Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 17:04

Суармалы жерлерді ұлғайтып, ұтымды пайдалануға болады

 

Оңтүстік Қазақстандағы  суармалы жерлердің көлемін ұлғайтудың тиімділігін зерделеу, суармалы жер көлемін арттыру жайы жан-жақты саралануда, деп хабарлайды облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.   Қазір облыс әкімдігінің деңгейінде  жерді ұтымды пайдалану жайы тыңдалып, таразылану үстінде. Сонымен қатар, су көздерін тиімді пайдалану күн тәртібіндегі бірінші мәселе екендігін айтқан өңір басшысы суармалы алқаптарды барынша тиімді қолдану жайына ерекше көңіл бөлуде. Жыл басынан бері облыстағы 43 каналдың жөндеу жұмыстарына 4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Осы каналдармен былтыр және алдыңғы жылдары жөнделген суландыру жүйелерінің ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған пайдасы тиянақты талданып, тиімділігін зерделеу жұмыстарын қолға алған. Сырдария өзенінің 340 шақырымы Оңтүстік Қазақстанның аумағынан өтеді. Осы өзеннің оң жағалауындағы құнарлы алқапты ұтымды пайдалану мәселесі де жиында тыңғылықты сараланды. Мәселен, Шардарадағы дария жағалауында 1700 гектар алқапты ауыл шаруашылығы мақсатына қолдануға болады. Осы сынды Түркістан, Арыс аудандарындағы өзен бойы жағалаулындағы алқапты тиімді пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылып, тереңінен зерттеу жайы кеңінен сөз болған. Бұл үшін өзеннен егіске су сорғы орнату арқылы алқапты тиімді пайдалануға болады.

 - Аудан әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы басқармасы Сырдария өзені жағалауындағы жерлерді ұтымды қолдану жайлы бірлесе нақтылы жоспар дайындаса, аталған жобаларды қаржыландыруға дайынбыз, - дейді. облыс әкімі.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610