Дей салдым-ау

МЫНА ЗАМАН ҚАЗАҚҚА СЫРТЫН БЕРДІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

Зар жылап та, заманнан қалжырап та,

Кешір, Алла, бет алсам сандыраққа!

Сен кессеңде, тілімді ешбір патша

Кесе алмайды шідерлеп, қарғылап та.

 

Жаз дәуреннің жүргенде сәнін бұзбай,

Арамзадан алданған ару қыздай

Сенімімді жоғалтып жан біткенге,

Мына өмірден түңілген жаным мұздай.

 

Тәнімді асқақ арманның қаны кезген,

Мырзан едім әні де, жаны да өзге.

Өз елімде езіліп, еңсем түсіп,

Бір жан болдым үміттің нәрі безген.

 

Шындық іздеп текке өтіп есіл күнім,

Кесапаттан тілегім кесілді мың.

Мына жердің бетіне келгеннен-ақ,

Жазамды өтеп жүрген жан секілдімін.

 

«Жат жұрт таптап бағымды тұрған гүлдеп,

Қанішер мен қарақшы жырғап жүр тек»,–

Десем, күлед парықсыз пақырларың,

«Зарлауы ғой баяғы Мырзанның»,–деп.

 

Серік қылып жаныма қайғы асырап,

Жыр жазамын өзімше «жайғасып ап»

Мен де өзімше күлемін біреулерге

«Мәз болад,–деп,–тапқанға пайдасымақ».

 

Солар озып, бос сөзің құрысын деп

Кеткенімен, шаруам да жұмысым жоқ

Жұбатпақшы боламын кейде өзімді,

«Біріншінің» сөзінен дұрыс іздеп.

 

Есімде жоқ «уақытпен үндескенім»,

Қадамыма көргем жоқ «гүл де өскенін»,

Ақ періште болсын деп, баламның да

Қаламаймын дәл менше күн кешкенін.

 

Күле бер, жұрт, кеп тұрса күлкің де енді,

Сүйретумен келемін құр сүлдемді

«Есі кірмес, ержетпес ел екен»,–деп,

Мына заман қазаққа сыртын берді.

 

Болмайтынын білсең де жаза жеңіл,

Айтқызбасты айтқызар нала көңіл,

Біз қимайтын ештеңең қалған жоқ-ау,

Кім көрінген кемсіткен мазақ өмір.

 

Біз күткен бақыт бұл емес

Азаттық таңы атқанда

Алдымнан шығып бір елес

Алақан жайып аспанға

Біз күткен бақыт бұл емес.

 

Есті алып ерге қондырып,

Еркіндік деген бір елес

Қолдағы барды қор қылып,

Біз күткен бақыт бұл емес.

 

Жырлап ең еркін болдым деп

Құм-қойма болдың көмейім

Жұрқаны кидім торғын деп

Қатемді кімнен көрейін?!...

 

Жаба алман жанға жаламды

(Қасқа да айтам, досқа айтам)

Әжуалап әулие бабамды

Басыма шықты-ау көп шайтан.

 

Жұлығы жыртық құлыным

Шаттығын іздеп шетелден

Сұмырай болды сұлуым

Көрпесін әркім көтерген.

 

Сөйлесем ата тілімен,

Сөзімді шонжар ұқпайды.

«Колаға» толы күбіден

Шұбаттың исі шықпайды.

 

Аруанам қайып айырдан

Майыма тойып мас бөрі,

Жайлауға доңыз жайылған...

Біз күткен бақыт басқа еді

 

Қараймын оңға, солға да

Осы ма бүкіл келешек!

Біз күткен бақыт сонда да

Дәл мына бақыт емес ед.

Мырзан Кенжебай, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері

Abai.kz

 

 

 

19 пікір 1196 рет оқылды Қосылған: 18.11.16
    • #1
    • намыс
    • жм, 18/11/2016 - 10:23

    Ащы запыран. "Біз күткен бақыт бұл емес". Бәріміздің оймыз осы.

    • #2
    • ӘСЕТ
    • жм, 18/11/2016 - 11:22

    АҚЫНСЫҢ МЫРЗАН АҚЫНСЫҢ,
    АМАНХАН ИТТЕН МЫҚТЫСЫҢ.
    САҒАН БАҚЫТ ТАПҚЫЗБАС,
    "БІРІНШІҢДІ" ҚҰДАЙ БАСҚА ҰРСЫН.

    • #3
    • Жағымпаз
    • жм, 18/11/2016 - 11:25

    Мырзеке, депрессияға түсіп кеткенсіз бе? Еңіреп қоя беріпсіз ғой. "Қазақ халқы дәл осы замандағыдай ешқашан бақытты өмір кешіп көрген жоқ" деп отыр емес пе Елбасымыз. 25 жылда талай-талай жарқын жеңістерге қол жеткіздік. Қарызға белшеден батқанымыз, қазақ тілінің босағада қалғаны, ЭКСПО ғимараты басталмай жатып құлап жатқаны ештеңе емес. Ондай-ондай хан қызында да болады. Сіз "Хабар" мен"Қазақстан" арналарынынң жаңалықтарын ғана көріңіз. КТК. 31 канал дегендерді мүлдем қарамаңыз. "ДАТ" газетін оқымаңыз. Сонда 1 аптадан кейін депрессиядан құтыласыз!

