Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 11357 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 12:03

Cерік Дәулетов. ОРМАН ЕЛІНДЕГІ АЛШЫН РУЛАРЫ (жалғасы)

Жалғасы. Өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар: 

http://abai.kz/post/view?id=11229

http://abai.kz/post/view?id=11255


Бұл шежіредегі Шықшыт- орысша Шишкит- қазіргі Ресей мен Моңғолияның шекарасымен ағатын өзен, Енисейдің бастауларының бірі. Ал Шықшыт жақта өмір сүрген тайпалар Ойрат, Бұрыйат, Барсұн, Ұрсұт, Қабқанас, Қаңқас, Тұбас кімдер, олар Орман еліне жата ма, Алшынға қатысы бар ма?

Бурят пен Тува қазір Ресей Федерациясының құрамында екені белгілі, ал барсуд, урсуд, хабханас, хангай рулары - Ішкі Моңғолияда.

Ойратқа келетін болсақ, кейбір ғалымдар «ойрат» сөзін моңғолдың«ой»- орман және «ард» -халық дегенсөздерінен пайда болған, демек, орман халқы деп түсіндіреді.

 XIII – XIV ғғ. өмір сүрген  әйгілі парсы тарихшысы және мемлекет қайраткеріРашид әд-Дин өзінің «Жамиғ ат-тауарих» жылнамалар жинағында ойраттар туралы тарауда «Моңғолдың құпия шежіресінде» аталған ойраттар көсемі Құдұқа бек пен Шыңғысхан әулетінің құда-андалығы туралы егжей-тегжейлі тарқатады. Алайда Рашид әд-Дин ойраттарды орман халқы деп атамаған.

Сібірдің таулы-тайгалы аймақтарында өмір сүрген ойраттар кейінірек Шыңғысханнан жеңіліс тапқан наймандар мен керейіттердің жерлерін иемденді,XIII ғасырдың басында олардың жалпы саны 200 мың болды дейді Черненко Вадим менАрынгазин Ризат.[1]

«Алтын тобчыда» да Ойрат пен Орман елі бөлек аталады. «[Шыңғыс қаған]… қырық түмен Моңғол, төрт түменОйрат, алты мың Үжигет, Оңғұча, Осқи, Барғы, Бұрат, Тоуа, Ұранқан, Ұрұғтан, Қамиған, Егүт, Орман әулеті, Ала жылқылы, Алтын тепшелі ұсақ- түйек ел, Күрең ит елі, Басы жоқ ел, Шұбар жалғыз аяқты ел, Едөн ектен елдерін уысына алып, барыстай ұстап, аюдай жарып, өз дегенімен жүріп, Едөн ектен ұлыстан алым алып, Жамбутиб әлемінде Бұрқанның әмірімен, тәңірдің жебеуімен, қара басты адамның қалыбы бола тұра, осыншама ұлыстың басын біріктіріп, бес түсті ұлы ұлыс, төрт жаттың ессіз бұзақыларына есберіп, Ұлысты құрып, төрді нығайтуға жұмылған сәйт тектілерден түмен нойанын, мыңдық нойанын, ондық нойандарын сайлады».[2]

Қалай дегенде де, Ойраттар мен Алшындардың тарихи векторлары әртүрлі болды. Кезінде дүниені дүр сілкіндірген ойраттардың қазір Ресей, Қытай, Моңғолияда тек жұрнақтары қалды.

Сонымен «Моңғолдардың құпия шежіресінен» жоғарыда келтірілген үзіндідеАлшындар бар ма?

Бар, ол Төелес = Төлестер!

Сенімділігімнің себебі- мен Төлеспін. Атым мен ата-тегімді төменнен жоғары қарай атасам Серік-Тағыберген-Дәулет-Мәмбеталы-Кішкентай-Амалдық-Асан-Бақтыбай-Төлеспін!

Гапплотобым бойынша С3с (М-48) Алшынмын.

