Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 12363 1 пікір 11 Шілде, 2014 сағат 02:22

ОРАЗА АЙЫНЫҢ БІР СҮЙІНШІСІ - "ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАЙНАМАЗ"

Орыс боданында болып, «коммунизмнің» қамытын киген қазақ елі тәуеліздігін ала салып, өзінің ата діні исламға бет бұрды. Әуел баста әртүрлі дін өкілдері мен исламның сан алуан ағымдарын тықпалаған мысықтілеулердің жолы біртіндеп кесіліп жатыр.  Бүгінгі қазақ Алла Тағала парыз еткен 5 уақыт намаз бен 5 парызын өтеуді, құран көрсеткен ақиқат жолымен жүруді құп көреді. Сол үшін де мемлекет пен қоғам өз әлінше еңбектеніп жатыр. Ал «мұсылманға болсын» деп қызмет етіп жатқан жекелеген азаматтардың қатары да аз емес. Солардың бірі – Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында атажұртқа оралған қандасымыз Алханбай Сатыбалдыұлы. Алханбай мырзаның қазақ көші мен ұлт намысы сынға түскен сәттерде кеуде керіп шыққаны өз алдына бөлек әңгіме. Ол ­- бұл күнде барша мұсылманға арналған «Электронды жайнамаздың» авторы. 

 

Намаз қалай оқылады? Намазда оқылатын сүрелер мен айтылатын дұғалар қандай? Жайнамазда отырып, соның бәрін игеруге бола ма? Осы сұрақтардың жауабын Алханбай мырза жасаған «Электронды жайнамаздан» таба аласыздар. Бір айта кетерлігі, әдеттегі жайнамаздардың ұзыны көбінде 110 см болса, бұл жайнамаз 140 см-ге лайықталған. Алханбай мырзаның айтуынша, бұл жайнамаз арқылы намаздың үркіндерін шариғатқа сай толымды орындауға болады. Яғни Намазхан сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай физиологиялық тұрғыда денсаулыққа да пайдалы етіп жасай алады.  «Біз намаз оқығанымыз арқылы Алла Тағаладан шексіз сауап аламыз, соған сай намаздың үркіндерін де толық, дұрыс орындай алсақ теңдессіз шипаға қол жеткіземіз. Яғни намаз оқығанда құран сүрелерін дұрыс оқу қаншалықты маңызды болса, намаздың үркіндерін де дұрыс орындау сондай маңызды.», - дейді Алханбай мырза. Оның үстіне «электронды жайнамаздар» түгелдей әртүрлі бояуда, қазақы нақышпен безендірілген.

Құран тілінің барлық мұсылманға ортақ екенін ескерсек, аталмыш жайнамаздың дүниежеүзіндегі өзін «мұсылманмын» деп есептейтін кез келген адамға қажет екендігі сөзсіз. Алханбай мырзаның арманы да сол. «Электронды жайнамаз» мүмкіндігінше әлем мұсылмандарының назарына ілігіп, бір мақсат, бір ниетте болсақ, ұлттық үлгіде тігілген Қазақстан жайнамазы шартарапты шарласа нұр үстіне нұр болар еді», - дейді ол. 

Жинақтап айтқанда, «электронды жайнамаз» арқылы  намазда оқылатын сүрелерді дұрыс оқуға, намаздың үркіндерін дұрыс орындауға, тиісінше ұлттық ою-өрнектерімізді ұлықтауға да қол жеткізе аламыз.


Хазірет Әбділда

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594