Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2570 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:54

Уәде орындалды

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам, ақапаратқа қолжетімді қоғам, оңтайландырылыған құжат, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету түрлері... Мұның барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асқан "Ашық әкімдік" жобасына қатысты берілген баға. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Өңірде жаңа қызметтің мүмкіндігін пайдаланып, мәселелерін жоғары билікке жеткізіп отырған азаматтар баршылық. Мәселен  Шымкент қаласы  Темірлан тасжолы №40 үй төрайымы Жанат Мұстафина  билікке мынадай мәселесін жеткізіпті.

Ол өткен жылы Абай ауданында қала орталығындағы үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстары жүргізілгенін айтып, мамандарға алғысын жеткізе отырып,  биыл да бұл іс  жалғасын табады ма деген сауалын жолдаған екен. Мамандар жауап ретінде 2015 жылы Абай ауданы аумағындағы 20 көпқабатты тұрғын үй аулалары жарықтандырылып пайдалануға берілгендігін айтқан. Сонымен қатар осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы Абай ауданы бойынша 60 көпқабатты тұрғын үй аулаларын жарықтандыру көзделген екен.

Оның ішінде Темірлан тасжолы №40 үй ауласы енгізілген. Уәде етілгендей аталған аулалар биыл толығымен жарықтандырылған. Тұрғындар, әсіресе ата-аналар тарапынан бұл игі іске алғыстарын айтуда. Себебі әсіресе қыс айларында мектептен қайтатын ұл-қыздары үшін алаңтайтын ата-аналар енді уайымдамайтын болды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616