Перiште нi ойын көрме.Сасыған ауызыңды қисайтып жiбередi.
    Ашуға тигiзсең көпipciзде қағар.

    • #32
    • отызыншы ел
    • бн, 17/11/2016 - 16:38

    немистер жапондар пысык болады экспога келсе каскаларында апкелсе керек?

    • #33
    • С
    • бн, 17/11/2016 - 16:43

    ЭКСПО халықаралық масштабтағы құрылыс,ал фотодағы көрініп тұрған құрылыс материалдары базарларда өте арзан тұрады. Сонда бюджеттен бөлініп жатқан миллиардтаған теңге қайда кетіп жатыр?

    • #34
    • белгісіз
    • жм, 18/11/2016 - 15:52

    Құдайдан тілейтінім досқа таба, дұшпанға күлкі қылмай аман есен өтіп шарықтауға жетсек үрпақтан ұрпақ мақтанышы болады. Сондықтап толықтай ісімізбен кірісу керек. Өзіміз деп жанымыз ашыса өзіңді ойласаң ақшаға қызықпай берілген қаражатты дұрыс пайдалана білу керек. Ойлан қазақ.

    • #35
    • жанашыр
    • жм, 18/11/2016 - 15:59

    Менің ішім ашып отыр жанашыр адамдар бірлесіп қайтадан салынған жерлерді жаппай тексеру керек ЭКСПО біздің тарихымыз жақсы өтсе қазаққа деген жақсылығымыз соны түсіну керек ағайын. Бірнші өзіме, екінші өзіме үшінші өзіме содан кейін өзгеге осы үстанымды үстайық. Өзім деген елің ағайын.

Пікір қосу

  • 8 + 14 =

Вход