Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2083 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:41

Емхана шығындары қысқарады

Халық пен биліктің бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына дәнекер болған «Ашық әкімдік» жобасы алға қойған жоспарларды біртіндеп жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда халықтың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ұлғайып, талап-тілектерін әкімдікке, арнайы орындарға ешқандай кедергісіз онлайн түрде жеткізе алады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Бұл «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде атқарылып жатқан бір ғана шаруа. Сонымен қатар, бұл жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, фронт-офистардан, электронды үкімет арқылы құжаттарын еш қиындықсыз ала алады. Түрлі лауазым иелерінің есептерін дер кезінде тыңдап, мекеме жұмыстарына халықтық бақылау жасай алады.

Жақында «Ашық әкімдік» жобасы бойынша халықтық бақылау жұмысын жеңіледетін «Smart Ontustik» бағдарламасы толықтай іске қосылады. Сонда бұл бағдарлама денсаулық сақтау саласындағы бiрқатар мәселенi шешедi. Бүгiнде таңсәрiден емханаларда кезек күтетiндер қарасы көп. Кейде күнұзақ кезегiн күтiп сол күйi дәрiгерге қарала алмауы да мүмкiн. Ал бұл бағдарлама электронды жазылу арқылы кезек алуға жол ашпақ. Науқастар нақты уақытын белгiлеп, дәрiгер қабылдауына алдын ала жазылып қояды.
Науқастың амбулаторлық картасы да электрондық түрге өзгередi. Дәрiгер бұдан былай картаны қолмен толтырып әуре болмайды. Әрбiр рентген түсiрiлiмдi қайта шығару үшiн 300 теңгеден астам шығын жұмсалады. Бiр аурухананың көлемiнде есептегеннiң өзiнде бұған әжептеуiр қаржы кетедi екен. Қаражатты үнемдеу мақсатында осындай шаралардың барлығы электрондық нұсқаға көшiрiледi.

Оңтүстік өңірінде Елбасы тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып, алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстардың жоспары бекітілді. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596