Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2429 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:43

Табыстың кілті – техникада

Ауылшаруашылығы саласында техниканың талапқа сай болуының маңызы зор! Сондықтан қазіргі таңда күнгейдегі дихандар ауыл шаруашылығы саласындағы техникаларын жаңалауға, заманауи соңғы үлгідегі техникамен жарақтануға көңіл бөлуде.

Соңғы модификация үлгiсi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге дәл астық жинау жұмыстарының алдында ұсынды. Осы маусымда рекордтық егiн жинау үшiн астық жинаудың қарқыны мен өнiмдiлiгiн айтарлықтай жеделдетудi, әлеуеттi және аса тиiмдi ауыл шаруашылығы техникасын талап еттi. Техника ауыстырған аграршылар комбайн таңдаудан қателеспегендерiн, ондағы техникалық сипаттамалардың жақсарғанын, егін жиналып біткен соң қайта-қайта айтуда. Жаңғыртылған «Essil – 760.1» комбайны механизатор үшiн бәрiн ыңғайлы етуге, егiн жинаудың жағдайларын барынша жеңiлдетуге мүмкiндiктер берген. Комбайнның жаңартылған нұсқасында жаңа көлбеу камерасы және 9 текше метрге дейiн ұлғайтылған астық бункерi орнатылған. Одан басқа, астық бункерiнiң конструкциясында механикалық виброды жетегi бар механизм қолданылған. Бұл дымқылдығы жоғары астықты орған кезде күмбез шатыс үйiлменi болдырмауға мүмкiндiк бередi. Заманауи техника өнiмдi және қолайлы. Және егiн жинау кезiндегi ысыраптың төмендеуi де аграршыларды бәрiнен көбiрек қуантты.

Егiншiлердiң бәрi техниканың басқару жеңiлдiгiн, егiстiктердегi жер танаптарының бедерi мен күрделi конфигурациясы бойынша да жұмысты сенiммен атқаратынын айтып отыр. Сонымен қатар пайдалану кезiндегi шығынның iс жүзiнде аздығы байқалды. Ал, астық бастыру аппараты ауаның дымқылдығына да сыр бермей жұмыс жүргiздi. Мұндай техникамен дихандар келер жылы да рекордты көлемде астық жинауға мүдделі. Жердің мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысқан дихандар талпынысы қуантады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516