Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Қоғам 4636 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:34

Мамандандырылған ХҚКО ел уақытын үнемдейді

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы – жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін ұйым.

Мұндай ұйымдардың мақсаты – сыбайлас жемқорлықты азайтып, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру болып табылады. Бірінші МХҚКО 2012 жылғы желтоқсан айында Қарағанды қаласында пилоттық режимде іске қосылған болатын. Жобаны сәтті іске асыру нәтижесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бұл тәжірибені еліміздің барлық ауқымында жүзеге асыруды тапсырды.

Нәтижесінде қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында мамандандырылған орталық «Ашық әкімдік» жобасы аясынды қарқынды жұмыс істеп келеді.

Аталған орталықта бизнес-үдерістерді автоматтандыру, барлық дерекқор базалары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу үшін қажетті барлық кезеңдерді бір кешеннің шегінде біріктіру нәтижесінде осы қызметтерді көрсету орташа есеппен екі сағатқа дейін қысқартылды және азаматтардың тиісті құжатты әзірлеуге жауапты орындаушылармен тікелей байланыс жойылды.

Бүгінде мамандандырылған орталық Шымкенттен өзге  Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында он бір Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Abai.kz 

0 пікір