Білгенге маржан

БӘЙТЕРЕК-ШОҚТЕРЕК-МЫҚАН-ЙОЛ-ШЫРША...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгінгі заманауи мерекелер атрибутсыз, нышансыз өтпейді. Мифологиялық бәйтеректің тарихында бірнеше сипаты мен келбеті болғанын келтіре отырып, оның жаңажылдық шыршаға дейінгі өткен жолын шолып шығуды ұйғардық.

Қазақ фольклорында бәйтеректің сипаты да, мазмұны да жеткілікті көрініс тапқан. Мұндай дарақ үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Мықан ағашы – жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістің шекарасы. Адамзатта қасиетті өмір ағашы саналатын бұл дарақтың болмысы мен бітімі түркі құндылығы ретінде толық қалыптасқан және бүгінгі өмірге сыналай кірген. Сонымен тәңірлік танымнан бастау алған бәйтерек бейнесі қандай құбылу мен толығуды бастан кешкен?...

БӘЙТЕРЕК  - өмір жолы

 Бәйтерек – түркілік танымдағы үшбелдеулі кеңісті қамтыған ғаламдық өзек, бәрі соның бойында, маңында орын алады. Бәйтерек – ғаламдық ауқымдағы өмір жолы. Бәйтерек туралы белгілі қазақ аңызы Уақыт пен Кеңістікті және Жер мен Көкті қосатын ғаламдық өзекті паш етеді: жетібасты айдаһар – Уақыт, жыл сайын адамның біржылдық жұмыртқа-ғұмырын жұтады; Бәйтерек – өмір кеңістігі; Самұрық/қарақұс адамның болашақ ғұмыры, арманы, аңсары; айдаһармен алысып жеңетін батыр – адамның  күш-жігері, еңбегі, қажыры мен қайраты.

ШОҚТЕРЕК – рухтар жолы

Алтай өңірінен табылып, Санкт-Петербург Эрмитажындағы І Петрдің Сібір жыйдасында/коллекция сақталған  (кейбір сілтемелер Тыва еліндегі Хандар ойпатының Аржаан үйігі/курган деп көрсетеді) ежелгі сақтардың мұрасы саналатын «Шоқтерек түбіндегі аттылар» (ж.с.д. ІҮ-ІІІ ғ.) атты мына алтын доға композициясында үш адам бейнеленген. Сол жақта шошақ бөрікті/сәукелелі қыз бен оң жақта қос ат тізгінін ұстаған мұртты кісінің алдында ұзынынан сұлаған  мұртты ер кісі жатыр. Бәйтеректе қорамсақ ілулі.

Бұл композицияны орыстың белгілі археологы М.П.Грязнов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының алтай халқы арасына тараған нұсқасына тән сюжет деп таниды. Алтайлық дастан бойынша Қозын-Еркеш (Қозы Көрпеш) шоқтерек түбінде жауының қолынан қаза табады. Оның жары Байым-сур (Баян сұлу) мен Қозының туысы Бачикай-Қара Еркешті тірілтуге барлық ем-дом, амалды жасап, оның жанын қайтарады...

Бұл көріністегі шоқтерек - мықан (өмір)  ағашының бір сипатын аңғартады. Яки адам өлгенде оның жаны осы жолмен, яғни шоқтеректің бойымен Көкке кетеді-міс деген иланым бағамдалады. Сұлап жатқан адамның ағаш түбінде жайғасуы да оның жанының адаспай терек бойымен Көкке кетуін болмаса оның аман қалуын тілеуге мүмкіндік барын білдіреді.

 ЙОЛ/ЖОЛТЕРЕК – қос дүние арасындағы қозғалыс жолы

Белгілі фольклортанушы Е.Д.Тұрсынов ( «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», «Дайк-пресс», 2001) түркілік танымға сүйене отырып, былайша сипаттайды: 

«... средний мир (мир человека) предстает неким связующим звеном между верхним и нижним мирами, ибо души людей находятся и в верхнем мире, помогая живым людям (это аруахи – духи предков, помогающие своим потомкам, живущим в среднем мире), и в то же самое время в нижнем мире, куда спускаются души умерших злых людей, черных шаманов, людей погибших насильственной смертью и не погребенных и т.д.» Кроме того, души неродившихся людей также находятся в мире мертвых, ибо живые – это воплощение ранее умерших, совершающих извечный кругооворот, рождаясь, умирая и возвращаясь к живым. В то же самое время души неродившихся людей обитают и в верхнем мире, откуда они по ветвям мирового дерева спускаются и входят в утробы женщин, беременеющих после этого...» Бұл түсіндірме бойынша, жолға айналған терек/дарақ адамның екі дүние арасындағы қатынас жолы есебінде де мойындалып, барлық өмірлік басты қозғалыс осы жолтерек арқылы жүретіндігі талай туындыға арқау болған.

