Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2334 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:43

ОҚО-да биыл 500 млрд. теңгеден астам қаражаттың өнімі өндірілді

Былтыр облысымызда 345 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе, биыл 500 млрд. теңгеден астам қаражаттың өнімі өндірілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде оңтүстік ауыл шаруашылығында толағай табыстарға жетті.

Биыл өңіріміздегі шаруалар мол табысқа кенелді. Жылыжай өнімдері өз алдына, қырдағы бидай бітік шығып, шалғын шөп те белуардан болды. Былтыр облысымызда 345 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе, биыл 500 млрд. теңгеден астам қаражаттың өнімі өндірілді. Бұл ақжолтай жаңалықпен облыс әкімінің аппараты хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 5 айында шаруалар өндірген өнім 100 млрд-қа жақындады. Бұл көрсеткіш 2015-ші жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 25 млрд. теңгеге артып отыр. Ал, 195 мың гектарға себілген масақты дақылдар өнімі  орташа 22 центнерден түсіп, шамамен 430 мың тонна астық қамбаға құйылды. 

Облыс әкімінің орынбасары баспасөз брифингі өткізіп, шаруалардың еңбегін еш кетірген шегіртке дауына да тоқталып өткен болатын. Шығынға ұшыраған дихандардың еңбегі ескерусіз қалмайтыны, қолдан келген көмектің берілетіні сөз болған-ды. Былтыр толық игерілмей қалған жеңілдетілген жанар-жағармай да биыл мақсатты пайдаланылып отыр. Ал, бақша өнімдері бойынша жетістік жылдағыдан жоғары.  

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594