Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2417 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:15

«Парасатты ел» Қазақстанды әлем елдерімен жақындастырмақ

Қазақстанда еліміздің әлемге танымалдылығын арттыру түсу мақсатында «Парасатты ел» арнайы мобильдік қосымшасы әзірленді. Қосымшаның дүние жүзінің кез келген бұрышындағы жан үшін қолжетімді болуы көзделген.

Кез келген жастағы адамға арналған халықаралық зияткерлік викторина түрінде әзірленген қосымша отандастарымыздың әлем елдері туралы білімдерін жетілдіруге, ал шетелдіктерді Қазақстанмен барынша таныстыруға мүмкіндік бермек. Мәселен, қосымшаны Германия тұрғыны өзінің ұялы телефонына жүктеп алса, ол кездейсоқ осы қосымшаны жүктеп алған қазақстандық азаматпен түйісуі мүмкін. Ойында үш тур қарастырылған: бірінші турда – Германиядағы азаматқа Қазақстан туралы, ал қазақстандық азаматқа Германия туралы сұрақтар қойылады.  Ал екінші турда әлемге ортақ жайттарға қатысты сауалдар қойылса, үшінші турда кездейсоқ үшінші бір ел туралы сұрақтар болмақ. Қосымшадағы ойын жеңіске қол жеткізген әрбір адам ұпайлар жинау арқылы өз елінің рейтингін әлемдік зияткерлік деңгейде көтеруге мүмкіндік алатындай етіп құрылған.

«Бұл қосымшаны әзірлеуімізге басқа елдердің халқын Қазақстанның тарихымен, аса құнды көпұлтты мәдениетімен, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімен, еліміздің аса көрікті жерлерімен таныстырсақ деген ниетіміз түрткі болды», - дейді мобильдік қосымшаны әзірлеушілердің бірі Талғат Тайымов.

Аталған қосымша келесі жылдың басында IOS және Android операциялық жүйелерінде көпшілік үшін қолжетімді болмақ. 

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611