    • #4
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 18/11/2016 - 11:59

    "... Сен кессеңде, тілімді ешбір патша
    Кесе алмайды шідерлеп, қарғылап та".
    **********************************************************************************************************
    Тіліңді кесіп бәлеге қалып неғылсын ?
    Ақын Аронға жапсырғандай 18 жылды жапсырса, Заманбекке ұстатқандай қолыңа пистолет ұстатса, соның өзі жетіп жатқан жоқ па, Мырзан мырза ?
    Байқа, бұл орысқұлдардан бәрін күтуге болады.

    • #5
    • Жанашыр
    • жм, 18/11/2016 - 12:18

    1929 жылы кедей болсада қолындағы бар малынан айырылған атамды 1932 жылы əжем бала шағасымен қоса тыққан алтын күмісін астыққа айырбастап аман алып қалыпты бірақ ,1937 жылы барлық құран кітабын көмуге мəжбүр болған атамыз1938 жылы қүсадан 40 ж жетпей дүниеден озған əжеміз 31жасында бес кішкене баламен жесір қапты əкем баланың үлкені болғандықтан еңбек ету үшін жасын екі жасқа үлкейтіп жаздырып1943 жылы 16 жасында соғысқа аттанған екен.содан 1944жылы жараланып елге қайтыпты.біздің өткеніміз осы еді

    • #6
    • Бейбарыс
    • жм, 18/11/2016 - 12:40

    Біздің елге бәрі қызығады.алда келе жатқан отыз елдің ішіндеміз.
    2030-2050 де қой үстіне боз торғай жұмыртқалайды.күтіңдерш

    • #7
    • Айназия
    • жм, 18/11/2016 - 12:57

    Мырзан Аға -кəзіргі нағыз арлы қазақ.
    кей мəңгүрттер демесін зарлы қазақ
    Айтпаса Аға кім айтар зар-мұңыңды,
    Мəңгүрттермен алысқан жалғыз өзі-ақ.

    • #8
    • Бейбарыс
    • жм, 18/11/2016 - 13:21

    Есақа 2050 жылғы "коммунизмге"сен екеуміз жете алмаспыз.
    мен70 ке алты айда келемін.немерелерімнің болашағы ойландырады.Кәзіргі жастардың болашағы жарқын болғай.
    Ертеде Рим сияқты империялар болған ғой.меніңше мәңгілік
    өзгеріссіз ештеңе де жоқ.Қазақ елі де қуатты мемлекет болар деп сенемін.оптимиспін.д

    • #9
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 18/11/2016 - 14:16

    # 8 !
    Мәссаған, мен "інім" деп жүрсем, ағам болып шықтың ғой ?
    Кешірім өтінемін ? !
    Біздерге 2050 жылы орнайтын "коммунизм" қайда, көсекең мен бала-шаға көре жатар ?

    • #10
    • Аң-таң
    • жм, 18/11/2016 - 16:30

    Осы қит етіп үкіметті біреу сынаса болды жазаға тартылады, "Монитор" газетінің редакторы да қамалыпты. Қылмысы болса дұрыс шығар, жауап берсін. Ал сонда Елбасын көсеуші деп, т.б. атаулармен осы сайтта мазақтап, табалап, елімізді мазақ қылғанда түбін түсіретін боқтампаз, қит етсе ұялмай жыныс мүшесін сабалап лақтыратын Есенғали, Антакиядан дегенге заң жоқ па жауап беретін, әлде биліктің келісіп тағайындаған арандатушысы ма? Кім ол өзі? Біреулер соның арандатуына түсіп қалмасын деген оймен сұраймын.Ал егер ол арандатушы болмаса биліктің кеңдігіне, шыдамдылығына рахмет.

    • #11
    • Бейбарыс
    • жм, 18/11/2016 - 16:35

    Есақа тең теңімен. тезек қабымен деген.анда санда пікір алмасып тұрған жақсы ғой.Қәзіргі жастардың болашағын ойлап.тіпті кейде депрессия боласын.менің жеке өзіме биліктегілердің ешнәрсесі де керек емес.Қалт құлт етіп тиын тебен санап өмір кешіп жатқан
    жанұяларды көргенде қан басқа шығады.Халықтың мұң мұқтажына көңіл бөлсе екен билік.

    • #12
    • Арман
    • жм, 18/11/2016 - 17:29

    Пікір талас, таласта барлығы айтылады. Ананы айтуға болады, мынаны айтуға болмайды. Ауызды андып, киыс кетсе қорқытып- тұншықтыру.
    Алға басуға -пікір талас керек.

    • #13
    • Мақсұт
    • жм, 18/11/2016 - 21:13

    Мырзан! Мына жұбату ұнаса -хабарлас.

    Бізденде ауыр болды ма арғы заман,
    Асан қайғы қайғырып зар жылаған.
    Күлгендерден қорқамын,
    Жылап келіп,
    Жылап кетіп жатады барлық адам.

