Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 6109 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 12:01

ҚАРА ТYН

Бүгін - жылдың ең ұзақ түні - Қаратүн екен.

"Қаратүн - мереке емес, астрономиялық мифологиялық рәсімдік күн. Бұл - жылда бір рет болатын "астромүшел".

Бұл күнді абайлап өткеру керек, сол үшін ата-бабамыз құрбандық шалған, оны 12 мүшемен таратқан, жіліктеу осыдан туады. Соғым - осы ритуалдан туындаған шаруашылық науқаны. Ал 25-де келетін Нартуған/Нұртуған - мереке, Күн сәулесінің қайта туған күні, Рождество осыдан туындайды. Оны Исаның туған күніне айналдырды. Ұмай/Май/Маяны Мария етті.

Тіпті, Исаның шешесінің аты басқа болуы да мүмкін, ол тіпті миф болуы да. Көп елдер Қаратүн мен Нартуғанды біріктіріп мереке етіп кеткен. Негізі Қаратүн - рәсімдік күн. Қазақша айтқанда Соғым күні" - деп жатыр Серік Ерғали (Serik Ergali) ағамыз...

Қазыбек Құттымұратұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір