Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2198 0 пікір 17 Желтоқсан, 2016 сағат 10:41

Арыста әлеуметтік 25 нысан пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Мәселен, жыл басынан бері 2 мектеп, 1 көпір, 1 балабақша мен 1 спорттық нысан ашылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ал, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі күні қалада 25 әлеуметтік нысан ашылып, тұрғындарға пайдалануға ұсынылды.

Атап айтқанда 1 мектеп, 1 ауыз су жүйесі, 2 шағын бақ, 8 балалар ойын алаңшасы мен 13 заманауи спорт алаңшалары халық игілігіне қолданысқа берілді.

Аталған нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, ОҚ облыстық мәслихат депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаевтар қатысып, арыстықтардың қуанышымен бөлісті. Шара барысында жиылған жұртшылыққа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осы тұста арыстықтар Егемендігіміздің тұғырлы болуын тілеп, ширек ғасырда еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегі үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына алғыстарын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір