Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3272 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:15

"Оңтүстік жеміс-жидектің фабрикасына айналуы керек"

Елбасы Оңтүстікке жасаған бір жұмыс сапарында облыстың көкөніс пен жеміс-жидек өндіретін нағыз «фабрикаға» айналуға барлық мүмкіндігі бар екендігін атап өткен болатын. Бүгінгі күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шаруаларға "осы мүмкіндікті барынша қолдану үшін бүгінгі күні бау-бақша шаруашылығын дамытуымыз керек»,- деген талап қойып отыр.


Бүгінде жеміс жидек өсіруге ерекше көңіл бөле бастаған Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда. Сондай-ақ, олар мұндағы жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мың тонналық қойманы және тұқым бағында өндірілетін алма мен жүзім көшеттеріне ерекше көңіл бөліп отыр. 

Мәселен Ордабасылық шаруалар биыл 306 гектар жерге жеміс жидек ексе, 81,7 центнер өнім алып, биылғы жиын терімді абыроймен атқарып отыр. Ол аздай барлығы 2500 тонна өнім жинаған. Жалпы Оңтүстіктің табиғаты жеміс-жидек өсіруге өте қолайлы. Сондықтан соңғы кездері Оңтүстіктің кейбір аудандары жеміс жидек өсіруге айрықша ден қоя бастады. Сырты жылтыраған, ішінде дәмі жоқ шекара асып келетін басқа елдің жеміс жидектерінен гөрі елімізде Оңтүстіктің ерекше ыстығында бабымен пісірілген тәтті жеміс жидектерінің маңызы зор болып отыр. Әрине өзімізде өндірілгеннен кейін олардың бағасы да шетел асып келген өнімдерден гөрі әлдеқайда қолжетімді. Сондықтан Оңтүстік өңірдің жеміс жидек өнімдерін өсіруге деген қызығушылығы зор сұранысқа да ие болатын секілді. 

Abai.kz

0 пікір