Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 3141 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 20:11

«ҚАРАҒАНДЫ ЖАРЫҚ» ХАЛЫҚТЫ ҚАРЫҚ ҚЫЛМАЙ ТҰР

2015 жылдың 15 ақпанында «Қарағанды жарық» ЖШС тікелей бағынатын Энергетика министрлігі бұйрық шығарып, электр қуатының тұрмыстағы есептегіштерін ауыстыру электр қуатын беретін ұйымдардың есебінен болатынын анықтаған. Бірақ осы бұйрықты «Қарағанды Жарық» орындамай, есептегіштерді ауыстыруды тұрғындардың мойнына іліп отыр екен.

Тұрғындардың осы тараптағы арыз-шағымдарына прокуратура органдары да құлақ аспай, шара қолданбайтын көрінеді. Осындай келеңсіздіктер басқа да аймақтарда болуы мүмкін деп Мәжілістегі халықшыл коммунистер партиясының фракциясы депутат А.Қоңыровтың бастауымен Бас прокурор Ж.Асановқа депутаттық сауал жолдады. Онда электр қуатын тарататын компанияның заңсыз әрекетін тыюмен қатар Қарағанды облысы прокуратурасының халықтың арыз-шағымдарына көңіл бөлмейтіндігіне назар аударылған. Оның себебі – прокуратураның осындай компаниялармен ауыз жаласқандығынан да шығар-ау деген күдік те айтылған. Бәлки, қарағандылық прокуратура басшылығының жуырда «тазартудан» өткізілгендігі де осындай себептерден емес пе деген сұрақ та қойылады сауалда.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622