Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2358 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 16:04

25 жылдағы жетістіктер семинарда сараланды

Мақтарал ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мақтарал ауданында болып, халықпен кездесіп, семинар өткізді.

Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Семинарға облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, т. ғ. к. Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі Исахан Гүлжаухар Серікқызы , қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері, білім саласының қызметкерлері, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Семинар барысында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы еліміздің егемендік алған 25 жыл ішінде облысымыздың экономикасы қарқынды дамып, оның ішінде индустриялды-инновациялық бағдарламасының белең алып келе жатқанына кеңінен тоқталуда. Сонымен бірге мәдениет, білім, спорт, денсаулық салаларының да көптеген жетістікке жеткенін атап өтіп, халықпен кездесу барысында тәжірбиелерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады.

Бір айта кетері, «Ашық әкімдік» жобасы аясында жергілікті әкімдіктер халыққа кез-келген ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етіп келеді. Облысымызда мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстарын халыққа жеткізу, талап-тілектерін тыңдау, сауалдарына жауап беру шаралары басқа да аудан-қалаларда жүргізілуде.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3557