«Бақсы» сөзінің өзі осы жолды бағушы дегенді білдіреді және  бақсылар өздерін «жол ұстаушылармыз» деп есептейді. Бұл міндетті олар жолтерек бойындағы қозғалысты бақылауды міндет еткендіктен атқарады.

БӘЙТЕРЕК – тілек пен бақыт дарытушы

Алтайлық Маадай-Қара жырында бәйтеректің сипатын белгілі фольклортанушы Е.Д.Тұрсынов: «Байтерек имеет золотые листья на солнечной стороне и серебряные – на лунной. На вершине его сидят две кукушки, которые знают, кому какой век предопределен, кому доведется быть счастливым, кому – несчастным. Ниже расположены два беркута, а у основания ствола – две собаки, стерегующие покой обитателей среднего мира. Иногда мировое дерево ассоцируется с коновязью...» - деп сипаттайды. Бұл сипатқа қарағанда бәйтерек Жаратқанның тікелей қарауындағы ғаламдық құрылымның рөлінде. Яғни осы қасиетті басты ғаламдық ағаш арқылы ниет пен тілекті жіберу арқылы тағдырға өзгеріс енгізу мүмкіндігі байқалады. 

БӘЙТЕРЕК – Жаратушының жан жіберу жолы

Мифолог Серікбол Қондыбай («Қазақ даласы және герман тәңірлері», Алматы, «Сага» баспасы, 2006 ж): 

«Қашаған фольклортанушыларға белгісіз болып қалған көне аңыз-жырлармен таныс болған, «Адай тегі» дастанын жырлағанда да, ол өзіне таныс беймәлім мифтік модельді пайдаланған» - дейді. Сол дастанда:

Бәйтерегі өрлеген,  

Бұтағы бұлтқа сермеген.

Ағаш жоқ,сірә,бұлардай

Қайың, терек,тал емес

Шегіршін, жөке тағы емес

Атағы тартқан құмардай.

Көлеңкесі күндіз мұнардай,

Жарығы жанған шынардай.

Жапырағы жазық айнадай,

Сымбаты сұлу найзадай.

Сағасы жүзім, алмадай

Иісі жұпар қамбардай.

Жапырағының күн беті,

Алтын шайған бағдардай.

Саясында тұрған кісінің

Мейірі сусыз қанғандай...»  - деген сурет бар.

Осы ағаш түбінде Ханбибі қыз күн сәулесінен (нұрдан) жүкті болады. Мұндағы Күн-тәңір Жаратушы кейпі де, Нұр-тәңір оның ұшқыны, ұлы. Бұл жырда бәйтерек Жаратқаннан жатырға түсетін жан ұшқынының жолы (йол) рөлінде әспеттелген. Демек, Жолтерек – Жаратушы мен ана жатырын жалғаушы құрылым, өмірдің басқы жолы.

 ЖОЛТЕРЕК бақсылар атрибутында

Бақсы даңғырасының дөңгелек жүзін ғаламдық біртұтас үй іспетті қабылдауға болады: оның қақ ортасын ала тігіңкі бағыттағы күн басты адамға ұқсас түзу сызық астыңғы жағында жартылай күмбез түрінде о дүние әлемін, ал үстіңгі шеңбер - аспан әлемін білдірсе, бұл екі  арадағы «күн басты адам -бәйтеректің» бойы ортаңғы адамзат әлемін бейнелеген. Мұндағы бейне, тағы да сол – йол/жолтерек.

ШЫРША/ЖОЛТЕРЕК – тілек тасушы

Жолтерек бүгінде ежелгі тәңірлік танымды христиандық құндылыққа айналдырған халықтарда жаңажылдық шырша есебінде қолданыста. Оны түркілік «йол», яғни «жол» сөзімен атап, орыс тілінде «ка» жалғауымен «ёлка» (йолка) деп жүр.

