Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3657 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 12:52

Шымкентте 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын 19 автобус берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус  берілді.

Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына табыстаған  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және  жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус оқушылардың тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», - деді аймақ басшысы.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  "Абад ЮГ"   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС арқылы  жүргізіліп отырған болатын.         

Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

Осы күні күрделі жөндеуден өткен  Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты  пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орналасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513