Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2681 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 16:02

Ақпараттық-насихаттық топ Бәйдібек ауданында

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамындағы тапсырманы орындау, яғни ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін «Ашық үкімет» жобасы аясында халыққа мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстарын түсіндіру, насихаттау мақсатында облысымызда бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктерді халыққа түсіндіру.

Жуырда Бәйдібек ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік педагогика институтының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор  Айтай Бахадүр Сатыбалдыұлы келіп, Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 25 жылда елімізде қол жеткен жетістіктерді, оң көрсеткіштерді, оның ішінде облыстағы, аудандағы, елді мекендегі оң өзгерістерді әрбір тұрғынға жеткізу  мақсатында  аудан тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында маңызды тарихи, жалпы мемлекеттік және идеялық мәнге ие екендігін ескере отырып, облыс тұрғындарына мерекелік шаралар ұйымдастыру арқылы жалпыұлттық бірліктің, татулық пен келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық моделін, Мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлін, жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешудегі бастамаларын насихаттау басты назарда болды.

Сонымен қатар, семинарға аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері, мектеп директорлары, аудандық, ауылдық округтердің, елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарды қорытындылай келе, аудан әкімінің орынбасары А.Темір сөз алып,бірінші кезекте Тәуелсіздік жылдары атқарылатын жұмыстарды насихаттауға жан-жақты жұмылуымыз керектігін,  елімізде Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау, түсіндіру, жүзеге асыру жалпы қоғамға жүктелген міндет екенін айтып өтті.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516