Демек, арнайы ғұрып кезінде жолтерек адам мен Көктің арасындағы тілектің, қарым-қатынастың жолы ретінде қызмет атқарғандығына куәміз.

БӘЙТЕРЕК: орда, киімілгіш, адалбақан

Бәйтерексіз қазақ тұрмысын елестету мүмкін емес. Қазақтың басты тұрағы – орда үй шаңырағы тек қана арнайы жасалған бақанмен көтеріледі және ол бақан үйдің ішінде шаңыраққа тіреліп, Көк пен Жерді байланыстырып тұрады. Киізі жабылмаған орда үй көз алдымызға еріксіз түрде әдемі безендірілген бәйтеректі елестетеді.

Кейде ол кереге басына көлденең қойылып, «адалбақан» рөлін атқарады. Мұндағы «адалбақан» ұғымы ислам дінінің тыйымына икемделіп, жаңа сипат алған жолтерек болып табылады. Өйткені, адалбақанға әдетте той-садақаға арналған киім-кешек пен мата-жыртыстар ілінеді. Адал болатын себебі, сол жоралғылық нәрселер Көктен келетін таза энергия сіңіп, адалдығы артады-мыс деген исламдық талапқа қызмет етіп тұр.

Сондай-ақ, киізүйдегі киімілгіш те жолтерек қызметін атқарады, оның әрбір ілгіші әлгі Маадай-Қара жырындағы көкек құстың бейнесі дерлік және ол үйдің уығына не шаңырағына тіреледі.

Әдетте қазақ әйел босанғанда көлденең тұрған бақанға сүйеніп, толғатқан, бұнысы – бақанның тігінен емес, көлденеңінен жайғастырылып, жаңа туатын нәресте жанының Көкке кетіп қалмайтындай, яғни тік емес көлденең бағыт болуын қадағалаған танымда жатыр.

ЖОЛТЕРЕК – адам түйсігінде

Қазақ халқы бәйтеректі тек қана мифологиямен танып, жолтерек ұғымынан ажырап қалса да, шығармашыл жандар оның тұрпатын ұмытар емес, керісінше, кестешілер, суретшілер оның небір сипатын бүгінде аша түсуді. Ендеше жолтеректің адамзат санасында мәңгі ұялаған әлдебір құдыретті сипат екендігін мойындауға мәжбүрміз.

 ЖОЛТЕРЕК – Наурыз мейрамының нышаны

Бүгінде жолтерек ешбір даусыз-дамайсыз Наурыз мерекесінің басты нышанына да айналып кетті. Мына бір логотип жыл сайын қазақ телеарналарының экранын безендіретіні рас. Ал наурыз тақырыбына арналған безендірімдердің басты да ортаңғы келбеті жолтерекке арналған.

 

Сондай-ақ, жолтерек - сақа халқының жаңа жылы есептелетін Ысыах-Олонхо мерекесінің басты атрибуты. Олар мұны «аал луук мас» - алып ұлы ағаш деп атайды.

Қорыта айтсақ, бәйтерек – адамзат тілінде Өмір ағашы аталады, ал түркілік нұсқасы оның жан-жақты болмысын түгендеп тұр.


Серік Ерғали, мәдениеттанушы

Abai.kz

22 пікір 1010 рет оқылды Қосылған: 01.01.17
    • #1
    • доғдыр
    • жб, 01/01/2017 - 11:43

    жақсы статья екен

    • #2
    • Масқара
    • жб, 01/01/2017 - 12:26

    Қазақтар 40 мың тенге,келімсек ойыншы 40 мың евро айлық алады. Қазаққа футбол керек пе?https://www.nur.kz/kk/1364482-azdren-lulaku-astanadaghy-zhalaqysy.html

    • #3
    • Бәйтеректегілер 61 млн сыйақы алған
    • жб, 01/01/2017 - 12:49

    http://www.qazaquni.kz/2016/12/29/62647.html

    • #4
    • Дағдарыста дамбал ұрлаған жігіт ұсталды
    • жб, 01/01/2017 - 12:57

    https://www.youtube.com/watch?v=jpa63rLM3Wk

    • #5
    • аң-таң
    • жб, 01/01/2017 - 16:38

    баасқа мемлекет адамдары қазақтар,қайдан жаралды деп таң қа-
    латын шығар.Біресе шаңрақтан түскен құбылыстан,Ханбибі күн сәу-
    лесі түскен нұрдан. Бұл не прапрапраматери бәрі жеңілтек әйел.
    Жазатын ешнәрсе қалмаған ба,кроме фантазии.

    • #6
    • Төре
    • жб, 01/01/2017 - 18:05

    Мына менің көп жылдан бері байқағаным, біздің мемлектте бірді-бір мемлекетке қатысы бар, мемлекет қаржыландыратын мекемелерде қазынаның қаржысын ұрламайтыны жоқ. Бұны тоқтатпасақ, Мемлекетімізден айырыламыз? Осыма еді күткеніміз...

    • #7
    • Көктеректен
    • жб, 01/01/2017 - 21:08

    Серік мырза, сіздің таппайтыныңыз жоқ екен. Біздің ауыл - Көктерек. Бұл да елка болғаны ма? Аяз ата орнына - Қыдыр ата, елка орнына - көк терек... Қатырасыз!

    • #8
    • Бектас
    • жб, 01/01/2017 - 21:58

    Мақаладағы суреттердің аты-жөні неге жоқ?

    • #9
    • топастаума алай?
    • жб, 01/01/2017 - 22:33

    Мынау бip атест,қалмақ болу керек.Не оттап жазып кеткен.Адамьтүсiнбейтiн сөз жазған харам автор ғой мынауың.Түк ұқпайсың қандай оймен жазып отыр?.

    • #10
    • топастаума алай?
    • жб, 01/01/2017 - 22:34

    Мынау бip атеист,Қалмақ болу керек.Не оттап жазып кеткен.Адам түсiнбейтiн сөз жазған харам автор ғой мынауың.Түк ұқпайсың қандай оймен жазып отыр?.

    • #11
    • Адайшал
    • жб, 01/01/2017 - 22:53

    "Төре", осы пікіріңді біраз мақалаға тықпаладың, одан нәтиже шығуы желкеңнің шұқырын көрумен тең. Ұрлықты тоқтату керек дейсің, ал кім тоқтаталады? О баста жазылмаған заң солай, не істесеңде еркің білсін, тек бұқара көшеге шығып кетпесін, алғаныңмен ұяластарыңмен бөлісуді ұмытпа, болмаса... турма! Тоқтататын күш - халық, ал оған өз басымнан аулақ деген принцип қымбат, біразы комунист, бір бөлігі атеист, бір тобы уақабист, біреулері көздерін шел басып көкірегін шайтан кеулеп құдаймен алысуда..., міне осындай тобыр кіммен алыспақ? Қырғыз, қақол, гүржі, бұлар ойлау қабілеттері бізден көш ілгері, азаматтық қоғам болып қалыптасқан елдер, ұрпақ болашағы, бостандығы үшін күресуде. Мемлекеттіке келер болсақ сол мемлекеттің жерін қорғамақ болған азаматтарын зынданға тығып, айдаладағы біреуге бес-алты ауыз сөз айтты деп өз қазағын соттап отырған бұл қандай мемлекет?

    • #12
    • Адайшалға
    • жб, 01/01/2017 - 22:59

    Гитлерді өліп-талып жақсы көрседе Адайшал "Майн кайфты" да, "Майн камфты" да оқымапты. Әр нәрсенің басын шалған айқай оныкі.

    • #13
    • Жасай
    • жб, 01/01/2017 - 23:42

    Шетелдік футболшыларға беріліп жатқан ақша қалталарынан шығып жатқан жоқ, қазақтың жер байлығының ақшасы. Бірақ "асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп кеткен қазаққа футболдың беш тиынға керегі жоқ. Қазақ жекпе жек спорттан да атағын шығарудан кенде қалмайды. Демек, бұны шетелдіктерге беріліп жатқан пара деп бағалау керек. Олар осы алған паралары арқылы біздің биліктің демократия орнатуға барынша бөгет жасап отырған амалдарына қарсы шықпауға өз елдеріндегі биліктердегі демократ фанаттарын белгілі бір дәрежеде үгіттей алады.

    • #14
    • Мадай
    • дн, 02/01/2017 - 1:18

    Алып Байтерек туралы аныз, алем халыктарынын баршасында бар.Байтеректин устине кумай кустын(Самурык кус) жылына бир рет жумыртка койуы, бул адамзат баласынын тогыз айда дуниеге келуи.Ол жумыртканы томенги алемде жасаушы жыланнын жутпакшы болуы, бул томенги алемдеги аззазилге кызметтетуши жын-шайтандардын, адамзат баласын азгырып, жолдан урып, омирин заяа етпекши болуы.
    Бул жер асты албастыларына карсы куресуши, жокаргы алемдеги Танирлик куштер мен Ертостик сиякты батырлар.
    Бул аныз ежелги туркилердин оздерин Кок туриктер ягыни Танирге кызмет етуши елмиз деген тусинигинен пайда болган болса керек.Ежелги туркилер оз патшаларын Танирдин телегей Куты дер атагангой.

    • #15
    • .
    • дн, 02/01/2017 - 1:34

    Осы мақаланы жақсылап орыс тілінде де беіңіз.. Бұл біз оқитын ғана болып қалмауы керек.

    • #16
    • Ақылшы
    • дн, 02/01/2017 - 13:44

    Бәрі бос сөз бір білсе адай тарихынаң тарқатушы ғалым ағамыз білед содан сұрандар

    • #17
    • Адайшал
    • дн, 02/01/2017 - 15:20

    12-ші сормаңдакй, сол Гитлер болмағанда қазір сайрап отырмаған болар едің, орыстың планы бойынша саты сатысымен құртылып тынатын едік сол соғыс килігіп назарын аудармағанда. Олар жеңіліс тапқасын орыстың малын бақтың, Мәскеу барып "жетістігін" тамашаладың, қызыл алаңына барып көмусіз қалған шайтаншалына тәу еттің, барлық жасаған зұлұмдығы мен қырғынын ұмытып шашбауын көтерумен әлі жүрсің, осыма айтқың келген мақтанышың.

    • #18
    • Ақиқаты осы
    • дн, 02/01/2017 - 15:48

    Жылма жыл қазақтар орыстың жыңы жылын желтоқсан мен тәуелсіздік күнінен бұрын тойлай бастағанға ерін бауырына алып шыға келеді. Енді біздің ғалымдар шыршаорнату орыстан емес, түркілерден, соның ішінде қазақтан да шыққан деп елдің миын айналдырса, ешкім қарсы шықпайды деген есек дәмемен жасалған тапсырысты мқала ғой мына шатпақ. Әлі бұдан да сорақысы жазылады

    • #19
    • Шыңдық
    • дн, 02/01/2017 - 19:08

    Қазақ осы мерекенің өзінікі емесін жақсы біледі, тойламай тастағысы да келген, ол айтылған да, баяғы қорқақтығы құлдың аты құл оны төрге қарай сүйре сол төрінде шалқайып отыруға дәті бармайды сүмірейіп ірге жағалап қашады

    • #20
    • СЕНГІШ БАЛА
    • дн, 02/01/2017 - 23:31

    7-ге
    Сенің Көктерегің туралы миф болса, онда ол да йолка!
    10-ға
    Сенің дінің де миф, тек ұға алмай мәңгіріп жүрсің.

    Авторға: мақалаң керемет! Ата-баба құндылығын биіктете түсіпсіз. Тамаша интерпретация!

    • #21
    • тарих
    • сн, 04/01/2017 - 11:27

    Бұл алтын таспаның шығу (қалыптасуы) тарихын Ш.Уәлихановта зерттеген. Шоқтерек, Бәйтерек қазақ фольклорындағы "өмірдің модельі" ретінде қарастырған. Бұл шағын алтын қапсырма (застечка) өзінің бүткіл өн бойында тұнып тұрған сақтар тарихы. Бұл алтын қапсырмаға арналған ескерткішті Қазақстанның бірнеше қаласына немесе далалық жерде (қасиетті жерлерде) орнату керек.

    • #22
    • Ауа
    • жм, 06/01/2017 - 17:33

    Ия, мақала сондай пайдалы, ұғымды жазылған, тәрбиелік маңызы зор дер едім. Адайшал, бауырым, қатты ризамын, пікіріңізге қосыламын!!!

Пікір қосу

  • 5 + 7 =

Вход