Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4857 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 10:57

ОҚО. Жұмысты қаладан емес, ауылдан iздеу керек

Жұмысты қаладан емес, ауылдан iздеу керек. ОҚО ауылдарындағы жасалып жатқан іргелі істерді саралай келе ауылдың қаланы асырайтын орталыққа айналғанын байқадық, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ал, соңғы жылдары мемлекет агросаланы дамытуға, ауылды көркейтуге күш салуда. Мәселен, ОҚО Төлеби ауданында кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында биыл iске асырылатын 58 жоба анықталса, соның 20-сы ауыл шаруашылығы саласына тиесiлi екен. Оның iшiнде құс фабрикасын кеңейту, мал сою алаңшасын салу секiлдi ауқымды жобалар бар. Осындай iрi жобалардың бiрi – «АДС агро» ЖШС-iне қарасты мал бордақылау кешенi мен мамандандырылған мал сою бекетi. Кешен Төлеби ауданы, Қазақстан ауылында орналасқан. Оның құрылысы төрт жыл бұрын басталған. «АДС агро» ЖШС құрылтайшысы Данияр Ақтаев 2013 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ-дан 214 млн. теңге несие алып, 1,5 мың жылқы және iрi қара мал алған. Мұндағы орын 1650 бас малға арналған. Кешен ашылғалы берi осы маңайдағы мал бордақылаушыларға да қызмет көрсетедi. Мұнда қысқа қарай күнiне 60-70 мал сойып, айына 150 тоннаға дейiн iрi қара етiн, 60 тоннаға дейiн жылқы етiн Шымкент, Алматы базарларына өткiзген. Атап өтерлiгi, «АДС агро» ЖШС-нiң етi базарда нарықтағыдан әлдеқайда арзанға сатылады. Сапасыз болғанынан емес, әрине. Алыпсатарлардың өнiм бағасын көтеруiне жол бермеу үшiн «АДС агро» ЖШС малға қажеттi азықты өздерi әзiрлейдi. Егiн егiп, шөп орады. Соған сай техникалары жеткiлiктi. Дала жұмыстарын дер кезiнде атқару осы техникалардың жағдайына тәуелдi.

Бұл атырапта техникалардың тiлiн бiлетiн жалғыз маман Шүкiролла Полатов – осы шаруашылықтың инженер-механигi. Мәскеуде бiлiм алған маман түкпiрдегi ауылда жүр. – Жарамсыз деген техниканың өзi Шүкеңнiң сиқырлы қолы тисе, жүрiп кетедi, – дейдi «АДС агро» ЖШС-нiң агрономы Раушан Маменов. Ет жемейтiн қазақ аз. Қара күзде жылқы жығып, қысқа арнайы соғым дайындап алмасақ та, қорамызда мал тұрғанын қалайтын елмiз. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестi, оның iшiнде ауыл шаруашылығына қатысты бизнестi өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау зор. Жыл басынан берi 2127 азамат «Ырыс», «ҚазМикроҚаржы», «Арнұр Кредит», «Төлеби» несие серiктестiгi мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» секiлдi қаржы институттарынан несие алып, жеке кәсiптерiн дөңгелетуге кiрiскен.

Былтыр бұл кезеңде 1430 азаматқа 660,5 млн. теңгенiң несиесi берiлген. Осындай жұмыстардың нәтижесiнде 2014 жылдан берi ауданда 10-15 басқа арналған 179 мал бордақылау алаңы, 5-10 бастық 47 отбасылық сүт фермасы ашылған. Ауыл шаруашылығы саласы, бабын тапса, көл-көсiр пайда бередi. Сондықтан бұл салаға инвестиция салып жатқандар бар. Киелiтас ауылдық округiнде «Акбар Агро» ЖШС 56 гектарға 200 млн. теңге инвестиция құйып, жемiс-жидек егiп, 15 адамды жұмыспен қамтыса, Қаратөбеде «Өмiрбай ата» ЖШС 40 млн. теңгеге 105 асыл тұқымды сиыр алып, сүт өндiруде. Сөйтiп, 18 жұмыс орны ашылған. Ал, Қасқасуда «Доланасай» АШК өз қаржысына бұқтырылған ет (тушенка) консервiлейтiн цех ашты. Цех жылына 7,5 мың тонна өнiм шығарады деп күтiлуде. Ынта болса, идея болса, ауылда жұмыс көп. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580