Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3924 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:17

Кентаулықтар несие алып, жерден несібе табуда

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары несiбесiн жерден терiп үйренген ел. Мұнда егiстiк алқабындағы шаруалардың жұмысын айтпағанның өзiнде, есiк алдындағы үйiргелiк жерде орналастырылған жылыжайлардан өнiм алып, қаланы қысы-жазы көкөнiспен қамтып отырған жандар бар. Одан бөлек мал басын көбейтiп, кәсiбiнiң шарапатын көрiп жатқандар да жетерлiк. Жергiлiктi тұрғындар ауылдағы шаруашылықтың дамуын «Яссы-Несие» кредиттiк серiктестiгiнiң жұмысымен байланыстырады. Яғни ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi серiктестiктен егiн және мал шаруашылығы, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен тиiмдi несие алып, несiбесiн арттырып отыр. Солардың бiрi – «Шахнұр» шаруа қожалығының басшысы Уәлихан Асаев.

Шаруа қожалығы 5 жылдан берi жылыжайда қызанақ, қияр, пияз бен лимон өсiруде. Дайын өнiм негiзiнен Кентау қаласының тұрғындарына сатылады. Жылыжай корейлiк үлгiде жасалған. Яғни жабуы үш қабат. Суықта да, аптап ыстықта да iшiнде жүрiп жұмыс iстеуге ыңғайлы. Әрi iшiн жылыту да, салқындату да оңай. Тамшылатып суару технологиясы мен арнайы жылыту қондырғылары орнатылған.

– «Яссы-Несие» кредиттiк серiктестiгi ашылғаннан берi бiрге жұмыс iстеп келемiн. Бүгiнгi күнге дейiн екi-үш рет несие алдым. Бүгiнде 2 миллион теңге қаражатты 5 жылға алып, өз игiлiгiме пайдаланудамын. Несиенiң шаруаларға тиiмдiлiгi көп. Бiр жыл төлемақы төлеуден босатады. Мұның өзi – үлкен жеңiлдiк. Көптеген ауыл тұрғындары «Яссы-Несие» кредиттiк серiктестiгiнiң қызметiн тұтыну арқылы жұмысын жандандырып, жағдайларын жақсартып отыр. Осы игi iстi қолға алған басшылыққа тұрғындар атынан ризашылығымды бiлдiрiп, алғысымды айтамын, – дейдi шаруа қожалығының басшысы Уәлихан Асаев.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505