Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2590 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 14:08

Құрылыс саласында нысанды қабылдау тәртібінде өзгеріс бола ма?

Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған Қазақстан қысқа мерзім ішінде көптеген игі істерді жүзеге асырып, әлемге танылды. Мысалы, Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Ядролық қарудан бас тартып, әлемде бейбітшілік орнауына өз үлесін қосты. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл әрекетін көптеген мемлекеттер ерлікке балап, ризашылықтарын білдірді. Өткен жылы Біріккен Ұлттар ұйымының жиынында сөз сөйлеп, саяси ахуал қызып тұрған шақта әлемді татулыққа шақырды. Осы арқылы ол Қазақстанның бейбітшілікке ұмтылатын көрсетті. Осындай игі бастамаларды көтеріп жүрген Елбасы «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарын бекітіп, халыққа есеп беретін мемлекет құруға тапсырма берді. Тапсырма ең алғаш Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасымен жүзеге асты. Бұл жоба бойынша, халық әрқшан билікпен байланыса алады. Ешқандай кедергісіз, әкімге сауал жолдап, жауап ала алады. Осыған дейін облыс әкімі өткізген интернет конференцияда Шыңғыс есімді азамат сұрақ қойды.

Сұрақ: Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі! Құрылыс саласындағы нысанды қабылдау тәртібінде өзгеріс бола ма? 

Жауап:Құрметті Шығгыс Әбуов, сұрағыңызға рахмет. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес құрылыс объектілерді пайдалануға қабылдау жүйелері реформаланды. Осы Заң объектілерді комиссия арқылы пайдалануға қабылдауды алып тастады және объектіні пайдалануға қабылдаудың декларациялық әдісі енгізілді, яғни объектілер мемлекеттік органның қатысуынсыз, құрылысқа тапсырыс беруші мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаулармен бірлесіп бекіткен тиісті нысандар бойынша пайдалануға қабылданады. Бұл өзгеріс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505