Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2438 0 пікір 16 Желтоқсан, 2016 сағат 11:08

Шымкент бюджеті Тәуелсіздік жылдарында 110 есеге өсті

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов брифинг берді. Жиында үшінші қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы жөнінде тоқталып,  Шымкенттің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы айтып берді.

Қала басшысының мәліметіне сүйенсек,  экономика саласы бойынша  қала бюджеті 1994 жылғы 1,0 млрд.теңгені құраса, бүгінде 110,0 млрд.теңгеге артқан. Қала экономикасына салынған инвестициялар 459,0 млн.теңгеден 200,0 млрд.теңгеге өскен.

-Егемендігіміздің алғашқы жылдары Шымкентте 400 мың халық болса, қазір 902 мыңнан асты. Қала аумағы 13 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайды. 25 жыл  ішінде 3 965,0 мың шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді, - деді қала әкімі.

Бүгінде Шымкент бизнеске қолайлы қала болып, оның аумағында шағын және орта бизнес есебінен 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, осы салада 136 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. 

Қалада  1991 жылы 72 білім ұясы бар болса, қазір 169 мың оқушысы бар 129 мектеп жұмыс жасайды. Ал, балабақша саны  129 дан 383 ге артып отыр.  

Ал, мәдениет, спорт саласында өсім, даму бар.  1991 жылы қалада 52 мәдениет нысаны болса, қазір 93 нысанға жетті. Алғаш тәуелсіздік алған жылдары Шымкентте  337 спорт нысаны болса, қазір 781-ге жетті. Қалада 4 спорт мектебінің саны 13 ке артты. Тіпті, жуырда №12-ші балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 5 «Street workout» спорт алаңшаларын салынды. Тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында қалада «Shymkent Bike» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 200 волесипедке арналған қаланың 40 жерінен велостанциялар орнатылды. Ел егемендігінің алғашқы жылдары қала көшелерінің жалпы ұзындығы 835,0 шақырым болса, бүгінгі күнде 2811,0 шақырымға (3,3 есе) ұлғайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыстар қолға алынып, қала әкімі аппараты мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаны іске асыру үшін «фронт офис» (бірыңғай кеңсе) құрылды.

Түйіндеп айтқанда, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Шымкент қаласында әлеуметтік жағдай айтарлықтай көтерілді. Мәселен, 2000 жылдардың басында қалада жұмыссыздық деңгейі 17,2 пайыз болса, халық саны 2 есеге өскеніне қарамастан, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап, аталған көрсетіш жыл сайын төмендеп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620