13 ғасырда Төлестер Орман елі болған

Төлестердің Орман елі болғаны «Моңғолдардың құпия шежіресінің»мына бір тарауынан да көрінеді:

«Шыңғыс қаған Қорчыға:

 «Бала кезімнен мені жақтап,

         Жорып айтып жөн сілтеп,

         Осы шаққа дейін бірге

  Балшыққа батысып,

 Суыққа сіресіп,

Құт-ырыспен жүрдің сен.

  Қорчы сол кезде  

  Жоруым рас болып орындалып,

Тәңріге жағар болса,

 Отыз әйел алайын деп едің сен.

Ендеше жоруың расталды. Сый тарту етіп осы бағынған ел-жұрттан жақсы әйел, қыздарды таңдап, отыз әйел ал»

деп жарлық етті. Тағы «Қорчы үш мың Бағарынның үстіне Тоқай, Ашық екеуімен бірге Адарғұн, Чынос,Төүлес, Телеңгүт, болып түмен етіп толтырып, Қорчы сен Ертіс өзені бойындағы орман еліне дейінгі жерді биле, сол жерді қорық етіп, орман елін ертіп Қорчы түменді биле»

 деп жарлық етті».[3]

Рашид әд-Дин бойынша мұндағы Бағарын, Адарғұн, Чынос моңғолдың нирун тайпасы, ал Телеңгүт- жалайырға жатады.[4]

Төлестер туралы бірер сөз 

«Верховья реки «Алаш» находятся в 70 верстах на восток от Толесского озера (Телецкое озеро)»[5]

 

Төлес көлі[6]

 «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым,күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып төлес тайпасы оралды».[7]732-жылытасқа басылған осы шежіреден- Орхон өзенінің бойынан табылған Күлтегін  жазуынан-Төлес этникалық есімінің Алшыннан көнерек екені көрініп тұр. 

 

Күлтегін ескерткіші. Хушуу Цайдам.Солтүстік Моңғолия.[8]

«...эта надпись, как исторический документ, имеет первостепенное значение, пополняя довольно скудные китайские известия, относящиеся к эпохе образования нового Турецкого ханства. В последующих строках надписи сказано: «Он- (Ильтерес каган) дал устройство племенам толес и тардуш и назначил тогда же ябгу и шада... Аристов...пишет, что «телес есть имя племени особого от теле», остатками  коего являются нынетеленгиты или телеуты, тогда как телес сохранилось и доныне в том же произношении, в каком оно встречается в орхонских надписях».[9]Қазірде Төлестер Алшынның ішінде мына тайпалардың құрамында бар: 

Әлімұлы – Шекті- Қабақ -Төлес,

Әлімұлы – Қаракесек – Тобыл-Төлес,

Әлімұлы – Шөмекей-Аспан-Төлес.

Төлестер Жетірудың ішінде де бар:

Жетіру – Рамадан – Балғалы-Төлес.

Сонымен бірге төлестерқырғыз, алтай, тыва халықтарының құрамында бар. Төлестердің ізі тіпті Грузияда да(Ақысқа түріктерінің арасында) байқалады.

«Очень много топонимов Грузии, в том числе Ахыске, связано с различными племенами Тюркского каганата. Судя по грузинской топонимике, в VI в. здесь в основном осели племена толос…Известные в источниках с III в. до н.э., они проживали вначале в Центральной Азии, но постепенно в раннем средневековье часть из них оказалась на Кавказе. И именно в их среде впервые в истории возник в V в. Этнонимтюрок (мн.ч. тюркют), ставшее впоследствии единым именем всех тюркских народов мира. В Ахыске имя племени толос отразилось в названии с.Толош (Аспиндзский район)»,[10]дейді Әзірбайжан ғалымы, тарих ғылымдарының кандидаты Ариф Юнусов. 

Саят- үрәңқайлар

Орман елі болған Алшынға Төлестен басқа тағы қандай тайпалар кірген?

19-20ғғ. өмір сүрген орыс ғалымы Г. Грумм-Гржимайло «Моңғолдардың құлия шежіресіндегі» Жошының орман еліне жорығы туралы былай деген:

«В 1207 году Чингис приказал своему старшему сыну Джучи привести к покорности лесные племена, населявшие страну Баргуджи- токум, т. е. Саяны и северные пределы Хангая».[11]

Саян тауларын мекендеген орман халықтары саян(сойон) сөзіне моңғол тілінің заңдылығымен көпше түрде  «–т»  жалғауын жалғау арқылы «Сойот» деп аталған. Нирун моңғолдар оларды кемсітіп «үрәңқай» деген.

