Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:44

"Ашық әкімдік" жобасы аясында smart технология енгізіледі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды үздік 30-дыққа кіргізер «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарын қабылдаған болатын. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бұл бағдарламаның 94 қадамы «Ашық үкіметті» енгізу керектігі айтылған. Осы арқылы халыққа есеп беретін үкімет құрылады. Қазіргі Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде «Ашық әкімдік» жобасы енгізген еді. Осының артынша облыс әкімі «Транстелеком» АҚ президенті Дәурен Пшембаевпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар Шымкент қаласында «Smartмектеп», «Smartемхана», «Smartкөше жарығы» сынды бірқатар пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге келді. Сонымен қатар алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында смарт-бастамаларды мемлекеттік және жекеменшік әріптестік моделі бойынша іске асыру да қарастырылғанын айта кетуіміз керек.

Осы кездесуден кейін көп ұзамай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Шымкент қаласында «Ашық әкімдік» жобасы аясында жүзеге асырылуы тиіс «Smart City» жобасының таныстырылымы өтті. Денсаулық сақтау саласының қызметтерінен бастап, көлік тұрағын реттеу жайы сынды қала халқының барлық мәселелеріне дейін қамтиды. Айта кетейік, аталған жоба негізінде әлемнің көптеген ірі қалалары жұмыс істейді. ОҚО әкіміне таныстырылған жобада тоғыз бағыт қамтылған. Олар - денсаулық сақтау мен білім, көлік – көлік тұрағы және қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы – көшені жарықтандыру, бірыңғай төлем құжатын ендіру және аталған салада дұрыс шешім қабылдауды үйрену, қауіпсіздік – қала бойынша бейнебақылау орнату, Шымкент қалалық әкімдігінің қызмет көрсету сапасын арттыратын зияткерлік байланыс орталығы сияқты бағдарлар. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Шымкентке «SMART-технологияны» ендірудің артықшылығы сол, ол кезде шаһар жұртшылығының өмір сүру сапасы арта түседі. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттік шығындар азайып, сәйкесінше, кіріс көлемі ұлғаятын болады.

Осылайша, "Ашық әкімдік" жобасының қызмет аясы кеңейіп келеді. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563