Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2927 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 16:50

Жылыжайдан жылына 400 тонна қияр, 400 тонна қызанақ өнімі алынуда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ифтихари» ШҚ жылыжайы 2 гектар аумақты құрайды. Бүгінде жылыжайдан жылына 400 тонна қияр, 400 тонна қызанақ өнімі алынуда. Жылыжайда 30 адам жұмыс жасайды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

«Оңтүстіктің шаруалары қиярды өндіріп, оны 400-420 теңгеден нарыққа шығарғанмен, еліміздің басқа аймақтарындағы оның саудалану бағасы 800-900 теңгенің айналасында болып жатыр. Есептесек, қиярды республикамыздың өзге өңірлеріне апару шығыны көкөніс келісіне 20 теңгеден түсіп отыр. Онда неге баға қымбат? Себебі, арадағы делдалдар мен жол шығыны, бақылау бекеттеріндегі кедергілер, сонымен бірге, саудагерлердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы сынды проблемалар осындай олқылықтардың орын алуына әкеп салуда. Ал бұл мәселелерді жалпы мемлекеттік органдар бірлесе шешу қажет.

Мәселен, Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «КазАгроном» ЖШС-гі өткен жылы 520 тонна қияр өнімін өндірген. Оның 50 тоннасын Ресейге экспорттаса, 100 тоннаға жуығын өзге аймақтарға жіберген. Испаниялық компанияның заманауи жабдықтарымен жабдықталған жылыжай 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Ал «Ифтихари» ШҚ жылыжайы 2 гектар аумақты құрайды. Бүгінде жылыжайдан жылына 400 тонна қияр, 400 тонна қызанақ өнімі алынуда. Жылыжайда 30 адам жұмыс жасайды. 

Айта кетейік, соңғы жылдары облысымыздағы ауыл шаруашылығына озық технологиялы құрылғылар кеңінен енгізіліп келеді. Нәтижесінде, өңір бойынша былтыр қосымша 115 га жерге жылыжай салынып, олардың көлемі 1025 га жетті. Бұл республикадағы көрсеткіш үлесінің 87%-ын құрайды.

Абай-ақпарат

0 пікір