УРАНХАЙ жыртық, жыртылған, тозған, айрылған;~ дээл жыртық   шапан;~ ноорхой жыртық тесік, жемтір-жемтір, алба-жұлба.[12]

Үрәңқайлар өздерін туба немесе тыва деп атайды. Оның себебі олар әуелде  Туба өзенінің жағасында тұрған. Содан өсіп-өне келе Саян тауларына тараған. 

 

«Сами себя урянхайцы (сойоты) называют туба. Туба – это дубо китайцев, племя, в VIIнашей эры населявшее Саянское нагорье к западу и востокуот оз. Косогола (Иакинф – «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, 1,2, стр.439,447). Там же помещает их и «Юань-чао-ми-ши» (loc. cit., стр. 131). Но, как мы уже видели,тубинцами считают себя и маторы (самоеды), затем также койбалы (Radloff– «ReisedurchdenAltai», в «Erman’sArchiv»,XXIII, Heft 2, стр. 271) и карагасы (Катанов – «Письма», стр. 26); тубинцами также называют соседние племена и кумандинцев, как и всех вообще бийских татар; от Улалы, пишет Ядринцев («Об алтайцах и черневых татаров» в «Изв. И.Русск. Геогр. Общ.», 1881, XVII, вып. IV, стр.231) до Телецкого озера находится семь волостей черневых татар туба с особым родовым названием для каждой волости;наконец, среди качинцев имеется род туба – остатки племени того же имени, которое русские в 1629 году застали на р. Тубе и которое вскоре затем выселилось на юг, частью на Саяны, частью на Абакан и Уйбат, где и примкнуло к качинским татарам. Этих данных достаточно, чтобы усомниться в правильности присвоения всеми урянхайцами имени туба. В этом случае мы, может быть, сталкиваемся с явлением, аналогичным тому, которое дают нам алашаньские хошоуты, которые, забыв свое происхождение, называют себя öлётами («Мэн-гу-ю-му-цзи», стр. 147), т.е. именем, которое им дают китайцы. С урянхайцами могло произойти нечто подобное. Когда в их среду влились тубалары (маторы и другие части самоедского племени), то племенное название этих последних могло передаться и основному ядру урянхайского народа. Во всяком случае, этот народ представляет в настоящее время довольно сложный конгломерат, и антропология сможет выполнить свою задачу, расчленяя его на слагающие его расовые элементы лишь в том случае, если станет придерживаться пути, указанного К.И. Грощенко». [13] 

Үрәңқайлардың (тува) VII ғасырдағы тұрмыс тіршілігі туралы Қытай дереккөздерінен мағлұмат:

«Дуво олар дубо деп те аталады. Олардың жерінің терістік жағы кіші теңізге (...Байкал көлі болуы мүмкін), күнбатыс жағы цзянькуньге (қырғыздар), оңтүстік жағы хуэйхэге (ұйғырлар) дейін созылып жатады, үш арысқа бөлініп, олардың бәрі өз алдына билік жүргізеді...Үйлерін шөптен тұрғызады, мал өсірмейді, егін еккенді де білмейді,қоныстанған жерінде сарана көп өседі, солардың тамырын қорек етеді. Бұдан тыс балық ұстап және аң, құс аулап тіршілік етеді. Киім-кешектерін бұлғын және бұғы терілерінен тігіп киеді. Кедейлері киімін құс қауырсындарынан тоқып киеді. Құдалыққа байлары жылқы береді, кедейлері бұғы терісі мен шөптің тамырын береді.»[14]

1914 жылы патшалы Ресейдің протектораттығын қабылдаған Үрәңқай өлкесі 1926 жылдан Тува Халық Республикасы, 1944 жылдан Кеңес Одағының құрамындағы Тува автономиялы облысы, 1961 жылдан Тува АССР-ы, 1993 жылдан Республика Тыва деп аталады.Тываның астанасы Қызыл қаласындағы спорт сарайынаүрәңқайдан шыққан даңқты қолбасшы Сүбетейдің аты берілген.

Сүбетей батыр

Сойот–үрәңқайлардың орман елі болғаны туралы Рашид әд-Диннің сөзі:

« Короче говоря, лесныхплемен -- множество, потому что из одной 

[племенной] отрасли у одного брата юрт былвблизи леса, а у другого -- на равнине; происшедшие же от них племена получили два имени.Однако [существует] много различий междуодним лесным племенем и другим, потому что отлеса до леса бывает [расстояние] в месяц пути, вдва месяца или в десять дней…

Племя лесных урянкатов. 

Это племя не принадлежит к другим урянкатам:

они получили это имя потому, что их юрты были в лесах».[15]

Ал төлестерге қайта оралатын болсақ,  Рашидәд-Дин төлестерді де, үрәңқайларды да  моңғолға кейін қосылған халықтар деп есептейді.

 

«Народности, которых в настоящее время называют монголами, однако вначале их название не было таковым, потому что это название появилось спустя некоторое время после них. Каждое ответвление этих народов[разделилось] на множество ветвей и каждое [из них] получило определенное название: джалаир, сунит, татар, меркит, курлаут, тулас, тумат, булагачин, кэрэмучин, урасут, тамгалык, таргут, ойрат, баргут, кори, теленгут, кесутами, урянка, куркан и сукаит».[16]

Орыстың әйгілі этнограф-ғалымы Г. Грумм-Гржимайло өткен ғасырдың басында сойот- үрәңқайлардың  рулық құрамын зерттеген. Оның                  «Западная Монголия и Урянхайский край» деген еңбегінен сол сойот-үрәңқайлардыңарасында Алшындардың

Төлес(Сайын-ноян қосынында, Жадана, Жакөл, Ұлыкем, Темірсұқ, Арторқалық  өзендерінің аңғарында),

Қаракесек(Ойнар сумынында),

Кете (Алаш пен Манжүрек өзендерінің бойында),

Адай(Ақсу өзенінің аңғарында),

Масқар (Урунгу өзенінің жағасында)

сияқты руларының сақталып қалғанын көреміз.[17]

Демек, Алшын -- Төлес және Саят-үрәңқай руларынан құралған Орман елі.

Алшын содан шықты деп отырған саят-үрәңқай тайпаларының құрамында Грумм–Гржимайло бойынша Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Телеу, Жағалбайлы, Рамаданрулары кездеспейді.Сондықтан Жетіру тайпасы Алшынға жатпайды, олар  кейінірек қосылған деген әңгіменің жаны бар.

(жалғасы бар)

abai.kz


[1]Имена в истории Казахстана:правители Джунгарского ханства в 17-18 веках.www.kyrgyz.ru/?page=317

[2]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 2- т.Алматы, Дайк-Пресс.2005 ж. 268-б.

 

[3]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1-т. Алматы, Дайк-Пресс, 2005ж. 264-б.

[4]«Сборник летописей» 1-том.Ленинград. СССР ҒА баспасы.1952 ж. 93-б., 4-бөлім, 2-тарау.

[5] М.Тынышпаев Материалы к истории киргиз-казакского народа Ташкент.1925 ж.54-б.

[9]Г. Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж. 2-том. 282-284 бб.

[10]Ахыскинские турки: Дважды депортированный народ.

www.ahiska-gazeta.com/ru/pages/316.html

[11]Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж. 2-том. 415-416 бб.

[12]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 513-б.

[13]Г. Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж., 3-том. 25-б.

[14]Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 4-т. Синь Тан шу, Хуэйгу (Хуэйхэ) баяны, ауд. Ж. Ошан, Алматы, Дайк-Пресс, 2006-ж, 381 б. 

[15]Сборник летописей. 1-том. Ленинград. СССР ҒА баспасы. 1952 ж. 123-б.

[16]Сборник летописей. 1-том. Ленинград. СССР ҒА баспасы. 1952 ж. 77-б.

[17]Г. Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж. 3-том. 11-19 б.б.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3545