Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2239 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 16:53

ОҚО: Облыстағы түйенің 48 пайызы Созақта

Созақ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең шалғай жатқан аудандардың бірі. Жер көлемі жағынан облыстың үштен бір бөлігін алып жатқан жатқан ауданның көп жері шөлейт болып келеді. Сол себепті де Созақтың табиғаты мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ал, егіс көлемі аз. Бар болғаны 13 мың ғана гектар. Оның суармалысы 5 мың гектар. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда уақ малдың өзі 500 мыңға жеткен. 1995-96 жылдары мал саны үш есеге дейін төмендеп, соңғы 4-5 жылдан бері мал басы орта есеппен 2 пайыз көлемінде өсумен келеді. Қазір ауданда 260 мыңға жуық уақ мал, 27 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 10 мың түйе, 12 мың жылқы бар. Ауданның жер көлемі 4 миллиард гектар болса, соның 3,5 миллионы жайылым есептеледі. 778 шаруа қожалықтарының пайдаланып отырған жерлері 950 мыңдай гектарды құрайды. Бұл жайылымның 30 пайызын ғана пайдаланып отырғандығын көрсетеді.

- Облыстағы түйенің 48 пайызы Созақта. Сол себепті қымыран өндіруді де жолға қою жоспарда бар. Түйе шаруашылығымен айналысатын азаматтардың басын қосып, «Аруана» деген кооператив құрдық. Қазір ғимаратын дайындап жатырмыз. «Ырыс» қаржы ұйымынан 12 миллион теңге несие алып, оның 8 миллионын құрал-жабдықтар алуға жұмсадық. Жыл соңына дейін оны орнатып, пастерленген қымыран шығаруды қолға алуымыз қажет. Ауданда жылына 12 мың тонна тірі салмақта ет, 14 мың тонна сүт өндіреміз. Екі жерден мал сою алаңшасын аштық, - дейді Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев.

Мал шаруашылығын дамытуға бел байлаған ауданда ветеринария саласына да айрықша көңіл бөлмеске болмайды. осы мақсатта биылдың өзінде ауданда мал шомылдыратын типтік үш әует салынды. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Өйткені, әр ауыл округке арнайы орын белгіленіп, сметалық құжаттарын дайындалып қойылыпты. Жыл сайын 3-4 әуеттен салынып отырса, толық бітіруге болады екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2270
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584