Өз сөзім...

ЖЕЛТОҚСАНШЫ СӘБИРАҒА МЕКТЕП АТЫ БЕРІЛСЕ...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қадірлі Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза!

Сізге хат жазуыма Алматы облысы, Қарасай ауданындағы біраз мектептердің әлі күнге Пушкин, Лермонтов, Белинский, Макоренко, Ушинский, Толстой, Ломоносов деп аталып келе жатқандығы себеп болып отыр. Бірақ, сөйте тұра Желтоқсан көтерілісінің батыры Сабира Мұхамеджанованың атында Қазақстан бойынша әлі күнге бір мектеп те  жоқ екен.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осы мектептердің бірінің атын Сәбира Мұхамеджановаға беріп, өзге оқу орындарының атын қазақ тұлғаларының аттарына ауыстырсаңыздар екен деген тілегім бар.

Қазақта  ұрпаққа үлгі болар тұлғалар көп.

Тәуелсіз ел ұрпағы аталарын құрметтеп өссін деген тілек бұл.

Құрметпен, Айман Сағидулла, «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының мүшесі

Abai.kz

4 пікір 333 рет оқылды Қосылған: 21.11.16
    • #1
    • Бек Төре
    • дн, 21/11/2016 - 10:42

    Айманның айтқаны дұрыс-ақ. Дегенмен, Сәбираның туған жері Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Ақмектеп ауылы ғой. Бірінші кезекте тарбағатайлықтар қозғалғаны дұрыс-ау. Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетов басқаларға үлгі көрсетіп, Жаркентте Ербол мен Ләзатқа орнатты. Шығыстың басшылары Секеңнен үйренгені жөн.

    • #2
    • Шал
    • дн, 21/11/2016 - 10:51

    Еи,торе,тагы да обл.ка руга болинемизбе .ЛЯЗАТКА Алматынын бир мектебин кимаи отырсынба.

    • #3
    • Жұмабай
    • дн, 21/11/2016 - 13:05

    Осы уақыт қа дейiн есiмдерi мектепке берiлмеген бе сонда,ол не деген ?.
    Мейлi қай жерде болсада,қай обылыс болспда Желтоқсан шылар дың есiмдерi берiлу керек ,құрмет ретiнде.

    • #4
    • Көрермен
    • сс, 22/11/2016 - 0:11

    Желтоқсанға арнап неге дұрыс көркем филім түсірмейді, нағыз қазақты тұтастыратың идеялогияға таптырмас тақырып, баяғы орыстар ренжидімен келеді,кезінде кенес өкіметті ақтар мен қызылдар, немістерді жек көрінішті жасау арқылы кенес өкіметінің идеялогиясын қалыптастырды, негізі ұлтын жауы мыналар деп басқаларды жек көрінішті жасау арқылы ұлтты қалыптастырады, тұтастырады,ол барлық жерде солай емеспе?

Пікір қосу

  • 8 + 4 =

Кіру