Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2358 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:50

Электронды үкімет апостиль қызметін ұсынады

Апостиль қызмет түрін енді «Ашық әкімдік» жобасы аясында ОҚО-ның ХҚКО-да немесеwww.e.gov.kz«электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асырылуда.

«Апостиль» сөзі – құжаттың заңдылығы туралы мәліметтерді толтырудың халықаралық стандартталынған нысаны болып табылады. «Апостиль» мөртаңбасы тек қана мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқаларына қойылады. Апостиль 1961 жылы Гаагс конвенциясында қабылданды. Бұл мөртаңба өзге де құжаттарды растауды немесе құжаттарды заңдастыруды қажет етпейді және барлық мемлекеттің - Конвенция қатысушыларының ресми органы болып табылады.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан және шетелге жіберетін мұрағаттық шығыс құжаттарының көшірмесін және мұрағаттық анықтамаларды апостильге қою» қызметі ақпараттық Комитеті және мұрағаттар Министрлігі көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру:  қызмет берушілер, ХҚКО, немесеwww.e.gov.kz«электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап және портал арқылы 3 жұмыс күн ішінде дайын болады, ал егер ХҚКО арқылы тапсырылса, онда құжаттардың дайындығы 20 күнтізбелік күнге дейін созылады.

ХҚКО-ға жолыққан кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;  нысан бойынша толтырылған өтініш; мұрағаттық анықтама және (немесе) мемлекеттік мұрағат берген ілеспе хатпен, апостиль мөртаңбасы қойылған мемлекеттік мұрағат берген, мұрағаттық құжаттардың көшірмесі; мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат.

Абай ақпарат 

0 пікір