Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
5712 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 13:47

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ МЕМСЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ!

Биылғы жылғы Әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттары анықталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылғы Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің сапында вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов те бар екен.

Елбасының өзі бекіткен тізімде Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Нұрғалиұлының есімі неге жүр дейтін боларсыз. Иманғали Тасмағамбетов «Мәңгілік Ел» монументі авторларының бірі. Биыл Мемлекеттік сыйлық тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» қаулысы Президенттің сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы «Мәңгілік Ел» монументі үшін авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға берілсін», — делінген құжатта.

Сонымен қатар, мемлекеттік сыйлық «Әй, дүние-ай» романы үшін жазушы Бексұлтан Нұржекеевке; «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін суретші Камиль Муллашевқа беріледі.

«Мәңгілік Ел» монументі Астанада 2011 жылы 16 желтоқсанда ашылған болатын. Оның биіктігі 20 метр, яғни, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының символы саналады.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525