Мәйекті

НАЙМАН ХАНДАРЫ ЖӘНЕ ШЫҢҒЫС ХАН

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Найман хандығы жөнінде арнайы еңбек жазған адам, философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері болған Сәбетқазы Ақатай марқұм еді.  Одан кейін Шыңғыс хан туралы жазған ғалым Қайрат Закирянов та, өзінің еңбегінде найман хандары жөнінде дұрыс пікірлерін айтып кетті.   Ең бастысы, әрине, Шыңғыс ханның найман хандарын бірін қалтырмай жойып жібергені жөнінде айтқаны еді.  Яғни, найман хандары тірі тұрғанда  Шыңғыс ханның өзін толық қанды хан санай алмағанын айтқан Қайрат мырза, нағыз тарихи шындықтың  бетін ашты десе болады. 

Тарихы ауызша тарған халық болғандығымыздан, біздер үшін шежіре деректері,  біздің ата-тегімізді айтып тұрған түпнұсқа болып келеді.  Тарихымызды шежіресіз айтқанымыз, жәй ғана болымсыз қиял болып калар.  Өйткені, түпнұсқасыз қиялдың ешбір қисыны болмайды.  Мәселен, Олжас Сүлейменов орыстың «кощей» дегенін «көшші» деп қиялына ерік береді.  Ал енді, осы «көшшінің» негізі, түпнұсқасы  қайда?  Көшпенділерді қашан, кім «көшші» деп атаған еді?  Жауап жоқ, яғни түпнұсқа да жоқ.  Ал енді, қазақ шежірелеріндегі Қосайдың, «Манас» жырындағы Қосайдың, араб еліндегі пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның бабасы Қосайдың, арабтардағы Қосай тайпасының атаулары  осы «кощей» дегеннің түпнұсқасы болады.  Бұл Қосайлар болғанда, біз орысқа не қылмадық?  Сондықтан да, олар  Қосайды кощей деп атап кеткен. Қосай дегеніміздің  екі ай дегенді білдіретіні белгілі.  Аспанда биылғы жылдай екі ай туғанда қыпшақтар орыстарға  қырғиша тигеннен кейін,  олар осы күнге дейін қызарған айдан  қорқады.  Өйткені, қыпшақтар «қосайлап» ұран салғандағы шыққан айлардың бірі қызыл болады.  Орыстар «Слово о полку Игореве» деген эпостарында Күннің тұтылғанын жаман ырымға санаған дейді.  Анығында, бұл жердегі мәселе Күннің тұтылғандығында емес, кешке жақын тұтылғанындағы Күннің Айға ұқсап кеткенінде еді. Бұл эпостың қара сөзбен жазылған  «Летописная повесть о походе Игоря Святославовича на половцев в 1185 году» атты нұсқасында: «Когда подошли они к реке Донцу в вечерний час, Игорь, взглянув на небо, увидел, что солнце стоит как месяц» деп айтылады.  Осымен қатар, Кощейдің аты славян мифологиясында Айға қатысты аталады.  «Лунный Кощей бессмертный» дейді, «Племя Кощеево спустилось на Землю с Луны» дейді.  «Славяно-Арийские Веды» дерегінде: «...Дажъдбог порушил оплоты Кощеев, что на ближайщей Луне находились...» деп айтылады.  Яғни, бұл жердегі «оплоты Кощеев», племя Кощеев» дегендері, әрине, «қосайлап» ұран салған қалың қол қаңлы-қыпшақтарды айтып тұр. 

    Ал енді, біздің бабаларымыз қаңлы-қыпшақтар, пешенегтер, половецтер Ай мен Күнге табынған халық еді.  Біздер үшін бұл екі аспан жарығының тұтылғандары жаман  ырымға саналмайды.   «Слово о полку Игореве»  жырында половец   дегендердің арбалары жөнінде: «крычатъ тълъгы полуношы, рци, лебеди распужены» деп айтылады. Яғни, «половецтердің арбалары үркіген аққулардай қаңқылдайды»  дейді.  Ал енді, біздер арғықазақ мифологиясынан,  арбаларының қаңқылдағандарынан (каңғ, каңғ)  көшпенділердің Қаңлы   атанғандарын білеміз.  Бұл жердегі аққуымыз да, қаңқылдаған арбамыз да қазақты білдіріп тұр.  Демек, «Құпия шежіредегі» «хасаг арбалы» қоңыраттардың да сол заманның өзінде казақ атанып жүргендері болғаны.  Аққу дегеніміз мифологияда патша әулетін білдіреді. Халха-маңғолдар қоңыраттарды Хун+арат, яғни аққу елі деп те атаған екен.  «Слово о полку Игореве» эпосында «пред полками касожскими» дегендері касогтарды, хасагтарды, яғни кай+сақ-қазақтарды айтқандары. Түрік қағанаттарынан кейін қаңлы, қаңлы елі (қанғ+арат-қоңырат) дегендеріміз жужандардың тілінде «теле» атауын алып кеткен. Теле дегеніміз де арба, орыстардың   «телега»  деген сөзі осыдан қалған.  Міне, найман хандығын құраған тайпалар осы Теле атты тайпалар бірлестігінен шыққандар болады.   Қаңлы-найман, Төре-найман дегендеріміз осылар.  Сондықтан, алдымен қаңлы атауы жөнінде сөз қозғалық.

    Махмұд Қашгари қаңлы  аталған  адамдардың қыпшақтардың арасындағы тектілер екендерін айтқан екен. Шәкәрім қажы: «Стамболдағы Осман түріктер қаңлы нәсілінен» дейді. Яғни, Осман империясының негізін қаңлының ішіндегі Кайыханның ұрпақтарының құрғандарын айтады. Бұл жердегі Кайыхан дегеніміз арийледің патшалық Кай әулетін білдіріп тұр.   Кеңес дәуіріндегі  зерттеуші ғалым, академик Бартольд: «...мусульманские  писатели 12-13 вв. употребляют слово канглы  и кыпчак почти как синонимы» дейді.  Өз еңбегінің екінші жерінде Махмұд  Қашғари: «қаңлы – ауыр жүк артылған екі доңғалақты арба» деп түсіндіреді.   Рашиден болса, қаңлылардың  Оғыздың ұрпағы емес екенін айтады.  Белгілі тюрколог  Кононовтың «Түркімен шежіресі» атты еңбегінен біздер қаңлы мен карлықтардың (арғын), қалаштардың түбінің түріктер емес екендерін түсінеміз.  Және де, Рашиденнен, «Оғыз-намэден біздер қаңлы дегендердің соғыс арбасының иелері екендерін түсінеміз.  Яғни, бұл деректерде олардың арбалары соғысқа қатысты аталады.   Демек, түбі түркі болмаған қаңлы-қыпшақтардың, қоңыраттардың түбінің,  Орта Азиядағы ең алғаш қосаяқты соғыс арбасына ие болған  арийлер екендерін түсінеміз. Бұлар ұлы көш кезінде Индия, Месопотамияға аумай, Орта Азияда сақтардың құрамында қалып қалған арийлер болады.  Қаңлы деген атаудың арбаға қатысын, кейін олардың Теле атанғанынан да түсінеміз. Қазақтың қаңғыру, қаңғыр, қаңғыбас сөздерінің де, осы арбаға қатысы бар. Яғни, арбаға отырып алып жер аралау деген мағынада.  «Қаңғ»  дегеніміз ескіде арба дегенді білдірсе керек.  Ал енді, орыстардың эпосындағы арбалардың қаңғырығын аққулардың қаңқылына теңегендерінен біздер, олардың  аққу елі қазақтарды (қаңлы-қыпшақтарды) жау санағандарын ұғамыз.  «Слово о полку Игореве» эпосын Николай Заболоцкийдің аударғанында:

                                И на стадо лебедей чуть свет,

                                Выпускал он соколов десяток.

                                И, встречая в воздухе врага,

                                Начинали соколы расправу,

    деп айтылады.  Бейбітішіліктің символы, құс төресі аққуды жау деп атаған, кезінде аққу-қаз елі қазақтардың  басқыншылығын көрген ежелгі орыстар ғана болар.

   «Қазақ ру-тайпаларының тарихын» жазған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының тарихшылары: «Шежірелік тұрғыдан қарағанда да қазақ ру-тайпалары тағдырында анықталмаған мәселелер баршылық» деп өте дұрыс пікір айтқан.  Олардың осылай деп айтуларының себебі, шежіре деректерінің әртүрлі баламалар түрінде кездесетіндерінде жатыр. Наймандардың шығу тегіне қатысты көптеген негізсіз, ғылымнан аулақ жорамал-жорғылар айтылған.  Және де, найман атауына да қатысты неше түрлі лақап айтылады. «Сегіз-оғыздардың» наймандар емес екендерін айтатындар да бар. Сондықтан да, «Алаш» тарихи зерттеу орталылығының тарихшылары осы неше түрлі жорамал-жоғыларды айта келе, найманның түбінің қаңлы-қыпшақ екендерін тұжырымдайды. Қаңлылардың енді бір атауының каилар екендері олардың арийлердің  патшалық Кай әулетіне қатысын айтып тұр.  Қыпшақ дегеніміз Кави+шақ, яғни абыз-ақындық сақтар, не болмаса кіші абыз-ақындар деген мағынаны беріп тұр. Бұл Кавишақ дегеніміз қазақта қыбашақ, кыпшақ болып айтылып кеткен. Кави дегеніміз бастапқыда арийлерде абыз-ақын дегенді білдірсе, кейінгі Авестада патшалар әулеті дегенді білдіріп тұр. Кави дегеніміз де Каи болады. Жоғарғы Бартольдтің қыпшақ пен қаңлының синонимдер екендерін айтқаны осыдан болған. Демек, ертедегі мұсылман зерттеушілері  қаңлы мен қыпшақтың бір массивтің екі атаулары екендерін білген. Ал енді осы Кай әулеті шежіреде Қият деп аталады.  Яғни, бастапқыда Кай+ут, Кей+ут болған атауымыз шежіре деректерінде Қиятқа айналып кеткен. Найман хандарының тегі осы қият-жырхындардан болады. Керей Нығмет Мыңжанидің айтқанында бұл қият-жырхындар ежелде керейлердің құрамында жүрген. Найман хандары бұрындар каанбаалы, кейін жағалбайлы атанған қаракерейдің құрамындағы рудан шыққан. Бұл қият-жырхындар Қарауын деген жерде көшіп қонып-жүріп қаракерей атанған еді. Біздерде бұларды «хан тайпасы қаракерей» деп атайды.  Енді, осы тайпадан шыққан жағалбайлы жөнінде айталық.   

    Найман шежіресінде Найман шалдың лақап атының Өкіреш болғаны айтылады. Яғни, Найман шал жар төсегіне жатып өкірген соң  осылай атанған дейді.  Анығында, Өкіреш дегеніміз «бұқашық», не болмаса, Камал Абдрахман ағамыз айтқандай «кіші бұқа» дегенді білдіреді.  Алай да, біз бұл ұғымдардан Өкірешті расында да тайынша болды деп түсінбеуіміз керек. Бұл жердегі «бұқашық, «кіші бұқа» дегеніміз ұрпақ, тақ мұрагері деген мағынада айтылып тұр. Мәселен, найманның ұлы ханы болған Білгі бұқаның иналшық деген атағы болған. Шежіреден хабары жоқтар, әсірересе, тілі мен жағына сүйенген жазушылар осы иналшық деген атауды инаныш, иланшы деп айтып алады. Анығы, әрине, иналшық – тақ мұрагері деген мағынада. Бұл жерде Кай әулетінің тақ мұрагері деп түсінеміз. «Шық» жалғауы Кай әулетінің ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осының дәлелі Отырарды билеген Қаиыханның иналшық деген атауында жатыр. Қайыхан қыпшақ болған соң, оның Кай әулетіне қатысы ешбір күмән туғызбайды. Шын аты Жағантуды болған бұл Отырардың билеушісінің Иналшық Қайыхан деген атағы, оның Кай хандар әулетінің тақ мұрагері, яғни ұрпағы  екенін айтып тұр.  Осы инал атағына қатысты наймандарды қырғыздан тараған деп айтатын суайттар бар. Қырғыздағы инал атағы осы қыпшақтардан келген.  Және де, қырғыздардың құрамында наймандардың, қыпшақтар мен шапыраштылардың, бұрынғы жалайырлардың бар екендері тарихта айылған. Олардың мықтылығы осыдан.  Мәселен, шежіре деректері Шапыраштының Абақ,Саяқ деген екі ұлының болғанын айтады. Абақ - керейлерге сіңген десе, Саяқ - Енисей қырғыздарына сіңген деп айтылады.  Шапыраштыының түбі де қаңлы-қыпшақ болады.  

    Сонымен, Өкіреш дегеніміздің бұқа әулеті екенін түсіндік деймін. Наймандағы Арық бұқа, Семіз бұқа, Білге бұқа, Бай бұқа, Тай бұқа, Кет бұқа деген тарихи тұлағалардың болғаны, Г.Н. Потанинның: «Часть найманов до сих пор считают себя потомками быка» дегеннін растап тұр.  Бұл жердегі әңгіме, әрине, арийлердің патшаларының бұқа төтеміне қатысын білдіріп тұр. Жағалбайлының шежірелік атасы басты Өкіреш – Қара бұқа болады. Таңбалары қаракерейдікі. Бұрынғы таңбасын орыс зерттеушілері «в виде летящей птицы» деген екен. Анығында, бұл таңба біздер «жеңіс» деп атап жүрген бұқаның мүйіздерін білдіріп тұрған  таңба болады. Қара бұқа дегеніміз сонау Египеттен келе жатқан, маңдайында үшбұрышты ақ таңлағы бар қасиетті қара түсті бұқа болады. Парсылардың патшалары қастерлеген қанатты қара бұқа да, қасиетті саналады. (священный бык). Бұл египеттік, сонымен қатар парсылық (арийлік), гректік, румдық Қара бұқаның арийлерге, олардың ұрпақтары жағалбайлыға қатыстарының дәлелін  біздер Алматы облысындағы Тамғалы тастардағы суреттерден табамыз. Бұл Қара бұқаны египеттіктер Апис деп атаса европада  Хапи деп атаған.  Осы Хапиіміз Кави, біздіңше Қаби болады. Міне осы Апис-Хапи жөнінде Плутарх: «Апис был произведен на свет лучом месяца» дейді.  Ал енді, біздер қазақ жеріндегі жоғарғы таңбалы тастардан жалғыз сәулелі Ай Тәңірінің сиыр малымен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын көреміз.  Яғни, Плутархтың айтқанының негізі бізде жатыр.  Ежелгілердің ұғымында Қара бұқа даналық пен мемлекетшілдіктің символы болады. Египеттегі Қара бұқа мүсіндерінде оның маңдайындағы үшбұрышты ақ таңлақтың ұшының төмен қарап тұрғанын көреміз. Бұл жәй, Қара бұқаның арийлер қасиет тұтқан Ұлы сиыр ананың баласы дегенді білдіреді. (см. Мифическое значение треугольника). Ал енді, өзбек жерінде қалған Өкіреш шалға арналған құлпытаста бұл үшбұрыш таңбаның ұшы жоғары қарап тұр. Бұл жағдайда таңба «патшалық ұлылықты» білдіріп тұр. (королевское величие).  Бірінші жағдайда үшбұрыш таңба Айлық дегенді білдіріп тұрса, екінші жағдайда Күндік дегенді білдіреді.  Осыдан біздер бабаларымыздың Ай мен Күнге табынғандарын түсінеміз. Мәселен, наймандағы Садырлардың таңбасының,  басы толған ай кейпіндегі құйрықсыз сиыр екенін түсінеміз. Құйрықсыз сиырдың патшаны білдіретінін біздер қазақтардың ең алғашқы мемлекеттері Юечжи-Кушан (адай-қыпшақ) патшалығының алтын теңгесінен көреміз. Ондағы патшаның бір қолында ноқта, екінші қолында Кай әулетінің, кейін Шыңғыс хан малданып кеткен үш аша таңбасы ұсталып тұрса, артында құйрықсыз Өкіреш тұр. Міне, осыдан біздер шежіредегі Найман шалдың Өкіреш деген лақаб атының патшалық ұлылылқты білдіріп тұрғанын түсіндік деймін. Яғни, ұлы мәртебелі Өкіреш. Осымен қатар, қазіргі таңда біздердің «шөміш» деп атап жүрген таңбамыздың анығында «ноқта» таңба екенін, үш аша, яғни түбіне аттың жалы байланған айыр таңбаның жалайыр таңба екенін, және де бұл таңбаның Кай әулетінің таңбасы екенін түсінеміз. Айыр таңба - Ай Тәңірін білдіреді.  Тамғалы тастардан біздер осыны да көреміз. Ноқта таңба мен жалайыр таңба жөнінде тоқталып жатпаймыз, өйткені, бұл жөнінде менің жарық көрген бірнеше мақаламда нақты айтылған.

    Кай әулетінің өкілі Дубун-Баянның есік алдында жетілген жалшыдан туған Боданжардың ұрпағы Шыңғыс хан осы әулеттің рәміздері мен нышандарын малданып кеткенімен қоймай, шежіре деректерінде Кай әулетінің өкілдерін, яғни кеянидтерді, ноқта таңбалы, жалайыр таңбалы тектілерді құл-құтандарға айналдыртып жіберген.  Казақтардың: «Келелі елде қаңлы бар, қаңылдан хан көтер», «Қаңлыдан өзге хан болмас» дегендері Кай әулетін айтып тұр. Осымен қатар бабаларымыз: «Қаңлы көнбей, хан сайланбайды» деген екен. Не болмаса: «Қаңлы отырған жерде хан да бата бере алмайды» деп айтылады.  Кай әулетінің ұрпақтары найман хандарының батасын ала алмаған Шыңғыс хан, кеянидтерге жатпайтын  керей Оң ханның батасын алған екен. «Батамен ел көгерер» дегендей, кеянидтердің батасын алмаған Шыңғыс ханның ұрпақтарының Бұқар жырау айтқандай «құрт-құмырсқа, бақа шаянға» айналып кеткендерінің себебі, оның батасыз хан болғанында жатыр.  Найман хандарының бәрін өлтіртіп, Иналшық Қайыханның көмейіне қорғасын құйдыртқан Шыңғыс хан, әрине,  өзінің жалғанаттылығының ізін суытпақшы болған. Өйткені кеянидтер оның тексіз екенін, яғни ұлы мәртебелі Өкіреш, жалайыр, ноқта ағасы емес екенін жақсы білген. Отырар кітәпханасын жоғалтып жіберген де, Шыңғыс хан болар. Өйткені, онда міндетті түрде Кай әулеті жөнінде ауқымды деректердің болғаны хақ.  Найман хандарының канцеляриясын басқарған Тататоңғы ұсталғаннан кейін Шыңғыс хан, бұл хандардың да шежірелік деректерін жоғалтып жіберген. Тексіз Шыңғыс ханнан «Құпия шежіре» қалғанда, нақты тектілерде  шежіре болмаған дейсіздер ме? Кезінде, алтын тақта отырып, алтын ғасыр өмір сүрген, мөрлеріне дейін алтыннан соқтырған найман хандарын оның идеологтары шежіре деректерінде үміті өшкен, жалғыз ұлынан айырылып, 90 жасында Белгібайды таптырамын деп  жар төсегінде өкірген Найман шалға айналдырып жіберген.

    Наймандар Өзбек хандығының да, Казақ хандығының да құрылуына белсене қатысқан.  Қабдеш Жүмәділ ағамыз найманның шежірелік аталарының бірі Төлегетайдың Қазақ хандығын құрысқанын айтып жүр. Бұндай шежіре деректерін ол кісінің қайдан алғаны маған белгісіз. Анығында, Төлегетай Өзбек хандығын құрысқан тарихи тұлға болады. «Тарихи Әбилхаир хани» атты деректе Төлегетай – Тунгачук Тулу ходжа найман деген атпен кездеседі. Бұл жердегі тунгачук дегеніміз – тұңға шік, яғни Батыс өңірін билеген еркін қолбасшы, абыз дегенді білдіріп тұрса, Тулу дегеніміз Төле, ходжа дегеніміз аңызда айтылғандай, Қылышты қожаның қызын алып қожа атанғанын білдіріп тұр.  Төлегетай дегеніміз Төле қытай, яғни Күшлік  ханның қайын жұрты қарақытайлар алып қалған баланың ұрпағы. Сондықтан, шежіре дерегінде «қытай» деп анықталған. Шежіре деректері найман шежіресіндегі Төлегетайдың, Сарыжомарттың, Ақсопының маңғыт билеріне барып, тұтқынға түскен Әбілқайыр сұлтанды шығарып алып хан көтергенін айтады.  Бұл шешім, Барақ ханның ұрпақтарымен жауласқан маңғыт билеріне де қолайлы болды.  Шибан ұылысына жататын Әбілқайыр ханды маңғыт билері осындай шартпен тұтқыннан босатқан болса керек. Тарихи деректе Саржомартымыз – Сары усман украч (өкіреш) найман, Асопымыз - Ак суфий найман деп көрсетілген.  Бұларды Масхуд бин усман Кухистани Әбілқайырды хан көтерген тоғыз таңбалы найманнан шыққан тоғыз арыстың қатарында атайды. Бұл хандықтың Өзбек аталуына қатысты ғалымдар екі нұсқаны айтады. Біріншісі, Өзбек ханның құрметіне десе, екінші нұсқада бұл хандықтың өздерімен өздері болған соң, өз өзіне бек, яғни өзі бек дегеннен болған дейді. Анығында, бұл хандықтың аты - тасқа қашалып жазылып қалған Найман хандығының өз атауы Өзбекке қатысты қойылған, Әбілқайырды «қуыршақ хан» ретінде наймандар көтергенде. Кейін, Әбілқайыр хан ер жетіп билікті өз қолына ала бастағанда, наймандар оған қарсы болып, Жәнібек пен Керей сұлтандарды қолдап, Әбілқайырдың қалмақтармен соғысына қатыспай қойғандарынан кейін, хан қалмақтан жеңіліп абыройдан жұрдай болған. Бұрыннан да жауынгершілігімен ерекшеленетін Наймандар Шибан ұлысында көп тайпаның бірі болмай, бірегейі еді. Осының ақыры, найман Қаптағай бастаған наймандардың алты алаш тайпаларының басында Шу өңіріне ауып кетуімен аяқталады. Сондықтан да, Қаптағай батырдың аты Қазақ хандығының негізін салды деген Жәнібек пен Керей сұлтандармен бірге аталады. Өзбектерде қалған наймандар, Сопы мырзаның бастауымен Араб-Мұхамед ханды өлтіріп, оның орнына өздерінің келесі «қуыршағы» Хысрауғазы сұлтанды қоймақшы болады. Хысрауғазының есімі де оңды еді, өйткені, оның аты кеянидтік Кей Хосроу патшаның құрметіне қойылған болған.  Алай да, үйсіндердің опасыздықтарынан бұл жоспар іске аспай қалады. Сопы мырза жағалбайлының Мырза руынан еді. Қазіргі өзбек едінде қалған наймандардың құрамында жағалбайлының бар екені белгілі.

    Сонымен біздер, найман хандар әулетінің, яғни кеянидтердің Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын жасағанын түсінеміз. Қаптағай батыр мен арғын-наймандар болмағанда, Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайырдан бөлініп кетулері  мүмкін болмаған. Шежіреде: «Сарманайдан Ақжол, Ақсопы. Ақжолдан Арғын, Ақсопыдан Найман. Ақжолдаса Арғын қалмайды, Ақсопыласа Найман қалмайды, екеуі Сарманайлап қосылса, басқаның тамтығы да қалмайды» деп бекер айтылмаған.  Сарманай дегеніміз сары+ман, яғни сары қаңлы, Осман империясын құрғандар екендерін айтып тұр.  Каилар, яғни сары қаңлы кеянидтер құрған Осман империясын монархтар әулеті ретінде әлем мойындаған да, Шыңғыс ханның әулетін мойындамаған, мойындамайды да. Гришка Отрепьев пен Емельян Пугачевтар жалған патшалар әулетін құрмақшы болғандарында осы Шыңғыс ханнан үлгі алған. Иә, менің талай жерде айтқанымдай, орыстар біздердің тарихымызды біздерден артық біледі.

Қайрат Зарыпхан, шежіретанушы

Abai.kz

 

 

88 пікір 2290 рет оқылды Қосылған: 02.01.17
    • #1
    • шежірешіге
    • дн, 02/01/2017 - 15:23

    Қожырбайұлы қайдасың?

    • #2
    • Қожырбайұлына
    • дн, 02/01/2017 - 15:41

    Шыңғысхан адайымызды мына Қайрат Зарыпханға наймандарға жығып бергізіп қоямызба, қайдасыз, Қожеке? Тез тойтарыс беріңіз.

    • #3
    • КОЖЫРБАИ
    • дн, 02/01/2017 - 16:19

    Каират Зарыпхан сен биздин ханга таласпа сотканди калдыр не биздин ауылга кел жекпе жекке шык.егер мени урсан биздин ауылдыкы жабылады уктынба

    • #4
    • Гүлжаһар
    • дн, 02/01/2017 - 16:30

    шын тарихшылар қазақта бар.Бүгінгі күнда сіңбе, қоспалар- тарих жазатындардың күні туып тұр.Сәбетқазы Ақатай,Қайрат Зарыпханнағыз елім,халқым деген тарихшылар.Шын тарихты келе жатқан ұрпақтарға шын,әділетті тарихын жазды.Тарих бүкпесіз ғылым,онымен ойнауға,бос қиялға кетуге болмайды. Айдаладағы мұнғұлды қазақ еткенше,өз аталарымызды руына,еліне бөлмей жалпы қазақ хандары,билері,батырлары,бо
    лыстары ретінде шындықпен таныстыратын кез келді. Лағығанымыз жетеді,ес жиатын кез келді. Қазақ,тілсіз.дінсіз,ділсіз,
    тарихсыз қазақ болуы мүмкін емес.

    • #5
    • 3-ке
    • дн, 02/01/2017 - 16:38

    нағыз батыр екенсің,аулыңа шақырып,аулыңды айтақтап. Правда
    глаза колит.әбден лағыған тарихшылардан,басың ауған ба ? Ша-
    быңа от түсіпті ғой ?

    • #6
    • Төре
    • дн, 02/01/2017 - 16:41

    "Яғни, найман хандары тірі тұрғанда Шыңғыс ханның өзін толық қанды хан санай алмағанын айтқан";
    Дұрыс айтқан! Бәсекелес сол елдің ханы, күшті жауы тірі тұрғанда Шыңғысхан қалай ғана өзін толымды Хан санамақ? Сондықтанда жауының төте тұқымын тұздай құртқан соң ғана, ол жақтан қауіп жоқ болған соң, өзін толық алаңсыз сол елдің Ханымын деп жариалай алады. Шыңғысханның саяси - қолбасшылық даналығының көріністерінің бірі емес пе? Арғы беттен қас-жауының тұқымы төніп тұрса, Хан қалай тыныш ұйықтай алмақ? Сондықтанда бүкіл тұқым-тұрпайын қуалап жүріп тоздырып құртты емес пе? Осыдан кейін өзінің негізгі жорықтарын ары қарай жалғастырды. Зарыпхан, бұл тарихи жаңалық емес, елдің бәрі білетін қарапайым заңдылық.

    • #7
    • қараша
    • дн, 02/01/2017 - 16:52

    Сергей Щоигу Найман хандарының тұқымымын.деп жазды ғой.Таян ханның. Шын аты Сергек шойғы. Былтыр Еуразия оқытушылары жазды ғой.

    • #8
    • Айткул
    • дн, 02/01/2017 - 17:24

    Шойгу Найман болса,болар,өзінің әділдігімен,мұздай тазалығымен
    ел билеп жүр.

    • #9
    • Тайтөлеу
    • дн, 02/01/2017 - 17:53

    Шын-өтірігін кім білсін, тываның шежірешілері Шойгуды Күшілік ханнан таратып жүрген көрінеді. Тегі, тывалардың (ұранқайлардың) арасында да наймандар аз болмаса керек.

    • #10
    • Шыңғысхан ұрпағы
    • дн, 02/01/2017 - 18:22

    "Найман хандарының бәрін өлтіртіп, Иналшық Қайыханның көмейіне қорғасын құйдыртқан Шыңғыс хан, әрине, өзінің жалғанаттылығының ізін суытпақшы болған. Өйткені кеянидтер оның тексіз екенін, яғни ұлы мәртебелі Өкіреш, жалайыр, ноқта ағасы емес екенін жақсы білген. Отырар кітәпханасын жоғалтып жіберген де, Шыңғыс хан болар" деген екенсіз.

    Мынау Қожырбайұлының зерттеулері. Екеуін салыстырып оқып пікір еткеніміз жөн болар.

    ОТЫРАР ДҰШПАННЫҢ ҚАЛАСЫ ЕДІ, ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ БАБАСЫ ЕДІ

    Сонау Мұңал (Монғолия) даласынан Хорезм патшалығына (сартауыл) жорыққа аттанған Шыңғыс қағанға Отырар қаласына дейінгі жолда орналасқан ержүрек қазақ тайпаларының бірде-бірі қарсылық білдірмеді. Қуана қарсы алып, өз еріктерімен Шыңғыс ханға келіп қосылды. Хорезм патшалығын бірге бағындырды. Осы жорық кезінде Қазақтың он екі руынын шыққан, он екі өкіл Шыңғыс ханды ақ киізге салып көтеріп, қазіргі Шыңғыс таудың басына алып шығып, Шыңғыс ханды «ҚАҒАН» деп жариялап, таудың атын «ШЫҢҒЫС ТАУЫ» деп өзертті, ал оның ең биік шыңын «МҰҢАЛ ШЫҢЫ» деп атады. Мұны ешбір тарихшы жоққа шығара алмайды. Бұл қазақ шежіресінде айқын көрсетілген. Шәкәрім қажы шежіресі де осы деректерді береді.
    Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы «ҚОЛБАСШЫСЫ» деп, бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) толықтай мойындалған Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханды барынша «жағымсыз» кейіпкер етіп көрсетуге тырысқан
    Орыс патшалығы мен кешегі большевиктік Совет өкіметінің жалған саясаты болды. Олардың Қазақ еліне, Қазақ даласына байланысты Шыңғыс қағанға қоятын басты кінәсы Отырар қаласы. Сондықтан, Отырар жайлы өз зерттеулерімнің қорытындысын Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

    Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах (Сартауылдар) жаулап алды. Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қараған болатын.
    Ол жайлы тарихшы С. Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы қыпшақтар» кiтабында шежiрешi Жужаниден мынандай мысал келтiредi: «615 (1216) жылы... Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркiстандық Қадырханның елiн ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы басқа емес, дәл Қадырхан-Иналшық Қайырханның (Шыңғысханның арғы атасы Қараханның) елін ойрандауға аттанып отыр. Бiрақ, Қайырхан өзiне күні кеше ғана теперiш көрсетіп, жерін жаулап алған Хорезм шахына адалдығын көрсету мақсатында және дүниеге қызығып, Шыңғысханның елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан Қайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл әскерінің қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Қаған тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіліп, куәлар тыңдалып, оның барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның дүниеден басқа ештеңені көрмеген көзіне, жазықсыз жандардың (бес жүз адам) зарын естімеген құлағына, тойымсыз аузына алтынды ерітіп құйды.
    Бұл әрекет баяғы Маңғыстаулық Дайлардың (Сақтардың) жесір ханшайымы Тұмар ханымның парсы патшасы Кирдің басын қанға толырылған торсыққа салып «Іш керегіңше» деп қақпаға іліп қойғанымен толықтай сәйкес болып тұрған жоқ па?
    Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды. Бұл парсылардың қазақ елін жер бетінен жойып жіберу үшін құрылған патшалығы болатын. Олар оның алдында бүкіл қазақ даласын қан сасытып, қырып-жойып, қазақтың Қарахандар қағанатын құлатқан еді.
    Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан дүниеге қызығып, қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
    Тарих тағлымы: Қазақ даласын жаулаған Сартауыл елі дәл қазіргідей саясат ұстанып, ардан ақшаны жоғары қойды. Ата жолдан ауытқып ардан аттады.
    Отырардың күйреуінің біз білетін ақиқаты осы. Құрметті Оқырман! Өздеріңіз ойлап көріңіздерші! Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
    Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
    а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
    ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
    б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
    г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
    ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.
    Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Тағы да қайталаймын. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес. Күні бүгінде де көптеген елдердің сөздік қорында (мысалы Түрік елі) екі сөйлемейтін, бір ауыз сөзге тоқтайтын мәрт адамды «Қазақ» деп атайды.

    Бағдаттан шыққан әйгiлi дәрiгер Әбд әл-Латиф (1231-32 жылдары қайтыс болған) бұл билеушi туралы былай деп жазады: «Хорезм-шах Мұхаммед ибн Тукуш ұры және зорлықшы болатын, ал оның сарбаздары әумесерлер едi…
    Көбiсi түркiлер – пұтшылдар немесе адамшылықтан кеткен мұсылмандар… Ол ру-тайпалардың бiр бөлiгiн қырып, қалғанын қызметке алушы едi… Ал олардың көкiрегiнде бұған деген ыза-кек қайнап жататын. Өз халқына келгенде де, жауларымен қарым-қатынаста да ол сауатты сақ саясат жүргiзбейтiн… Мiне, ендi оған бәрi бiр атаның балалары, тiлi бiр, жүрегi бiр, көсемi бiр моңғолдар төнiп келедi» (Г.Э.Фон Гюрнебаум. «Классический ислам», Москва, «Наука», 1988, стр 186).
    Демек, Хорезм халқының басына қара бұлт үйiрген Шыңғыс ханның қанқұмар бiлiмсiздiгi емес, Орта Азиядағы исламның қорған қалқаны iспеттi саналатын осы билеушiнiң көрсоқыр саясаты мен жеке басының ақымақтығы едi.

    "Керуенді құшақ жая қарсы алған қала билеушісі Ғайырхан, іле-шала атқа қонып Хорезм шахқа қарай суыт жүріп кетті. Түн ортасы ауған шақта шах сарайының есігін қаққан Ғайырхан, шах сарайында өтіп жатқан түнгі думанның үстінен түсті... Шах өле мас еді, Ғайырханның хабарламасын шала тыңдаған ол, қолын үнсіз сәл-пәл көтеріп барып қайтадан сылық еткізіп тастай салды. Ғайырхан бұл қимылды - "бәрінің көзін жойға" балап, Отырарға қарай суыт жүріп кетті".... ( Абд-ал Бин-ад-дин)

    Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
    «...Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
    Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
    Елшіге өлім кескенге қандай жаза
    Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
    Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
    Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
    Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
    Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады өлкеміздің белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
    Осылайша, Қайырхан Отырардың қазақтың қайқы қылышының астына түсуiне себепшi болады. Кешегi дала жауынгерi нелiктен бұлай жаза басты... Бұл жерде бар болғаны қызылбас парсыға тәуелдi Иналшық Қайырханның өз бауырларына қылыш көтергендiгiн айтсақ та жеткiлiктi. Иә, иә, өз бауырларына қылыш көтергендiгiн.
    Тарих тағлымы: Жазықсыз қылыш көтерген адам, сол қылыштан өледі.

    «Шыңғысханның «Отырарды қиратты» дегеніне айтарым: Отырар ол заманда Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның да басын алған. Содан кейін оның орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналып, бес жүз адамның өлтірілуі және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп» (Мұхтар Мағауин).

    «Қытай, монғол және басқа да тарихтардың деректеріне сүйене қытай киноматографистері 2007 жылы шығарған «Шыңғысхан» атты тарихи фильм дерегі бойынша Шыңғысхан, батысқа жорық жасап бүкіл әлемді жаулап алуды ойламаған, тек өз қоластындағы елшілікке жіберілген 500-дей адамды жазықсыз өлтіргені үшін Отырардың билеушісі Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалауды ғана мақсат еткен. Тарихи драмадағы Шыңғысханның батысқа жорық жасауына себепші болған мотив туралы дерек пен Рашид-ад-дин және Әбілғазының тарихи шығармаларындағы Шыңғысханның Хорезм еліне шабуыл жасауына себепші болған мотив туралы дерек, бір-біріне сәйкес келеді. Қытай киноматографистерінің тарихи драмасында да, аталмыш мұсылман тарихшыларының шығармаларында да Шыңғысханның Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашуына кінәлілер ретінде иналшық Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммед аталады. Осымен қатар тарихи драма да, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының Хорезмнен бөтен батыстағы көптеген елдерді жаулап алуына себепші болған бір-ақ адам – Отырар билеушісі Қайырхан екендігі атап көрсетілген». (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).

    «Ұйғыр және қытайлықтармен сауда жасайтын Хорезм саудагерлерiнен Хорезм-шах Шыңғыс ханның Солтүстiк Қытайды жаулап алғанын бiлдi (Цзинь империясымен түркi-моңғолдар ғана емес, Шыңғыс ханның да тiкелей өз жеке басының өштiгi бар болатын. Қытайлар Шыңғыс ханның атасы Амбағай ханды алдап қолға түсiрiп, кергiшке қағып өлтiрген-дi – Ә.Б.) Моңғол билеушiсiне құттықтау салтымен елшiлiк жiберудi дұрыс деп тапты. Шын мақсаты моңғолдардың әл-ауқатын бiлу болатын. Елшiлер мен саудагерлердi Шыңғыс хан зор құрметпен күтiп алды және жауап ретiнде өз өкiлдерi мен сауда керуенiн қоса аттандырды. Дипломаттар да, керуен де негiзiнен Қиыр Шығыспен сауда жасау кеңiстiгiн кеңейу үшiн Шыңғыс ханның агенттерi болуға келiскен хорезмдiктер мен бұхаралықтардан – Мұхаммед II-нiң бодандарынан тұратын. Керуен Хорезмнiң шекарасына жетiп, Сырдария өзенiнiң жағасындағы Отырар қаласына тоқтады. Бұл жерден Үргенiшке бет алмақ болатын. Шах олармен әңгiмелесуге келiсiм бердi. Бiрақ Отырар губернаторы (Иналшық Қайырхан – Ә.Б.) саудагерлердi өлтiрiп, дүние-мүлiктерiн тартып алуға бұйрық жасады (Шахтың құпия тапсырмасымен болса керек). Бұл хабар моңғол императорына жеткенде, ол өз өкiлiн Мұхаммедке жiберiп, одан Отырар губернаторын ұстатып беруiн өтiндi. Мұхаммед бұл өтiнiштi орындамақ түгiлi, елшiсiнiң өзiн өлтiрiп тастады. Елшiнiң жол сiлтеушiсi сақалы күзелгеннен кейiн ғана қайтуға мүмкiндiк алды. Бұл масқаралау болып табылатын. Ендiгi жерде Шыңғыс ханның соғысудан басқа амалы жоқ едi. Дереу құрылтай шақыртып, Түркiстан компаниясының (1218) жоспары жасалды» (Г.В.Вернадский. «Монголы и Русы», 1997, стр 45).
    Вернадскийдің келтірген деректерінің ақылға қонымсызы саудагерлер мен елшілерді «агент» деп атауы. Ақиқатына келгенде, олар ол елдерге агент (шпион) болып барып отырған жоқ қой. Олар көрген білгендерінің бәрін өз еліне онсызда айтып барған болар еді. Өзге елдің тарихшыларының ешқайсысы оларды «шпион» деп атамайды.

    Араб тарихшысы Йақут Хамауи өзінің «Му'жам ал-булдан» атты еңбегінде Мұхаммед бин Текештің Түркістан мен Мауараннахрды жаулап алғанын, Қарахандықтар билігін толығымен жойғанын жазса, ал, «Насаб-нама» нұсқаларында Отырардың Қарахандық билеушісі Хасан ибн Абд ал-Халық Білге ханды Үргеніш сұлтаны Мұхаммед сұлтан келіп өлтіргені, оның орнына Қайыр ханды хан қойғаны, Қайыр ханның нәсілі қаңлы екені жазылған. (З.Жандарбек).

    «1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
    1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік сауда да бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.
    Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
    14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.
    14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті». (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
    Демек, Шыңғыс ханның Отырарды өртеп жіберіп, қала тұрғындарын қырып тастады дегендері ешқандай шындыққа келмейді. 2019 жылы күзде қырылған халық, сол жылы екі-үш айдың ішінде қайта жандана алмас еді.

    Осы жерде тағы бір аса көңіл аударатын мәселе «Аңыз бойынша, Отырарда әлемге аты шыққан әйгілі кітапхана болып, оны Шыңғыс хан түмені өртеп, біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраға салып жер астына тығып сақтап қалған деседі» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
    Сол заманнан қалып бізге жеткен қаншама кітап ақтарсам да, солардың ешқайсысынан Отырар қаласында әлем бойынша екінші орынды иемденетін ең бай кітапхана болыпты, оны Шыңғысхан сарбаздары өртеп жіберіпті деген тарихи дереккөз таба алмадым. Соңғы жазбалардың айтатындары, кілең «деседі», «деседі» болып келеді. Соған қарағанда мұның бәрі кешегі большевиктік Совет өкіметінің Шыңғыс қағанды қаралау үшін ойдан шығарған көптеген жалған ақпараттарының бірі болып тұр. Ондай дереккөздер болғанда олар оны қуана, қуана жариялаған болар еді.
    Сол заманғы барлық жазба деректерде Шыңғыс ханның ғалымдарды, білім мен ғылымды аса қадірлегені, оның ешбір елдің салтына, тіліне, дініне тиіспегені және ғалымдардың барлық жағдайларын жасап, үнемі қолдап отырғандары айтылады. Ал, Отырар болса соның алдында ғана парсылық Хорезм патшасы жаулап алған ежелгі қазақ қаласы болатын. Ақиқатында, Қазақтың тарихын жоюға Шыңғыс қаған емес, солар мүдделі болды.
    Әйтпесе, Шыңғыс қаған Атамыз:
    «Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
    Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
    Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!
    Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!
    «Тексіз азғындар» дұшпаным!
    Тектілерден Нәр алдым...» деп айтпаған болар еді.

    «Тарихта жазылғандай, Шыңғыс хан көп қаланы басып алады. Солардың бірі – әйгілі Отырар. «Отырарды өртеп жіберді» дейді. Алайда археологтер қала орнында әзірше ешқандай күл табылмағанын айтады. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Фараб теңгелері табылған. Біріншісі – алға ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер. Екіншісі бетінде садақ пен шаршы түріндегі түріктердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.
    Егер Шыңғыс хан бәрін қиратып тастаса, сол заманғы тиындар қалай шыққан деген сауал туындайды. Күйреген қалаларда ақша соғатын мүмкіндік қайдан? Керісінше, сол кезде моңғол монеталарының дәуірі деген ерекше дәуір басталады» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Музейлік деректану және қолжазба орталығының жетекшісі Нәпіл Базылхан. http://abai.kz/post/view?id=5484).



    Тарих тағлымы. Сонау Адам Атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден...», «Елшіге қиянат жасамас болар».

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #11
    • Тәнеке атыр ұрпағы
    • дн, 02/01/2017 - 18:59

    "Қаптағай батырдың аты Қазақ хандығының негізін салды деген Жәнібек пен Керей сұлтандармен бірге аталады" деп тарихи шындықты айтсаңызда бүгінгі Қазақстанда Қаптағай батырға ескерткіш тұрпақ көшенің аты да берілмейді. Орекеңдердің есімен аталатын қалаларға Қаптағайдың аты сұранып тұр емес пе? Болашақта наймандар үлкен билікке келетін болса географиялық картамызда Қаптағай облысы, Қаптағай ауданы сияқты атаулар пайда болатыны сөзсіз. Құдайым,сол күнге тез жеткізе көр деп тілейік!

    • #12
    • Ғалымжан Манделла
    • дн, 02/01/2017 - 19:13

    Наймандар саяси билікке ие болса онда қазақтардың РУХЫ қатты көтеріліп кетеді. Сондықтан Мәскеу мен оның қолшоқпарлары кадр саясатын жіті қадағалап отыр. Оған перспективасы бар наймандарды жөргегіңде тұншықтырылғаны айқын дәлел. Халық арасында да наймандар туралы теріс анекдоттар таратып, жағымсыз стереотиптер қалыптастыруда. Ал шын мәнінде наймандар қазақтардың діңгегі екендігін объективті тарихшылар біледі. Бірақ наймандары билікке жолатпау үшін топтасқан астыртын топ қолдан келгендердің бәрін жасауда...

    • #13
    • #10 Шыңғысхан ұрпағына
    • дн, 02/01/2017 - 19:17

    Мағауин деген графоман жазушының жазғанына қарап күлетін едік, сөйтсек бар ГӘП МАҒАУИННІҢ ҚОЖЫРБАЙҰЛЫНАН КӨШІРІП АЛҒАНЫНДА екен ғой.

    • #14
    • Төре
    • дн, 02/01/2017 - 19:39

    Қай заман болсада патшаның жеке басын құрметтеу немесе "құрметтемеу" әрбір адамның жеке басының ісі. Ол патшаның қадір-қасиетіне, істеген істеріне, қылықтарына, қалай патша болғанына тікелей байланысты... Менің айтарым, Патша елдің ИЕСІ! ОЛ орын, ТАҚ - қасиетті орын! Сондықтан Патшада, қарамағындағы Еліде сол ТАҚҚА құрметпен қараған дұрыс шығар? Мәселе сол тақттағы пенде мен оның елінің сол ҚАСИЕТТІ таққа лайықтығында?! Елі қаласа Патшада тақтан түсер, деген даналық осыған қарай айтылған болу керек...

    • #15
    • Үйсінбай
    • дн, 02/01/2017 - 19:53

    Өзінің аты-жөнін қазақша жаза алмайтын да шежіреші болады екен-əу ə, мына 2017 жылы?... (Ұйғыр-Шағатай сөздігін қара)

    • #16
    • Қожырбайұлының оқырманы
    • дн, 02/01/2017 - 20:02

    Қожырбайұлы ұятқа қалды ау мынау тарих Қожырбайұлының енбегін аяқ асты жасады наймандардан тарап жүрмейік қап адайлар тым тәуір боп жүр еді

    • #17
    • Окушы
    • дн, 02/01/2017 - 20:52

    Пирамиданы салған кімдер сонымен Адайлар ма Наймандар ма?

    • #18
    • Оқушыға
    • дн, 02/01/2017 - 21:57

    Пирамиданы салғандар найман мен адайлар, ойбай жоқ керісінше адай мен наймандар.Бірі қалағанда екіншісі кірпішті беріп тұрған, сосын алмасқан.

    • #19
    • Тас Атырауский
    • дн, 02/01/2017 - 22:04

    Наймандарда мұнай жоқ, газ жоқ! Сонда елді немен асырамақ?! Қазба байлығы барлар жоғары билікке лайық! Ертең өзбек, қырғыздар сияқты СНГ- ні аралап кетерсіңдер!

    • #20
    • Наиман
    • дн, 02/01/2017 - 22:13

    Мен ози касиби тарихшы болмасамда,тарихты шынаиы турде,букил алем тарихшыларынын енбектерин,пикирлерин тындаимын! Турки алеми туралы танымым бар! Кытаидан,Монголиядан,Туркиядан келген Тарихшылардын пикирин тындадым,Беине-фильмдерин кордим! Кытаи-Парсы коне жазбаларында окыдым,ТуркиМанги тас руника жазуларында окыдым,26 турки ариптерин жаттап,озимше оки да аламын! Бирак арткы кезде,осындаи агаларымыз,анызбен акикатты ажырата алмаи,болек тарих жасап жургендер коп! КожырбаиулыКаират Зарипханулы,Турсынаи Абенаиулы! Арине,Казак десе,баринин намысы котериледи! Агаларымыздында енбектери ак жол! Бирак кеиде окып отырып уяласын! Ол тарих кои,акикатына ешким жете алмаиды! Шынгысхан Турки таипаларын бириктирип,Казак Хандыгынын негизин салган Гулама-Колбасшы-Турки Каганы деп,соган токтаик Агаиын! Шынгысхан денгеиндеги адам али дуниеге келген жок! Бир-биримизди тилдеп,букил интернет алемине мазак болмаиык Бауырлар(Бизден баска,букил алем окып отыр)

    • #21
    • Че
    • дн, 02/01/2017 - 22:41

    Найман керей хандығы болсада өз руларынан ары аспаған. Шыңғыс хан хандығы əлемді мойындатып алып хандық құрған. Тектіден ел билесе ошундай болады, тексізден ел билесе тақыр болады.

    • #22
    • 18ге
    • дн, 02/01/2017 - 22:53

    Сонда Пирамиданың тасын бұлар қайдан алған наймандар алатаудың тасын апарғанба? әлде адайлар бір табан жақын деп мағыстаудың тасын тасыды мекен ?бұны Қожырбайұлынан сұрау керек ау

    • #23
    • #20 Наиман ға
    • дн, 02/01/2017 - 22:56

    Шыңғысқан ешқандайда "...Турки таипаларын бириктирип,Казак Хандыгынын негизин салган Гулама-Колбасшы-Турки Каганы..." бола алмайды. Оның қолынан келген бірден - бір іс ---- адамдарды қырғындау болған, оған еріп оның маңайындағылар да адам өлтіру "батырлық" екен деп сенген, нәтижеде олардың қолынан өте көп бейуаз халық қырылды. Шыңғысқан өзі жабайы жұрттан шыққан болатын, басқалардың оны мысқылдап, бұрынырақ өткен жауыз, кітәптарды өртеп, оқымыстыларды тірідей көмген "шың-шы-хұаң" деген Қытай патшасының атын бергенде ис алмаған, оларда жазуда болмаған, олар басып алған жұрттар дүниенің басқа аумақтарынан бірнеше ғасырға артта қалып, дами алмай қалып қойды, соның зардаптарын әлі күнге дейін тартып жатыр, ол басқаларды жеңгені ақиқат, бірақта соған бола "ұлы" деген сөзді қолдану тура болмайды, мықтағанда қанышер адам болып ғана қалады.

    • #24
    • 23 ке
    • дн, 02/01/2017 - 23:24

    бауырымау сол! Тарихтын ишине кирсен Шынгысханга баилыкта,жерде оз басына керек жок! Бабаларынын жери,Турки Каганатын каитарды! Букил Турки таипаларын бириктирди,бир жуиеге келтирди,занын орнатты! Каи жери саганю унамаи тур? Ия,кеинги урпактары устаи алмады! Ислам деген касирет келди,жикке болип,Ата жолындагылар болек кетти! Бирак аиналым дуние каитып келеди,Бари орнына келеди!

    • #25
    • Бекен
    • дн, 02/01/2017 - 23:55

    23-ке! "Шыңғысқан өзі жабайы жұрттан шыққан болатын" деген екенсіз.

    Мынау Қожырбайұлының "Шыңғысхан қазақтың ұлы қағаны" атты кітабынан үзінді:

    "Атам Қазақтың Ата салтында балаларына басқаның бәрімен ойнаса да атасының сақалымен ойнауға, адамды айналуға, адамның үстінен аттауға, дастарханды басуға, дастарханды айналуға қатаң тыйым салынған. Кез-келген дастархан басынан келген ізіңмен қайта шығуға тиіссің. Себебі, дастарханның сөз түбірі Ас (Аз), бұл ең ұлы түпкі атаңның есімі, яғни бұлардың бәрі қазақтың Ұлы Жаратушы - Алладан кейінгі ең ұлы құрметті ұғымы Атаға байланысты. Қазақтың Ата салты бойынша Ата-Анаңның көзі тірісінде де, Ата-анаң ана дүниелік болғанда да оған деген құрметің мен сезімің ешқашан өзгермеуге тиіс. Егер де кімде-кім өз жүрегінде осындай сезімді сезіне алмаса, онда сенің Алланың қарғысына ұшырап маймыл мен шошқаға айналып бара жатқаның.
    Қазақ та «айналатын» дүниелерде бар. Олар: ай мен жер және жерде әйелі мен ері. Аспанда ай жерді айналса, жерде әйел ерін айналады. Қазақтың үлкендерінің өздерінен кішілерге айналайын дейтіндері тағы бар.
    Жер – Ер азамат. Жердің сөз түбірі Ер болатыны осы. Ал, Азаматтың түбірі Аз. Бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың есімі. Жер – Атаң мен анаң сияқты.
    Ай (Әй) – Әйел. Аспандағы Ай жердің серігі, жерде әйел ердің серігі.
    Осы жағдайларды саралай келе, егер біз осы дәстүрімізді жоғалтып алмасақ, шын мәнінде бүкіл жер бетінде қазақтың қарияларынан бақытты адамның жоқ екендігіне көзіміз толықтай жетеді. Әр азамат «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген ата – бабаларымыздан қалған даналық өсиетті естерінде ұстауға міндетті.
    Демек, ата-анасын өлгенде аруағын, көзінің тірісінде өздерін және өзінен жасы үлкендерді сыйлай білмеген жанның, өзін қазақпын деп атауға да, жер басып, ел билігіне араласуға да ешқандай құқығы жоқ. Ондайлардың орны «орыстың орманы» мен қазақтың «мал қорасында».
    Қазақтың әлемге әйгілі ұлы қағаны Шыңғыстың мына сөзі осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.
    «Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
    Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
    Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!» (Шыңғыс қаған).
    Осындай тәртіп орнатқан адамның жауыз болуы мүмкін бе?
    Тарих тағлымы: Ата-бабаларымыз ондайларды азғын, немесе «шіріген жұмыртқа» деп атап, елден аластаған. Қазіргі таңда ондайларды, елден аластау қолымыздан келмегенімен, биліктен аластау қолымыздан әбден келеді".

    • #26
    • Бекен
    • сс, 03/01/2017 - 0:00

    22-нің пікіріне сәйкес менде Сізден Пирамидаларды кім салғаны жайлы пікіріңізді білдіруіңізді өтінемін. Бүкіл дүниенің бәрін жазғанда Сіздің Пирамидалар жайлы ештеңе білмеуіңіз мүмкін емес. Жауап жазыңыз?

    • #27
    • наиман
    • сс, 03/01/2017 - 0:15

    Кожырбаиулынын бирде бир макаласн окымаимын! Жеткени сол болса,рениш жок! Онын жеткен денгеи сондаи,пикирде аитпаимын! Бирак еркин казактардын пикирине суисинемин! Ешкимдеге багынбаиды,оз пикири бар! Минусыда,плюсиде бар! Хандарын халыктын созимен,Билердин аитуымен саилаган,унамаса ,алып тастаитын,Кас Сактардын Урпактарын корип отырмын! Ак кигизге котеритинде,сол баягы Турки Еркин Сактар! Жыраулары,Батырлары Ханга бетке аитатын сол баягы Сактар! Арине,заманга караи кемшиликтери бар,бирак туби сондаи! Барибир каны жибермеиди екен,оган козим жетти! Бар болындар Бауырлар!

    • #28
    • DUMAN MAKANSHY
    • сс, 03/01/2017 - 0:35

    Тарихшы Серікжанның айтуы бойынша Наймандар мен Керейлердің Қыпшаққа еш қатысы жоқ. Қыпшақтар - Көк Түріктердің билеуші тайпасы. Олар Көк Түріктер қағандығы 8-ші ғасырда құлағансоң, оның орнына келген Көшпелі Ұйғыр қағандығынан қатты қысым көріп, Ертістен өтіп кəзіргі Қазақ даласына жеткен. Көшпелі Ұйғыр қағандығының кəзіргі ұрпақтары Сарыұйғыр деп аталады. Кəзіргі Ұйғырға қатысы жоқ, көшпелі халық. Кəзір Қытайда тұрады.

    Ал Наймандар Кидандар империясынан бөлініп шыққан. Керейлер болса сол "сегіз тайпалы" халық аталған Қидандарға ( Темір Империяға) қарсы күрескен, көшпенді халық ұрпақтары, бұл халық Қытай жазбаларында "Цзубу" деп аталады. Міне бұл үшеуінің арақатынасы.

    • #29
    • Маған ұнады
    • сс, 03/01/2017 - 0:38

    «Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
    Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
    Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!» (Шыңғыс қаған).
    Осындай тәртіп орнатқан адамның жауыз болуы мүмкін бе?

    Біз қазір не істеп жүрміз. Ата-Анамызды қарттар үйіне апарып тастап, балаларымызды шетел асырып билікте жүрміз. Қазақтың ұлттық зиялы қауымы, ғалымдары, ақындары, жазушылары қайыршының күнін кешіп жүр.

    • #30
    • Маған мына бір жері қатты ұнады
    • сс, 03/01/2017 - 0:42

    27-Найманға! Маған мына жері қатты ұнады. "Атам Қазақтың Ата салтында балаларына басқаның бәрімен ойнаса да атасының сақалымен ойнауға, адамды айналуға, адамның үстінен аттауға, дастарханды басуға, дастарханды айналуға қатаң тыйым салынған. Кез-келген дастархан басынан келген ізіңмен қайта шығуға тиіссің. Себебі, дастарханның сөз түбірі Ас (Аз), бұл ең ұлы түпкі атаңның есімі, яғни бұлардың бәрі қазақтың Ұлы Жаратушы - Алладан кейінгі ең ұлы құрметті ұғымы Атаға байланысты. Қазақтың Ата салты бойынша Ата-Анаңның көзі тірісінде де, Ата-анаң ана дүниелік болғанда да оған деген құрметің мен сезімің ешқашан өзгермеуге тиіс. Егер де кімде-кім өз жүрегінде осындай сезімді сезіне алмаса, онда сенің Алланың қарғысына ұшырап маймыл мен шошқаға айналып бара жатқаның".

    Ал жаманда аталарыңды осы сөзден кейін.

    • #31
    • Керекуден
    • сс, 03/01/2017 - 0:53

    26-Бекенге! Сіз оны Қожырбайұлынан сұрамаңыз. Ол Сізге Пирамиданы Қазақтар мен Адайлар салған деп дәлелдеп бермесе маған келіңіз.

    Сіз одан да бұл сұрақтың жауабын ештеңе оқымай-ақ бәрін білетін 27- Найманнан сұраңыз.

    • #32
    • Танданыс
    • сс, 03/01/2017 - 1:13

    Ай Абай кз сіздер осы қуғынбай ғалымдарды қайдан табасыздар

    • #33
    • Өмірден алынған жай
    • сс, 03/01/2017 - 6:33

    Қазақстанда екі "Ш"- дан басталатын нәрсе тұрған кезде өзгелерге үлкен билікті аңсауды қою керек қой. Шымкенттіктер Астанаға топырлап келе бастағалы жергілікті кадрлар жұмысты жақсы істей бастады. Олар тіпті обедке де шықпайды екен. Қалай олар креслоларын босатып түсі асқа шығады бірден орындарынан айырылатыны біледі. Сондықтан екі "Ш" тұрғанда бастық болудан үміттеріңді үзіңдер!!!

    • #34
    • Ақиқат шындықты айтам!
    • сс, 03/01/2017 - 6:40

    Наймандардың проблемасы өр кеуделігінде! Бастықтардың артына қалай кіруді білмейді. Мансап жасау үшін, біздер, шымкенттіктер сияқты тілі майда болып, бастықтардың артына сабынсыз кіруді білсе кез келген деңгейде басшы боп отырар еді. Биліктің заңын игермей қалай бастық боламыз дейтіндерді түсінбеймін! Мәселе кәсіби білімде емес, кәсіби кіруде!

    • #35
    • 34 -ке
    • сс, 03/01/2017 - 11:11

    шындық,артқа кіру де табиғат берген талант.

    • #36
    • Тарих оқыған
    • сс, 03/01/2017 - 11:39

    Наймандарды билікке жолатуға болмайды,өйткені олар бұрын христян болғандар

    • #37
    • Төре
    • сс, 03/01/2017 - 11:47

    "Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!" Міне даналық! Бізде қазір данышпандар жоқ! Данышпансымақ ғалымдар көп. Солай болған соң, патшамыз сол "данасымақтарымызды" қорлап, шоқайын "он сүйгізеді" міне даналық. Олардың тізімін бермей-ақ қояйын?

    • #38
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • сс, 03/01/2017 - 12:26

    Иә-ә, біздің Халық болып ... Ұлттық санаға жетуіміз, сірә өте қиын-ау ?!... Мынау пікір жазғандардың санасы мен азаматтықтарынан ЖАН түршігерік екен. Шынымен-ақ - Ұлт болып... Ұлттық санаға жеталмай-ақ құрыйтын шығармыз ?!?..
    Айналайын бауырлар, Руыңды білу мен сыйлау ... Ұлттық ТЕГІҢДІ сақтау үшін... Ата-бабаң қалдырған аманат қой...

    • #39
    • Жеңіс
    • сс, 03/01/2017 - 13:25

    «Авеста» кітабында б.д.д 47 жылы Хань империясымен соғыста Ғұндармен бірге Наймандар Алтайға асады. Б.д. 93 жылы басталған екінші миграцияда Ғұндармен бірге Наймандар Алтай, Жетісу, Солтүстік Каспийді басып, батысқа кеткен. Сол Наймандардың тамғасы V (шөміш), туы қара түсті (мәңгілік символы), шеттері қызыл бахрама желбірмен көмкерілген. Тудың алдыңғы жағында жоғарыдан төмен жасалған жіңішке ақ сызығы болып, тудың ортасында тамға ашық қызыл түспен берлеленіпті. Ұраны «Қаптағай». Ер Қаптағай мен Қыпшақ Ойбас әскер басы болыпты. Атиламен Рим папасы Лео келіссөз жүргізген кезде, Атиланың қасында Ер Қаптағай мен Ойбас болғандығы суретші Рафаэльдің салған портретінде бейнеленген. Ол портрет Ватиканның мұражайында сақтаулы тұр. Сонда Римді бағындырған негізінен Наймандар мен Қыпшақтар болып шығады. Наймандар сол кезде тек «көк тәңірге» ғана сыйынған делінеді.
    Ерте кезде Наймандар той жасап, көк бұқа сойып, мүше тартқандарында елінің қуанышын көкке жеткізгендей көтеріпті. Наймандардың халық музыкасында «Көк бұқа» күйі беріге дейін орындалып келіпті. Моңғол дәуірінен бұрын Алтайда бір үлкен ас өтіп, оған Найман, Керей, Уақ, Меркіт елі қатысады.
    Профессор М.Оразбай: «Найман атау этнонимы б.д. дейінгі Ғұн мемлекетінің тайпалар атауы жазбаларында кезігеді», - дейді. «Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсанында» атты мақаласында, тарих ғылымының кандидаты А.Қадырбаев: «Б.з. ІІ мыңыншы жылының басында Қазақ даласында орын алған этносаяси үрдістерде Наймандар айтарлықтай рөл ойнады. Қазақ шежіресі бойынша олар қазақ халқының тең жарты құрамын құрайды. Найман ұлыстарын ертетайпалық негізде қалыптасқан этносаяси мемлекеттік құрылым деп қарауға болады», - дейді.
    Қытайдың 618-907 жылдардағы тарихы жазылған «Таң» кітабында: «Най-жиншань» тайпасы батыс және шығыс түріктердің арасына кіріге орналасқан. «Үш арыс Иеху» дегендер солар. «Най» сол кезде Жиншань (Алтай) тарапындағы ең қуатты тайпа», - делінеді. «Най» тайпасы тарихта бар. Қытайдың ғалымы Уи Иуан жылнамасында: «Б.ж.с. дейінгі 96-93 жылдар аралығында Жөнші (Чынжу) күнму қайтыс болып, оның ұлы Най би жас қалады. Найдың шешесі ғұндар патшасы еді. Жөншінің орнына таққа оның немерелес туысы Оңқа күнму отырды. Оңқа күнму қайтыс болған соң, таққа Най би келіп, ол Үйсін еліне апат әкелді. Най бидің ұлы Гингишу қолбасшы болды. Үйсіндерді қолдайтын Хан патшалығы ол оқиғаның өздерімен қарым-қатынасқа ауыр зардап әкелерін сезіп, Жақ-зұнды деген елшісі арқылы Най биге көп алтын-күміс, асыл бұйымдар тарту жасады. Най биді билікке бақталас Оңқа күнмудің ұлы Өжет деген мерт қылды», - делінеді. Бұдан Най биден бастап «би» деген лауазым, ел басқаратын атақ болғаны аңғарылады. «Би» деген лауазым қазақта ХХ ғасырға дейін сақталғаны тарихтан белгілі. Орта Азияның ежелгі тарихын зерттеуші Жапон ғалымы Сиратори: «Үйсіндермен соғысқан Най би қаңлы елінің патшасы еді», - дейді. «Қаңлы» сөзінің мағынасы «Сыр бойын мекендеушілер» дегендік. Өйткені, ертеде Сырдарияның орта шені «қаң» немесе «хан» деп аталыпты. Сиратори «қаңлы» деген сөзді «қарулы», «жақсы-жайсаң» деген мағынада береді.
    Иран билеушісі Арғын ханның ұлы Ғазанғали әл-Рахмет ханның уәзірі, қызу қаңлы қожа, тарихшы Рашид-ад-дин: «Алғашында Наймандардың жерінде Бетеш және Найман деген бір-біріне жақын отыратын екі тайпа болды. Бетештерді Наймандар бағындырып, олар «Бетеш Наймандар» немесе «Бетеш-Найманның он мың үйі» деп аталды. Сөйтіп, Наймандар жері кең, жан саны мол» іргелі елге айналған», - деп жазады. «Тәңірі жасағы» ғылыми этнографиялық зерттеуінде Сарқытбек Шора: «648 жылы қытайлар Өтукен (Оты кен) тұрағында Суиюше (Түрік нәсілінің Сиыршы елі, тарихта Сеир деп жазылады) мемлекетін толық жойып, олардың қыспағында қалған 30 мың Сиыршылар жиналып Найман елін құрайды», - дейді. «Шинзи» еңбегінде тарихшы Сыма Цян: «Ғұндардың басшысы Мөде б.д.д. ІІ ғасырда солтүстікте Динлин, Синлиндермен қатар, Қырғыздармен қосып Суиюше елінде өзіне қаратты», - деп жазады. Яғни, Найманның арғы ататегі Суиюшеден шыққан болса, онда б.д.д. ІІ ғасырында Ғұндарға бағынғаны айқындалады.
    «Тюркская баллада» кітапшасында Сарқытбек Шора: «Б.д.д. ІІ ғасырынан бастап біздің заманымыздың ІХ ғасырына дейін Суиюшелер Ғұн империясының негізгі күші болып, Ұлы-Иозылардың сапында, Түрік қағанатында бастапқы рөлдерде болды», - деп жазады. Бұрынғы Сеирді, одан Ордосқа келген соң аталған Суиюшелерді, Қытайлар аталуын сан құбылта өзгерте «циюше, киюше, сир, се, бома, ишибо, цзубу, сицзе, сеяньто, яньто» деп жазады. Тонуқұқтың VІІІ ғасырдағы ескерткішінде: «Сеирлар түрік ұлыстары мен тайпаларының басын біріктіріп, Қытайға қарсы тұрған», - деп жазылған. Сеир этнонимі түріктен кейін екінші орында аталады. Бұл Сеирлардың (Сиыршылардың) үлкен ұлықтық дәрежесін білдіреді. Біздің дәуірдің І ғасырында Сиыршылар түрік тектілердің бастарын біріктіріп, үлкен этнос құрып, жері Орталық Азияның үлкен бөлігі, Алтай тауынан Хазарға дейін ұласыпты. Көне Қытай деректерінде б.д. ІV ғасырында Сеир елін Алатау деген басқарғаны айтылады. Жужандарды VІ ғасырда Түркілер жаулағанда, негізгі әскер күші Сеирлардан тұрыпты.
    Сол кезеңде Сиыршылар екіге жіктеліп, бірі Алатау тауының шығыс өңіріне, екіншісі Алтай тауының оңтүстік батысына орнығып, Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарын орнатуға ат салысыпты. Екі жүз мың қол әскер шығаруға мүмкіндіктері болған екен. Сиыршылар 646 жылы ішкі іріткі мен жан-жақтағы анталаған қарсыластары, әсіресе Қытайдың әсерімен ұсақ бөліктерге жіктеліпті. Одан 648 жылы Өтукенде 30 мың Сиыршылар Қытайлармен ұрыста тұтқын болып, 5 мыңы өліп, қалғандары әр елге ыдырап тыныпты. «Сиыршы (Сеир)» атаулы этноним 735 жылдан бастап ешбір тарихи дерек көздерінде аталмайды.
    VІІІ ғасырдан бастап Сиыршылардың тармағы Найман мен Жалайыр әлем тарихына шығады. Моңғолдарға елші болып барған христиан сопы-минориті Вильгельм Рубруктің мәліметінде: «Теріскей елдеріндегі бір ыңғай діни билік Кон-хам (Қарақатай) есімді бір сәуегей кісінің қолында тұр. Олар Алтай мен Тянь-Шань қырқасы арасында жатқан ел. Сол таулар арасында христиан-несториан дінінің пасторы Найман деген халықты билеп-төстейтін «құдіретті бақташы» кісі тұрады. Кон-хам өлгеннен кейін, әлгі несториандық өзін «дін королімін» деп жар салып, оны христиан-несториандар король Иоан деп атады», - деп жазады.
    Несториандық ағым ерте пайда болған. Басы бір Тәңірге сенген ханиф Ахменидтерден бастау алады. Ол дін Парсыдан Сирияға таралады. Византияға да өтеді. Көне Парсы тілімен неостариандық ағым дінін таратуға Олопен деген 635 жылы Шығыс Азияға немесе Алтай өңіріне жетеді. 428 жылы Константинополь архиепископы болып нәсілі парсы, гректен шыққан ғалым Несторий тағайындалады. Бір тартыста Несторийдің «Тәңір анадан тумаған» деген сөзін, оны көре алмас христиандықтар Дева Марияға арнап айтылды деп теріске бұрмалайды. Эфес соборында 431 жылы тағы да жиын өтеді. Несторий Иисус Христосты некесіз туған Дева Марияны «шоқындыны туушы» деп атауды ұсынады. Христиандар Дева Марияны Умай (Ульген, Ерлік) анамен, яғни Жаратушының әмірін орындаушы ана кейпімен теңестіріп, ал Иисусты Тәңір қылмақ болады. Осы ойларын бара іске де асырады. Өтірікке қарсы болған Несторийді Египет епископы Кирилл жеңіп шығады. Император Феодосий-ІІ Несторийді 441 жылы қуғындап, ақыры ол өмірінің соңын кедейлікпен өткізеді. Несторийдің жақтастары Константинопольдық (Стамбұлдық) діни ұғымға қарсы тұрып, Нисибеде Несторийдің діни ұғымы туралы оқу ілімін орнатып, үлгісін Тұнық мұхитына дейінгі елдерге таратады.
    Наймандар несториандық дін ағымын Сириялық миссионерлер арқылы қабылдапты. Христиан-несториандық дін ағымы туралы Лион шіркеуіндегі киевтік митрополит: «Тәңір мен оның ұлы – аспанда, ал Шірхан – жерде», олар әлемнің бір ғана иесіне сенеді. Әр таңертеңгілікте Жаратушының құрметіне қолдарын аспанға жаяды. Олар правосиялықтар тәрізді қолдарын көкірегіне қойып шоқынбайды. Егер тамақтанса, онда дәмінің алғашқы түйірін Жаратушының құрметіне әуеге шашады, егер су ішсе – шамалы бөлігін жерге құяды», - деп сұрағандарға түсіндіріпті. Лео де Хартог: «Несторийдің айтуында Иисус Христос адам болып туып, одан соң Тәңірдің баласы атанады. Нестериан дін ағымы шығыста Убсу-Нұрадан қара Ертіске, оңтүстікте Зайсанға, күншығыста Селенга өзеніне дейін жерлердегі елдерді қамтыған. Наймандар ол дінді көршілес Ұйғырлардан қабылдаған», - деп жазады. Несториондық дін ағым дегеніміз - мұсылман дініндегі мутазалиттік ағымның егізі. Мутазалиттік ағымнан кейін Наймандар мұсылмандықты қабылдапты. Сондықтан наймандар ешқашан христиан болған емес.
    Әлкей Марғұланның зерделеуінше Наймандар Батыс-Түрік қағанатының құрамында болған. Ол дерек VІІ-VІІІ ғасырлардағы Орхон жазуларынан да аңғарылады. Наймандар басында «үш оқ Оғұз» атауынан «сегіз Оғұз» атауымен аталып әйгіленеді. Ал, солтүстіктегі Оғұздар «тоғыз Оғұз» деп аталады. VIII ғасырдағы “сегіз Оғыз” бен XIII ғасырдағы тарихи жəне этникалық-тұқымдық байланыс жайлы толық тұжырым жасалады деуге болады. Л.Л.Викторова өз зерттеулерінде əртекті мол тарихи деректер мен зерттеулерге талдау жасай отырып, Найман əулетін əуелде «сегіз Оғыз», кейінірек “Цзу-бу” əлде “Найман” деп аталып кеткен Оғыз тайпасынан шыққан түрік тілдес халық екенін дəлелдеп бақты. “Сегіз Оғыз” атауы алғаш өзінің меншікті тоғыз Оғыз халқын оқ пен оттың күшімен жинап біріктірген Түрік қағанатының соңғы əміршісі Өзміш-тегінді 745 жылы жеңген Ұйғыр ханы Мойыншора ескерткішінде кездеседі. Мойыншора “сегіз Оғыз” бен “тоғыз Татарды” өз халқым деп, Ұйғырлардың үстемдігін мойындатып, өзіне бағынуларына ұсыныс жасаған екен. Мойыншора “сегіз Оғыздың” Ұйғырларға тəуелді болғанын əділдік жолы деп санап, қызмет қылып, еңбек етуін қалапты. Сөйтіп, сегіз Оғыз бен тоғыз Оғыз бір этникалық топ құраған десе болар. Күлтегін ескеркішінде сегіз бен тоғыз Оғыздар біріккен одақ екені айтылған. Ұйғырлардың табанына түскеннен кейін “сегіз Оғыз” тарихында ІV ғасырға созылған қара түнек заман басталады. “Сегіз Оғыз” Қытай мен Тибетті дірілдеткен сол көздегі ең күшті мемлекет Ұйғыр қағанатына барлық жағынан да тəуелді екенін мойындапты. Бұлардан соң “сегіз Оғызға” өздері құлап қалғанға дейін Қырғыз қағанаты үстемдік етеді. Қиданның Ляо империясының құрамында болып келген “сегіз Оғыз” ендігі жерде Монғолша “Найман” есімімен белгілі бола бастайды. XII ғасырдың тарихшысы Ата Мəлік Джувейни Наймандарды кейде “Сегіз” деп, ал Джемал Қаршы Наймандардың сүт кенже ханы Күшлікті “Кучлуг хан Ас-Сегізи” деп атайды. С.Қаржаубай бұрынғы заманның ТЭС жазуындағы өшкен әріптерді тірілтуі арқылы «сегіз Оғыз» Найман екенін «Могоин шинэ усун» бітіктасы жазуларын оқуымен дәлелдеген.
    Наймандардың атасы “сегіз Оғыздың” VI–VIII ғасырлардағы түрік тектес екендігіне Орхон жазбалары куə.
    Қытай тарихи құжаттарында: «Найман атауы 850 жылдан белгілі болған. Байқал көлінің оңтүстігінде отырған. Орхон мен Тарим бассейнінен Қара Ертіске дейінгі жерлерді иемдеген», - делінеді. Грум-Гржимайло: «ХІІ ғасырда Наймандар Ононнан Тарим өзендері аралығындағы кең алқапқа жайыла қоныстанған», - дейді. Рашид-ад-дин: «Наймандар - Үлкен Алтай, Қарақорым, Көк Ертіс Қырғыз еліне дейінгі тау аралығы мен Он хан жерімен шектеседі», - деп деректейді.

    • #40
    • !
    • сс, 03/01/2017 - 13:34

    поезға Ақадыр станц.міндік.Үлкен кісі Алматыға жеткенше Шыңғыс хан туралы айтты.Мойынты мен Хантау станцияларының арасында көп сыр-шежіре тұнып жатыр деді.неліктен Хантау аталды деп сұрады да өзі жауап берді-ұлы Шыңғыс осында болуы да мүмкін деді..иə үлкен кісі болжап айтса да қазақтың кең даласының бір жерінде хан жатқан болар.оны ешкім де таба алмайды.

    • #41
    • 34 пен 35-ке
    • сс, 03/01/2017 - 14:57

    Айтқандарыңды нақты мысалмен дәлелдесеңдер екен, себебі жалаң сөздеріңнің артында рушылдықтарың тұмсыған қылтитып қойып тұр, кім не дер екен деп. Сөз мығым тіректі болуы керек қой, әйтпесе оны көшедегі майлыаяққа да айта салуға болады.

    • #42
    • Н.М.М.
    • сс, 03/01/2017 - 15:49

    Бұрынғы тарихшылар қайда?

    • #43
    • Мықи
    • сс, 03/01/2017 - 16:16

    Осы наймандар бүкіл тарихында құйтырқы істермен айналысқан, ә? Қай жерде дау-жанжал, сатқындық болса, осылар бар, әйтеуір. Соған қарағанда озал бастан қаны бұзық ел-ау деймін. Негізі, бұлар басына күн туса Жақиянов пен Тоқтасынов құсап туысқандарына барады, яғни қытай асады.. Қажыгелдин, әне бір пияз дауына шатылып жүрген мұрынбоқ... бұлар көп. Тіпті, Аустрияда асылып өлетін күйеу бала да тіней, яғни, қоңыратқа кірме найман. Жәлап ит жырауды айтпай отырмын әлі. Так ышто, бетіне жібермеу керек. Қазақстанда бір-ақ ру бармыз. Қай ру екенін біліп отырған шығарсыздар. Жасасын, тәуелсіз Қазақстан! Жасасын, Назарбаев!

    • #44
    • Ахмет
    • сс, 03/01/2017 - 16:22

    Осы хандардын кай жузден екенин жазындаршы кенесарыга дейiн.

    • #45
    • Бекжан
    • сс, 03/01/2017 - 17:53

    Найман Хандарыда Асылұя династиясынан болғандар. Яғни олар ешқандай Найман болмаған, Найман тайпасы олардың әскері тірегі болған. Найман тайпасында ертеде Ас деген ру болғаны айтылады шежірелерде, міне осы Ас дегендер сол Найман Хандарының руы немесе жігі.

    Ал Маңғыл тайпасының Хандары баршаға белгілі Шыңғысхан ата бабалары болған және олардың жігі атауы Бөріжігің.

    Найман Хандарының Шыңғысхан билігін мойындамауы олардың ертеден бақталас болған екі династиядан екенін көрсетеді. Ол екі династияда арғы тегінде Асылұя тайпасынан тарайды. Асылұя тайпасы Хунь империясы заманынан бүкіл евразиядағы түркітілді халықтарды билеген династия.

    Найман Хандары жататын Ас руы демек Тюрки Ашина династиясынан болғаны (Татар тайпасы Хандарыда солай болар). Ал Шыңғысхан шыққан Бөріжігің руы болса Шибөраш династиясынан болған.

    Қарадан Хан болмаған ешқашан. Хан тегі арғы тегінен Асылұя династиясынан тарауы шарт болған. Осыны түсіну қиын емес ғой рушыл бауырлар. Найман Хандарының ұрпақтары сол Найман тайпасы құрамында қалды, алайда олар Ислам діні ықпалымкен алдақашан қарапайым рулармен құдаласып араласып сол рулапрдың құрамында қалған деу орынды. Татар Хандарыда сол Татар ұлты құрамына сіңді. Қаңлы Хандарыда сол Қаңлы тайпасына сіңді. Сондықтан қазақты руға бөліп бос дауласу не қажет.

    Шыңғысханның өзінен тарағандардан қалыптасқан ру Төре деп аталды және солар ғана Ресей болыс сайлауын енгізгенге дейін Қазақ халқының "мемлекеттілігінің символы" болатын (Англиядағы Корольдер әулеті немесе Жапондардағы Императорлар әулеті тәрізді). Осы символды болашақта ұмыттыру үшін Ресей әр қазақ тайпасына өз болцысын сайлауды енгізді. Осылайша "болыс болып өз тайпасын билеу ұнап қалған" Құнанбайлар "қазақ мемлекеттілігінің символы" болған Төре билігін мойындаудан бас тартты және Кенесарыға қарсы жорыққа қатысты дейді кейінгі зерттеушілер.

    Шыңғысхан мен оған дейінгі сонау Құң Империясы заманынан бар Хандар Династиясының байланысын анықтау үшін және ол Династиялардың қазақ халқына жататыны мен Шыңғысханныңда Қазақ халқынан екенін өзгеге дәлелдеу керек. Сол үшін амалсыз Шапырашты, Ысты, Беріш, Қоңырат, Ысық, Жаппас, Шеркеш тайпаларының сол Хандар Династияларынан қалыптасқан тайпалар екенін айтамыз. Мұны осы тайпаларды өзгеден артық деп отыр деп қабылдамау керек.

    • #46
    • Төребек
    • сс, 03/01/2017 - 18:06

    Бекжанға! Найман ру ма? Тайпа ма? Осы екі атаудың айырмасы қандай?

    • #47
    • Жаңаарқадан
    • сс, 03/01/2017 - 18:31

    45-Бекжан деген адам жағымпаз,тарих ақиқат болу керек.ал ішіне өтірік кірсе ол не болады?амалсыз деп жазып отыр екенсіз,

    • #48
    • қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 19:20

    Рушылдықты қоздырудың пайдасын көрген ешкім жоқ, сол ежелгі және орта ғасырларда-ақ Шыңғысханға "бажа" болдық дегендер түгілі оның туған ұлдары мен немере-шөберелері бір бірімен қырқысып, соғысып, өздері билеген хандықсымақтарын құртып, ақыры басқа бір империяға құлдыққа жығып берген.Онан кейінгі қазақты қараңыз: сол рушылдықпен отарлыққа түссе де, тек ру деңгейінде, ауыл-ауыл, қауым деңгейінде әлі күнге дейін қырқысып келеді. Оны ақтау үшін өздері бұл ру қырқысын орыстар мен оңбаған кеңес өкіметі қоздырған деп айыптайтынын қайтерсің! Совет өкіметі қазақты қырып жойса да, сол ру қырқысынан тазартып еді. Қазір бәрі қайта қозды. Рас болса қазір әр ру тайпаның әр қалада өз "президенті", реттеу алқасы бар дегенді естиміз. Әр ру бір бірімен бәсеке, ұстаса кетуге әзір дейді.Сонда мафия мен коррупциямен өкімет, қоғам қалай күреседі?! Сөз жүзінде бәрі керемет сияқты, сонда жасырын түрде бәрін реттейтін рушылдық идеологиясы ма? Қазақ жетіскен екен онда !!! Рушылдықпен, орта ғасырлық идеологиямен күресу үшін, бұл мемлекетті ірітіп, шірітетін шежіресымақ тарихи "ертегілерді" тоқтату үшін ресми мемлекеттік тарихнама туралы арнайы заң қабылдап, "бар дүние, бүкіл адамзат адайдан жаратылған" деген сорақы идеологияға тоқтау салып, тарихи тақырыпқа жазылған әр мақала мен кітап Өзбекстанда Ислам Кәрімов енгізген қатаң заң негізіндегі сияқты арнайы сүзгіден өтуі керек. ҚАЗАҚСТАНҒА ТАРИХТЫ ӘРКІМ ӨЗ ҚАЛАУЫНША ОЙЫНШЫҚҚА АЙНАЛДЫРМАЙТЫН АРНАЙЫ ЗАҢ КЕРЕК.

