Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Талқы 3890 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 16:50

ДЕПУТАТТАР ДЕП ЖАТЫР...

Бүгін Парламенттің біріккен отырысында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астананың атауын өзгертуді ұсынғаны туралы жазған едік.

Саясатта Сәбет өкіметінен бері жүрген Сұлтанов Елбасының еңбегін елеп, Елорданы «Назарбаев» қаласы деп өзгертуді ұсынды.

Сөйтіп, Қуаныш мырзаның ұсынысын әріптестері де қолдапты. Тәуелсіздік декларациясын қабылдауға арналған жиын соңы депутат Сұлтановтың ұсынысын қабылдаумен аяқталды. Бұл бастама ел ішінде де қызу талқыға түсуде. Ал депутаттардың өздері не дейді?

Мысалы, мәжілісмен Мәулен Әшімбаев Елорданың атауын өзгерту керек деп отыр.

«Бұл маңызды әрі дұрыс ұсыныс. Ал енді бұл процесс қалай жүзеге асады дегенге келсек, ол жөнінде, әрине, ақылдасу керек. Қоғам өкілдерімен, жұртпен ақылдасу керек»,-дейді Әшімбаев.

Депутат Зағипа Балиева да бұл ұсынысты қолдаушылардың сапынан табылды.

«Меніңше Астананы «Назарбаев» қаласы деп өзгертуге болар еді»,-дейді Балиева ханым.

Естеріңізде болса, Зағипа ханым 2014 жылы Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді ұсынған болатын.

Мәжілістегі тағы бір депутат Павел Казанцев БАҚ-қа сұхбат беріп, әріптестерінің бастамасын толық қолдайтынын айтты.

«Қазіргі мақсат қаланың атауын қалай өзгертеміз деген мәселе. Қаланы қалай өзгерту керек, бұны халық шешуі керек. Ол үшін дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қарсы орайластыру жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл мәселені жыл бойы созып жүре беруге болмайды деп ойлаймын»,-дейді Казанцев мырза.

Көпшілік алдына күнде көріне бермейтін сенатор Михаил Бортникте бұл жолы қарап қалмапты.

«Атауды ойластыру керек. Қиындау, әрине. Дегенмен түсінікті ғой. Мен «Астана-Елбасы» деген атауды қалдырар едім. Әрі әдемі естіледі, әрі лайықты атау болар еді»,-депті Бортник.

Депутат Бақытгүл Хаменова Астананың атауын «Елбасы» деп өзгертуді ұсынған. Сұлтанов «Нұрсұлтан» қаласы деген идеяны айтса, сенатор Владимир Редкокашин Сұлтановтың ұсынысын қолдаған.

"Елордаға Елбасының есімін беру әділ ұсыныс", - дейді депутат Бекболат Тілеухан да.

«Жалпы бұл бірінші рет ұсынылып отырған жоқ. Осы мәселені кезінде Парламент депутаты Сәт Тоқпақбаевтың (2008 жылы Елбасының атымен атауды ұсынған. - Н.Т.) тарапынан көтерілген болатын. Ширек ғасырлық мерекенің қарсаңында бұл бастаманы жеке өз басым қолдаймын. Неге десеңіз, бұл тарихта бар жағдай. Мемлекетті құрған адамның есімімен қаланы атау тәжірибесі бар. Мәселен, Вашингтон қаласы баршаға мәлім. Нұрсұлтан атындағы қаланың болғаны Тәуелсіздіктің символы іспеттес. Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер сияқты. Мені жағынды немесе басқа деп түсінсеңіздер, өздеріңіз біліңіздер, бірақ тарихи көзқараспен және егеменді елдің азаматы ретінде, мұны өте бір әділ ұсыныс деп ойлаймын», - деді депутат.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516