Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3788 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 14:35

Ағымдағы жылды нәтижелі аяқтаған ОҚО-ның ауылшаруашылығы алдағы жылдан зор үміт күтеді

Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы бағытында атқарылған жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев өңірде 80 мыңға жуық агроқұрылымдар жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді.  

 

«Биыл масақты дақылдар 195 мың га. жерге егілді. Оның ішінде күздік бидай 144,8 мың га, күздік арпа 2,4 мың га, жаздық бидай 12 мың га, жаздық арпа 35,8 мың га құрады. Егілген масақты дақылдардың әр гектарына 22 центнерден жалпы 430 мың тонна өнім жиналады»,- деді жыл соңындағы жинақ деректері қорыта сөйлеген С.Тұяқбаев.

Тұяқбаев мырзаның сөзіне қарағанда, өңірде астық ору науқанында 1060 комбайн мен 45 машина-тракторлық станциялар қызмет көрсетіпті. Ал агротехникалық талаптардың сақталып, жаңа технологиялардың қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында биылғы жылы астықтың мол өнімін өсіруге қол жеткізген.

-      Биылғы толағай табыстың жалғасын келер жылдан да күтеміз. Өйткені, ауылшаруашылығы бағытанда алынатын өнімді ауыл шаруашылығы өміріне еніп жатқан жаңа технологиялармен игеру біздің облыста жолға қойылып келе жатыр, - дейді Сапарбек Тұяқбаев мырза.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525