Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3804 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 14:08

ОҚО-дағы сүт фермасына 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан  "Бөрте Милка" сүт тауарлық фермасында оңтүстік жұртшылығын табиғи өніммен қамтамасыз етіп отыр. Жуырда аталға фермада облыс басшысы арнайы болып қайтқан еді.

Жыл басында ашылған шаруашылықта асыл тұқымды сүтті бағыттағы "Гольштейн" тұқымынан қазіргі таӊда 272 бас сауын сиыр бар. Күніне 30 литрге дейін сүт беретін фермада жылына 6-7 мыӊ литр ағарған алу көзделуде. Ол үшін таяуда тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда. Сүт тауарлық ферманыӊ барлық жабдықтары швейцариялық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шаралары мен ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту туралы мәлімдеді.

Қ. Айтуғанов ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және қайта өӊдеу қуаттарын жүктеу жеке шаруашылықтар әлеуетін пайдалану есебінен жүзеге асырылатынын айтты. ҚР АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып және ҚР ДСӘДМ жыл соӊына дейін нақты міндеттер мен индикаторларды анықтайтын үшжақты қадамдық жоспарына қол қойды. Сонымен қатар, іс-шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды және өӊірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар пакеті дайындалды.

Қ. Айтуғанов әкімдіктерге бекіткен жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылатындығын айтты. Ол 100 сүт қабылдау бекеті мен 2 200-ден астам отбасылық бордақылау алаӊын біріктіреді.

"Осы жылдыӊ 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау бекеті және 3 200 отбасылық бордақылау алаӊы құрылды", - деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр кооператив құруда формалды амалды болдырмас үшін кооперативке жеке шаруа қожалықтарын көбірек тарту үшін онда кем дегенде 20 қатысушы болу міндеті қойылғанын мәлімдеді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563