Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2107 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 18:34

Ордабасылық шаруалардың еңбегі жанды

Жері шұрайлы, азаматтары еңбек сүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын.

21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады. Бұл жалпы облыстағы ауыл шаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар. Атап айтсақ: Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі - 62 пайызға, бидайдың егістігі - 32 пайызға, картоп - 3,7 пайызға ұлғайды. Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауыл шаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашуды жоспарлап отыр. Бөржар ауылдық округінде интенсивті бау шаруашылығы қолға алынып, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі арқылы күн өткізбейтін сетка арқылы бау егумен айналысуда. Ағымдағы жылы ауданда 500 гектар жаңадан жеміс баулары егілді. Оның ішінде, қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылды. Төрткөл, Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауылдық округтерінде мақта шаруашылығын дамыту, бұл өңірлерде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Осы орайда, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту және жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренаж іске қосылатын болады. Биыл аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайғанын да атап өткен орынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610