    Настың емес-бола алсаң ақтың құлы,
    Жаралайды әрине, жаттың тілі.
    Зарлап өткен тағдырдың бірі емес пе,
    Түрікпеннің Мырзаны -Мақтымқұлы?!

    "Зарлауы ғой баяғы Мырзанның -деп,"
    Мың жан ұқпас жаныңды бір жан білмек.
    Ақын күлсе -қайғы, сор сол емес пе,
    Ақын болу бақытсыз -бұл да міндет!

    • #14
    • МАҚСҰТҚА - БАҒЫСТАН
    • сб, 19/11/2016 - 12:19

    БҮГІНГІДЕН АУЫР ЗАМАН БОЛҒАН ЖОҚ,
    АСАН ҚАЙҒЫ КҮҢІРЕНСЕДЕ ҚОБЫЗ БОП.
    КҮЛГЕНДЕРДЕН ҚОРЫҚПА МАҚСҰТ ІНІМ,
    ЖЫЛАҒАННАН ҚОРЫҚ ІНІМ, ДОҢЫЗ БОП.

    СЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЛЫ БОЛ, СПАРТАКТАЙ,
    ТІЛІҢ ҮШІН КҮРЕСІП АХМЕТ, МІРЖАҚЫПТАЙ.
    ЗАРЛАП ӨТПЕЙ МАХТЫМҚҰЛЫ, ТҮРІКПЕНШЕ,
    КӨТЕР БАСТЫІ, ОЯН, МАҚСҰТ БҮК ЖАТПАЙ.

    ЗАРЛАҒАН ЖОҚ, МЫРЗАНЫМ, АМАНХАНДАЙ,
    ЕЛ БҮЛДІРІП, ШАПҚЫЛАП, АЛА ТАЙДАЙ.
    АҚЫН КҮЛСІН БИЛІККЕ - НАДАНДАРҒА,
    СОР ЕМЕС, БАҚ ҚОНАДЫ АТҚАН ТАҢДАЙ

    • #15
    • Мақсұт
    • сб, 19/11/2016 - 12:57

    14. Бағысқа.

    Рахмет Бәке!
    "Өлеңде әркімнің бар таласы" -деп Абай айтқандай, ақын болмасақта "өлеңдетіп" қоятынымыз бар. "...Еркін күліп өспегесін өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі"-дегенде, Мұхаңда арсыз күлкіні айтып отыр ғой. Ал Сіздің тұспалыңыз ащы ыза мен кекесінге толы ақындық асқақ күлкі екенің түсінемін. Бірақ бүгінгі ақиқат -Халық екіге анық бөлінді. Бірі -аз ғана топ, арсыз күлкімен асып, тасқандар! Қатты "Күлкіден" милары ойлану процесін тоқтатқан. Екіншісі -қалың бұқара,бірде күліп, бірде жылап неге жетісіп, неге қуанатынын да түсіне алмай жүргендер. Ал егер түсіне қалса... Аласапыран сонда болады!

    • #16
    • Шал
    • сб, 19/11/2016 - 13:41

    ХАЛЫК ертегиси.бир патша кол астындагы халкын сикырдын комеги мен ылгыи кулип ан сам,бир билеп журе беретин кылып коиыпты .все довольны все смеются.Бул трагедия,ЗОМБИЛЕР.

    • #17
    • Қыр қазағы
    • сб, 19/11/2016 - 13:43

    Мырзан өз өлеңімен ойдағыны дөп басыпты, жарайсыз, нағыз ақындық осындай болар....

    • #18
    • МАҚСҰТҚА - БАҒЫСТАН
    • сб, 19/11/2016 - 16:49

    ИДЕЯҢДЫ ҰРЛАП, ӨЛЕҢІҢДІ КӨШІРІП ЖАЗҒАН АДАМҒА ДА
    РАҚЫМЕТ АЙТАТЫН ҚАНДАЙ КЕШІРІМДІ, КЕҢ АЗАМАТСЫҢ.
    ҰРЫСПАҒАН САҒАН ДА РАҚЫМЕТ.

    • #19
    • Мақсұт
    • сб, 19/11/2016 - 18:19

    18. Бағысқа.
    Мен -Халықпын, немесе Халықтың бір тамшысымын. Халықтың кеңдігінде, көнбістігінде шек жоқ... Оны білесіз ғой!

    17. Қыр қазағы.
    Бармысың бауырым?! Көрінбей кеттің бе, әлде осы сайтқа анда -санда бір кіріп жүріп өзім байқамадым ба -деп ойлап едім. Қазақта мынадай сөз бар: "Балаға өз анасынан асқан жау жоқ, өйткені баласы сәл кешігіп, көрінбей қалса -қайдағы бір қауіп, қатерді, жамандықты бірінші ойлайды"-дейді... Сол сияқты мына Халық та "Қыр қазағы" үлкен бір қызметке ілініп кетті ме --деп "қауіп" қылып еді... "Үлкен қызметтенасқан қауіп жоқ қой бұд күнде.

Пікір қосу

  • 8 + 26 =

Вход