    • #49
    • Төре
    • сс, 03/01/2017 - 19:34

    Адам баласы тұрмақ төрт түлік малдада аталық тізбек болады. Ол тізбек ереше жоғары көрсеткіштерімен ерекшелетін аталық жануардан басталады. Жылқыда-жүйріктік, іріқарада салмағы, сүттілігі, осы тәрізді басқа малдардада өзінің көрсеткіштері болады. Бұл селекцияның талассыз заңы. Адам баласындада Аталық тізбек ерекше даңқты хан, батыр т. б. атақты артында көптеген ұрпақ қалтырған тұлғалардан басталып дамиды. Бұл генетиканың бұлжымас заңы. Менің айтайын дегенім, басқалар емес, Қазақ Төрелері туралы; Қазақ Төрелері, Ата-Бабасы Хан Шыңғыстан басталатын Қазақтың ТӨРЕ РУЫ! Төре руын ешқандай румен қоспақ болып, арамтер болмай-ақ қойыңыздар? Одан түк шықпайды. Бұл генетика-биология заңы. Төрелер Қазақ халқының бөлінбейтін ең сүбелі руларының бірі. Оған дау болмас деп ойлаймын! Оны шешетін тек қана Төрелер.

    • #50
    • Төреге қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 20:21

    Бүгінгі адамдарды тура малға теңеп, асыл тұқымдық іздеу тұрпайы әрекет болуы мүмкін. Әрине, генетиканың эволюциялық заңын бүгін биологияда, мал, жан-жануарға байланысты ғылымда пайдалану қажет. Бұл қағидат қазақта да тектілік ұғымында сақталуға тырысқандығында, сақталғандығында дау жоқ. Әйтпесе, Шоқандар, Қаныштар, Шапық Шөкин, Салық Зимановтар, Манаштар қазақ қоғамында шықпас еді.
    Сіздің айтқаныңыз, дегенмен, мынадай ойды айтуға мәжбүр етті: заман алға жылжиды, заман өзгереді, елу жылда ел жаңа дейді, бұл адамзат қоғамының даму заңы, даму диалектикасының заңы. Эволюция мен селекцияның заңы Сіздің зерттеу салаңызға қаратып айтсақ. Бірақ жақсы көрсеткіштің бәрі дұрыс сұрыптау арқылы алынатынын білесіз. Ал қазіргі хандық дәуірі келмеске кеткенде, қоғамның бетке ұстар азаматының, тұлғасының бәрі білім, талант, іскерлік арқылы айқындалатын заманда бәрі тек төрелерге тіреліп тұр деу дұрыс емес сияқты. Хандық билікті орыс патшасы жойған соң қазақтың хан билігінің мұрагерлерін өзіне қарату үшін, қазақ қоғамын біржола билеу үшін орыс империясы төрелерге жағдай жасағаны, оқытқаны, оларды пайдаланғаны белгілі. Онсыз Шоқан да, Жәңгір де, Жаһанша Сейдалин де, Әлихан да, басқалар да шықпас еді. Оларға ілесіп, қазақтың ауқаттыларының балалары да, Жақып Ақбаев, Мұхаметжан Қарабаев сияқты талантты жастар жоғары білім алмас еді, Ыбырай Алтынсарин, Абай шықпас еді, тіптен Халел Ғаббасов сияқты жетім өскен кедейдің баласы да МГУ-дің физматын 1913 жылы алтын медальмен бітірмес еді. Бәрі адамның жеке басының қабілетіне, талантына, өз мұратын, миссиясын ұлты, халқы үшін биік мақсаттарға бағыттай білуінде болып тұр ғой. Сізбен жалпы келісемін, бірақ төрелер сияқты қазақтың жалшы, қараларына да кезінде жағдай жасалып, оқытса, тәрбиелесе - қазақ мүмкін бүгін басқашаа өмір сүрер ме еді.Төрелерде білімге, олар үшін алға ұмтылуға билікте болған әкелерінің, жақындарының материалдық, әкімшілік ықпалы әсер еткені белгілі. Ал тақыр кедейде ол болған жоқ. Сондықтан Сізбен бұл жағынан келіспеймін. Төрелерді сыйлау керек. Мен өзім де төрелерге /Бөкейхановтар әулеті арқылы/ жиенмін. Бірақ бұл менің өз ұстанымымның болуына қатысы жоқ. Мен үшін Сәкен Сейфуллиндер, Нығмет Нұрмақовтар қадірлі. Екі жағын да ардақтаймын.

    • #51
    • иии №43
    • сс, 03/01/2017 - 20:22

    МЫХИ - сайтан не оттайсың... Сені АРУАҚ атсын ???...

    • #52
    • Төре, қазақбайға
    • сс, 03/01/2017 - 20:56

    Менің Қазағым айтқан "жиен ел болмайдыны". Сөз саптасыңызға қарағанда сіздеде төреге лайық жігер "жын" бар сияқты... Тұрпайылықтың не екенін Төрелер білуге тиііс - жиен мырзам, алыптар анадан туатынын ұмытпайық! Жануар мен адам баласының жалпы биологиялық даму заңдары өте ұқсас. Мәселе осы туралы, одан ши шығару сізге жараспас? Кейбір адамдарға қарағанда, малдада жағымды қасиеттері бар болатынын білетін шығарсыз, "жиен төре". Сіз айтып отырған Қазақтың бетке ұстар азаматтарын білмесем, несіне Төремін! Шапық Шөкин, Салық Зимановтар, Манаш Қозыбаевтармен кездескенмін, олардың қай-қайсысының не тұратынын білем. Мәскеуде бір ұлкен Ебеке айтып еді, есіме түсіп тұр; "у тебя сатановская чутиё, к хорошим людям" деп. соның айтқаны...

    • #53
    • Төреге қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 21:23

    Аааай, төреке, айызым қанды, разымын сөзіңізге. Дегенмен, жиен туралы қазақтың мақалы бар, оны менің туған нағашым, Әлихан төренің нағыз жақыны, төре атам айтатын: "Желке - неге ас болмас, - жалы болса, жиен неге ел болмас - малы болса" - деп. Бұл өмірден алынған нақыл. Оны өмір дәлелдеген. Бұл бұрынғы бай мен кедейге, төре мен қараға бөлінген қоғамды түсінген, мойындаған адамдардың сөзі. Өзіңіз де мойындапсыз: /әй, қулығыңыз-ай!/ алыптар анадан туады дейсіз. Алыптардың анадан туатыны рас, бірақ ол адам әрқилы тұрпатта, алып денесіне емес, ақылына қарай танылатынын ескермепсіз. Сіз істейтін эксперименттік биология саласында мал неғұрлым ірі болса, етті болса, салмағы болса - соған ғана назар аударады. Миына, ақылына назар аудармайды. Ал адам генетикасында бұл бизнестік тұжырым жүрмейді.Сіз ол малға жасалған ет жегіштердің ұстанымын халықтың, қоғамның элитасына қолданасыз. Болмайды, кездескенде бұл айыбыңыз үшін жиендік жасаймын.

    • #54
    • Төреге қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 21:34

    Төреке, кешіріңіз, айыптымын, Жаңа жыл құтты болсын! Сізге, ұрпағыңызға бар жақсылықты тілеймін. Сізді көргенде қашандағыдай күліп, жарқылдасып қауышайық!

    • #55
    • Төре, қыңыр қазақбайларға
    • сс, 03/01/2017 - 21:54

    Менің шешем, Алла Тағала, біздерге Төрелерге "жақсы кұйеу бала бермейді?" деуші еді. Неге деп, таңқалушы едім. Қазір түсіндім; Сіздер сияқты "қыңыр" жиендеріне қарап айтқан болар...? Қазақтар тұрмақ, қазы-қартаны (етті) Американдықтарда қатты ұнататын көрінеді. Білетін кісілер айтты! Нағашыларыңыздың "тәуірлеу" қаситтері сіздің ұрпағыңызға да жұғысты болсын. Жұғысты ғана болсын, жиенге осыда жетер, әйпесе артық болар. Жақсы қасиеттері өзімізге "жетпей" жатыр?

    • #56
    • Төреге қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 22:17

    #55 төремін деген сауысқанның сіз емес екені айқын ғой, мына заманда не бір сасық боқ төремін деп "құйысқанға қыстырылмайды"? Оған назар аудармадық, малдың мал екеніне қандай дау бар.
    Шынымен жауапты өзіңіз берсеңіз - не дауа, бәрі ақыл-ойдың деңгейін көрсетеді. Өзіңіз жауап берсеңізші ! Ал шынымен өзіңіз жауап беріп отырсаңыз - бұл төрелердің деградациясының нағыз көрсеткіші деп қабылдадым. Амал который... Төрелердің жеткен жері осы ма?..Төренің бар амбициясы осыған ғана тірелді ме, төренің қасиетін етпен өлшеген Төреке, шын өзің жазған болсаң ...! Төреге қазір жақсы қасиет жетпей жатса айтсайшы, қазақпыз ғой, айтсайшы, былай да тегін бере салайық! Түуууу! Төрелер бейшара болыпты ғой. Намыс, ай, шіркін!!! Әттең төре емеспін!!!

    • #57
    • Қазақбайға
    • сс, 03/01/2017 - 22:39

    Мен сізбен бір желідемін, Төренің мәдениетті түрде дымын қалдырмапсыз ғой. Ол басқалардың қыстырылғанынан емес, Еснғали деген достарына адалдықпен жауап жазған шығар.

    • #58
    • Адам болмаймыз
    • сс, 03/01/2017 - 23:05

    Байқап қарасам,надан әлжуаздар рушыл болады екен.надандық оқымаған көз аясы тар адамдар және оқыған зиялы надандар деп бөлінеді екен. рушыл адамды ұлтсыз,мәңгүрт деп атау керек.Алматы орысқұлдармен рушыл мәңгүрттердің сасық исі аңқыған қала.барсам құсқым келеді.

    • #59
    • 58-ге қазақбай
    • сс, 03/01/2017 - 23:38

    Бүгінгі Алматы ғана емес, бүкіл қазақ қоғамы екі-үш деңгейлік ұстаныммен өмір сүреді. Бірі - мемлекеттік, тәуелсіздік идеологиясы: екіншісі - заңдылық, әділдікті сақтау идеологиясы. Үшіншісі жеке бастық, құлқындық, рушылдық идеологиясы. Мұны ажыратып, күнделікті өмірде ретке келтірер әрекетті көрмедік. Заң жүзінде бар шығар. Бірақ оның басымдығы көрінбейді. Біз білмеуіміз мүмкін. Тетіктері халыққа жетпей жатқан болар, енді жетер.

    • #60
    • Әбу Жекен
    • сн, 04/01/2017 - 0:12

    Маңызы бар мақаланы талқылау, анық пікір айту бар. Бірақ, соған қоса, кейбір "Мықи", "Тарихты оқыған" сияқтылар найманды жамандап лағып кетіпті. Наймандарды кемсіткен анекдоттар шығып жатқаны да рас, - сірә, бір наймандар бұлардың әкелерін өлтіріп, шешлерін қатын қылып алған шығар. Бұларша күйсегендердің есектен артық дәнеңесі жоқ!

    • #61
    • Сөлтек
    • сн, 04/01/2017 - 7:29

    58-ге! "рушыл адамды ұлтсыз, мәңгүрт деп атау керек" деген екенсіз. Атаңыздың (руыңыздың) атын ұмытқанда шыққан шыңыңыз қайсы? Қожырбайұлының мына мақаласымен таныса отырыңыз.

    РУ СӨЙЛЕЙДІ

    «Қазақ рулары - қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

    Ру – Ата деген сөз. Сонау түпкірдегі Адам атадан бастап адам баласының игілігі үшін жасаған жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған, жапырағы жайқалған, алып бәйтерекке айналып елін жақсылыққа жетелеген ұлы тұлғалар ғана ру атын иемденген. Атам қазақтың руың кім дегені – сенің ел танитын ең Ұлы атаңның аты кім дегені.

    Тек қана «ас ішіп, аяқ босатқандар» және қазақ халқының мүддесіне қарсы қызмет жасағандар ешқашан ру атын иемдене алмаған, иемдене де алмайды. Олардың Ру деген сөзден зәрелері кетіп, «төбе шаштары тік тұрып» қорқатын себептері осыдан болса керек. Руға бөліну деген сөзді шығарып жүргендер де солар. Руын білетіндер мен ру атын иемденген Атасының халқы үшін жасаған жақсы ісін біліп, сол үшін мақтана алатындар ешқашан руға бөлінбейді. Олар бірігеді. Біріккенде де арасына қыл өтпестей болып бірігеді. Себебі, олар ұлы аталарының не үшін ру атын иемденгендерін жақсы біледі. Руын білмейтін және оның мәні мен мағынасын зерделей алмайтын тексіздер ғана руды жамандап, руға бөледі. Тегін білген қазақтың бәрі туыс. Ру атаулары – бір кездегі әкелеріміздің аттары, есімдері. Олардың бәрі Қазақ деген бір атадан тараған бауырлар.

    РУ – «Р» және «У», бар жоғы екі дыбыс-таңба. Мағынасы, Р – Ра (Күн Құдайы), Рас (Алланың өзі де рас, сөзі де рас (Абай)), Рахмет (Ризашылық білдіру, «Алла разы болсын!» алғыс), Рә (Рәсім), Ру (Ата), яғни «Р» таңбасы «Күн Құдайы» деп оқылады және ол сөздің қай жерінде қолданылса да көпше мағына беру мен бірге бұйрық райда қолданылады. Мысалы, «лар» «лер», «дар», «дер», «бар», «көр», «жүр», «отыр» «тұр» т.т. Ал «У» – кез-келген қимыл әрекеттің соңы, яғни шырқап шығар шыңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу, өлу т.т.

    Ру деген түбірден туындайтын сөздер:
    Рух – Ру және Ұқ (Нұқ) деген екі біріккен сөзден тұрады. Адамға жігер беретін тылсым күш, яғни барлық Аталарымызбен бірге Нұқ пайғамбар Атамыздың рухы;
    Рухани – Ру, Нұқ хан атын иемденген аталарың сияқты жаныңның тазалығы. «И» - дыбысы ұлы, баласы, жалғасы (мысалы, Иассауи, Жүгінеки, Тарази, Мами т.т.) және әдеби, мәдени, саяси, ғылыми т.т. деген сияқты, соның ішінде, немесе соның ішінен шықты деген мағына береді.
    Рулас – аталас (тумалас). Мағынасы: Ру, Ұл және Ас деген ұғымдардың басын қосады. Ру – Ата (синоним), Ұлымыз – Ұл, ал «Ас» барлық жақсы адами қасиеттің ең биік шыңына шыққан адам. Яғни Қас жақсы (Қас би, Қас батыр, Қас мерген, Қас шешен, Қас жүйрік т.т.) аталарыңнан тараған тумаластарыңның қатарында болу.
    Рушылдық – жамандық пен азғындық атаулының бәрінен қашып, Жақсылыққа жарысушыларды қолдау. Ру атын иемденген бір Атаның ұрпақтарының ішінде ұрлық, зорлық, зомбылық т.т. сияқты қылмыс атаулы болмаған, сол үшінде күні кешеге дейін қазақ қоғамы түрме, зындан салмаған. Себебі, руластар (аталастар) арасында қылмыс жасайтындар болмаған.
    Руна – жазу, дыбыстардың ең алғаш таңбалануы, бастауын Атам қазақтың рулық таңбасынан алады. Руна – Ру Ана деген екі біріккен сөзден тұрады.
    Рубль (орыс ақшасы) – Атам қазақтың руыңды біл, Рупи (үнді ақшасы) – ру би деген сөзі.
    Рум, Румыния, Рус, Рут, Рудаки, Руғила, Руза, Рухия, Руслан т.т. – адам және ел есімдері.
    Бүкіл әлемдегі елдер мен мемлекеттер бастауын Атам Қазақтың «бір рулы елінен» алады.

    Осы айтқанымыздың айдай айғағы, жебрейлердің ықпалымен орыстар өздерін Рус, Руссия, қыздарын Русалка деп атады. Олар ежелде Рус деп аталмаған. Олардың ағылшынша «Маил Ру» дегендері «Руымның адресі» деген мағына береді. Олардың үнемі Руды жамандап, Қазақ халқын Рудың «авторлық құқығынан» ажыратуға барын салып жанталасып жүргендерінің сыры осы. Тура баяғы Қазақ деген ел атымыздан бізді ажыратуға барын салып, төрт жүз жыл бойы біресе Киргиз, біресе Кайсак, біресе екеуінде қосарлап «киргиз-кайсаки» деп жазғандары сияқты. Наурыз мерекемізді 70 жыл бойы тойлатпай қойғандары сияқты. Тіліміз бен дәстүрлі дінімізге тыйым салғандары сияқты. Төл әліппемізді жойғандары сияқты (он жылда екі рет ауыстырған).

    Бүгінгі кейбір «білгіштердің» Аталарымыздың аттарын ұмытсақ, «рушыл болмаймыз» дегендері ешқандай ақылға симайды. Тегімізді (руымызды) ұмытқаннан жетістікке жетсек, қалған ұлттарға қара көрсетпей кететін уақытымыз болды. Ал, Біз болсақ күн озған сайын «рушыл болмаймыз деп азғындықтың батпағына белшемізден батып» барамыз. Мысалы:
    - Жақында ғана 31 канал жаңалықтарынан елімізде 500 000-ға жуық жалғыз басты ана бар екенін жариялады. Әрқайсысында орта есеппен екі бала бар деп есептесек, елімізде бір миллион жетім бала өсіп жатыр.
    - Қазақстандағы қыздардың ерте жүктілігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жиі кездеседі. Бұл туралы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының (ЮНФПА) Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    - Бойжеткен қыздардың тәнін, сұлулығын, көркін бәйгеге салған "арулар сайысы" дейтін жексұрын байқаусымақ қай ата бабамыздан қалған дәстүр? Не үшін, Кім үшін аруларымыздың тәнін жалаңаштап «сахнаға (көрмеге)» шығардық?
    - Тәуелсіздік басында Қазақстан халқы 18 млн. еді. Қазір 17 млн-быз. Мына көрші өзбектер 19 млн. еді, қазір олар 31 млнға жетіп отыр. Нендей себептермен өспей отырмыз? Елбасымыздың 20 млн-ға жетуге тиіспіз деген тапсырмасын неге орындамадық?
    - 25 жылда елімізде төрт миллион түсік тасталған. Төрт млн. сәбидің обалы кімге?
    - Өткен 2016 жылдың қырқуйек айында жетінші каналдан Қазақстан бүкіл әлем елдері ішінен ажырасу бойынша оныншы орынды иемденетінін хабарлады. Сонда батыстық «демократия» мен «гендердік саясатының» бізді шығарған шыңы осы ма?
    - Қазіргі таңда Қазақстанда 700 000 кәрі қыз бен 350 000 сүрбойдақ бар екен. Үкімет пен Парламент қайда қарап отыр? Мұның алдын алу оңайдың оңайы емес пе? Бар-жоғы бойдақ салықты еселеп көтеріп, содан түскен ақшаға баспана мәселесін шешіп, сүр бойдақтарды билікке араластырмай қойсаң болды.
    - Қазақ-қазақ болғалы өмірде болмаған «тірлік» жасап, балаларымызды шетел асырып отырмыз. "Қазақстаннан шетел азаматтары асырап алған (әшейін берілмеген болар) балалардың жалпы саны 8 805-ке жетті. Бұл туралы «ҚазАқпараттың»ресми сауалына ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жолдаған жауапта хабарланды. (10.10.2016 жылы «Ұлт Кз» (http://ult.kz/post/elimizden-shetel-azamattary-asyrap-algan-balalardyn-zhalpy-sany-8-805-ke-zhetti) газетінде жарық көрген).
    - Өмірімізде естімеген "гей" дей ме, лесби" дей ме, «жеңіл жүрістілер» дей ме сондай пәлелерді қаптатып, тіпті айту түгілі ойлаудың өзі ұят Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойғанымызды қалай түсінеміз? Еркекті еркекке, қызды қызға үйлендіріп оны ашық жарнамалап жатқанымыз қалай?
    Мұндай азғындықтың мысалдарын әлі де көптеп тізе беруге болар. Жарайды осымен доғарайын.
    Үш жүз жылға жуық басында патшалық, кейіннен Кеңестік қызыл билік қазақтың рулық шежіресіне, тілі мен дініне, салты мен дәстүріне, әдеттері мен ғұрыптарына барынша жау болып, тамырына балта шабуға тырысты. Қарапайым қағида, Дұшпаны жек көрген дүние сол елдің баға жетпес асылы болып табылады. Демек, жау біздің ұлттық болмысымыздан нені көргісі келмесе, біз ұлттық мүдде тұрғысынан солардың бәрін түгендеп орын-орындарына қоюымыз керек.

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #62
    • Мен
    • сн, 04/01/2017 - 10:04

    43-ші Мықи, 77 атаңды с...... Наймандар бір жеріңнің дал-дұлын шығарған-ау шамасы! Аруақты елге қарс сөз айту, желге қарап шаптырғанмен бірдей. Өзіңе шашырап жатыр ғой сідігің! Сорлы..... ақымақ, Наймандар кезінде Шыңғысханмен айқасып, Римді де, Мәскеуді де бағындыруға белсегне қатысқан жауынгер халық: Ол қазір өзбектің де, қырғыздың да, татардың да, Қап тауындағы елдердің де құрамында кездеседі. Талағың тарс айрылса да, тарихта Найман жұрты тарихта бар, ежелден белгілі жұрт!

    • #63
    • Азат қазақ
    • сн, 04/01/2017 - 12:40

    Қайрат Зарыпхан мен Қожырбай ауырады жігіттер. Адай мен Найман аруағы ұрсын оларды. Қазақ деген ұлы елді құрған текті рулардың бірі екендіктеріне милары жетпейді олардың. Бұлардыкі тек бөлу. Ал қазақ елінің негізі болып саналарын ірі, салмақты ағаа рулар бұларды қашанғыдай тентек балаларға санап үндемей отыр. Өйткені тарих тек шындықтан тұрады оны қайта жазып шығамын деушілік шатқандық.

    • #64
    • Оқырман
    • сн, 04/01/2017 - 13:43

    "Ала қойды бөле қырқу" процессі басталып кетіпті, қазақтар сақ болайық.

    • #65
    • Жұмахмет
    • сн, 04/01/2017 - 14:52

    Мындағы пікірталасқа қарап наймандар қазақ емес басқа ұлт екен деп түсініп отырмын. Қалай болғанда да Шыңғысханды моңғол дегендер азайып келеді екен. Тек "орыстар біздің тарихымызды бізден жақсы біледі" деп әлі соларға жалтақтап отырғандар бар. Әрине олар жақсы біледі.Өйткені біздің тарихымызды өздеріне ыңғайлап солар жазды емес пе.

    • #66
    • Қожырбайшыл адам
    • сн, 04/01/2017 - 15:08

    63-ке! 61-дегі Сөлтектің мақаласын дұрыстап оқы. Сонда түсінесің Атасынан безіп, Кімнің ауырып жүргенін.

    Ол Кісі Адайлар Қазақтың кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі деп отыр. Сөз түсінбейтін неткен адамсың.

    • #67
    • Neiman
    • сн, 04/01/2017 - 16:12

    Ru-ruga bolinip tartysyp otyrganda, tobengnen kalaj urganyn bilmej kalasyn-au, Kazakh.

    • #68
    • DUMAN MAKANSHY
    • сн, 04/01/2017 - 18:20

    Қожырбайшылдар! Егер Адай Қазақтың кенжесі болса, яғни кенже ұлы! Онда ең алғашқы пайда болған тайпалар яғни үлкен ұлдар тұңғыштары деп нақты қайсы тайпаны атауға болады? Сіздерге салса Адайды динозаврлар кезеңіненде арыдан бастайтын түрлеріңіз бар!!!

    • #69
    • мықи
    • сн, 04/01/2017 - 19:08

    Наймандарды сарт-сауанның құрамында жүргені-ұлттық бейнесі жоқтығынан. Ассимиляцияға сразу ұшырайды мұндай ел.

    • #70
    • Айша Ахмет
    • сн, 04/01/2017 - 19:14

    45-ши Бекжанга, Жагымпаздардын тобынан екениниз айкайлап тур! Шапрырашты мен Ыстынын тарихын окынызшы тым болмаса,,? Кай кезден басталганын? Жалайырларды ,,бурынгы жалайырлар емес,, деп айтуга кандай далелиниз бар? Жалайырлардын Майкы биден,не Тобе биден тарайтынына толык далел жок, Жалайырлар Шынгыс ханмен бирге келген, Олардын тарихы Уйгыр мемлекетинин тарихынан да ертерек болуы мумкин, Ал Наймандар - Керейит пен Меркиттермен биригип тайпалык одак болган, Кидан империясына багынышты болган, Кидан мемлекети кираганнан кейин бирнеше хандыкка болинип, жетекшилери Керейиттер болады!216 жылы Ш,Х Батыска кайта шабуылын бастап,бул хандыктарды талкандайды,будан кейин олар !218 жылы Жошы Улысына кашып келеди, Кушилик хандыгы Жетисуда билик жургизе бастайды- Жергиликти халыкка кысым жасап,оларды христиан, будда динди наймандардан зардап шеккен жергиликти мусылман халык Шынгыс Хан аскерин куана карсы алады,Ш,Х, аскерлерине елдин мал- мулкине тйисуге тиым салып, халыкка кудайга кулшылык ету кукыгын кайтарады,Коп узамай Ш,Х Кушилик хандыгын талкандап, Жетису,Иле аймагына билик етеди,Наймандар мемлекеттик дарежеге жетпеген, тек тайпалык одак курган Хандык болган, Баска да тайпалык одактар сиякты

    • #71
    • Қожырбайшыл адам
    • сн, 04/01/2017 - 19:46

    68-ге! Оның жауабы: Қазақтың үш баласы бар. Үлкені Аға Арыс- Үйсіндер және сол Үйсіндермен қатар дүниеге келген Аға Арысымыздың құрамындағы барлық рулар. Міне осы рулар Қазақтың қалған руларының бәрінің Ағасы болады. Аты да айтып тұр ғой Аға Арыс (Ағарыс) деп. Оларды Қазақтың рулық Шежіредегі атауының өзі де айтып тұрған жоқ па оларды Ұлы Жүз, бәрінен де Ұлы деп. