Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Тарих 43798 7 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 10:34

АЛШЫНДАРДЫҢ РУ-ТАЙПАЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ

Жалғасы. Басын мына жерден оқи аласыздар: 

http://abai.kz/post/view?id=11229


Қазақ шежіресі Кіші жүзді үш топқа бөледі- Әлімұлы, Байұлы, Жетіру. Алайда кейбір шежірешілер, айталық, қазақтың әйгілі қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев немесе Кіші жүздің құрамы туралы егжей-тегжейлі шежіре жазған Теңізбай Үсенбаев, осы 3 топтың ортақ атауы Алшын десе, Шәкәрім қажы «Иофшин сөзінде Кіші жүздегі рулар: ең басты елі-алшын. Оған жеті ру деген елдерді атақты Тәуке хан қосқан» дейді. Біздің пікірімізше де Алшындар- Әлімұлы және Байұлы деген топтарға біріккен рулардың одағы,Жетіру оларға кейін қосылған. Оның дәлелін келесі тарауда келтіреміз.

Бұл нұсқаны сызба күйінде былай бейнелеуге болады.

 

 

Әртүрлі –қожалар мен –сиықтарды, асырап алған, адасып кеткен, қыздан туған, іште қалған деген сияқты жинаушылардың қиялынан туған кейіпкерлерді алып тастасақ, 12 ата Байұлы мынадай рулардан тұрады: Адай, Беріш, Шеркеш, Алаша, Байбақты, Таз, Масқар, Ысық, Алтын- Жаппас, Тана, Есентемір, Қызылқұрт. Сол сияқты Әлімұлының құрамын сұрыптасақ мынадай болады: Шекті, Шөмекей, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете.

Сонымен, Алшындардың ру-тайпалық жүйесі сызба күйінде:

Жетіруға келетін  болсақ, оның құрамына  Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Телеу, Жағалбайлы, Рамадан кіреді.

 

АЛШЫНДАР ҚАЙДАН КЕЛДІ?

Жуырда Shejire DNA қызметкерлері  Ғабит Баимбетов, Нұрбол Баймұқанов, Искандер Туремуратов «Гаплогруппа С-М48 [FTDNA: C3c; ISOGG: C2b2] Субклады. Кластеры. Миграционные процессы» деген зерттеулерінде[1] GenographicProjectнұсқасына сілтеме жасап, С-М48 иелерінің таралу картасын көрсетті, қараңыз:

 

Байқасаңыз бұл аймақ Қиыр Шығыс, Сібір өлкесі мен Қазақстанды қамтып жатыр.Аталмыш гаплотоп Батыс Қазақстанда 80 пайызға дейінгі жиілікпен ( картада- ең қошқыл түс) шоғырланған.

Картадан Алшындардың қайдан келгенін көруге болады.

Алшындар Сібірден келді.

Алшындар XIII ғасырда Сібірдің  Алтай-Саян таулы тайгасын мекен етті.

ТАЙГА1.тайга (Сибирдің қалың орманы);  2. ну, қалың [2]

 

Алшындар- орман елі болған

Алшын шежіресінің бастауларының бірі- «Моңғолдың құпия шежіресі». Түркі-моңғол тілдерінің шығу тегінің бірлігін дәлелдеген ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор Базылхан Бұхатұлы былай дейді: 

«...Моңғолдың құпия шежіресі» секілді көне тілдік жазба ескерткіштерді зерттеу маңызды, сол арқылы тілді, тіл тарихын, этнос тарихын, оның этносаяси, этномәдени даму заңдылықтарын, өзгеру, алмасу сынды сан қилы құбылыстарын айқындауға әбден болады. «Моңғолдың құпия шежіресінде» сол замандардағы тарихи болмыс мейілінше шынайы хатталған»[3].

Моңғолдың құпия шежіресінен:

«239- бөлім...Қоян жылы (1207 жыл) Жошыны оң қол қанат әскерлерімен Ой-еркінге (Орман еліне) аттандырды. Бұқа оған жерші болып барды. Ойраттың Құдұқа бегі Түмен Ойраттарын ілестіріп бұрынырақ кіріп келді. Ол келіп Жошыны басқарып Түмен Ойрат жеріне жерші болып Шықшытқа дейін апарды. Жошы Ойрат, Бұрыйат, Барсұн, Ұрсұт, Қабқанас, Қаңқас, Тұбасты бағындырып Түмен Қырғыздарға жаткенде қырғыздың нояндары Еді-ынал, Алдыгер, Өребек-тегін ілесіп бағынып, ақсұңқар, ақбозат, қара бұлғын алып келіп Жошымен кездесті.

 Шібір, Кесдім, Байыт, Тұқас, Теңлек, Төелес, Тас, Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып, қырғыздардың түмендік, мыңдық нояндары мен Орман елінің нояндарын ертіп алып, Шыңғыс қағанға ақсұңқар, ақбозат, қара бұлғындарымен кездестірді. Ойрат Құдұқа бекті алдымен ілесіп бағынып, Ойратты басқарып ертіп келдің деп Шыңғыс қаған сый тарту ретінде оның ұлы Ыналшыға Чечейкенді берді. Алақа бикені Оңғұтқа берді.

Шыңғыс қаған Жошыға сый тарту етіп:

«Ұлдарымның ағасы сен үйден енді ғана шыға сала жолың болып, барған жеріңде ерді де, ат жылқыны жарақаттамай, қинамай, ырысты орман ел-жұртын бағындырып келдің. Осы ел-жұртты саған берейін деді».[4]

(жалғасы бар)

abai.kz


[1]Этногенез казахов: историко-генетический аспект. ShejireDNA. Алматы 2014. ISBN 978-601-06-3036-9

[2]Б. Базылхан.Монгол-казах толь (Моңғол-қазақ сөздігі) Улаанбаатар өлгий.1984 ж., 445-б.

 

[3]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері.1-т.Алматы. Дайк-Пресс, 2005ж.13-б.

[4]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1- том. Алматы. Дайк-Пресс.2005ж. 299-б.

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511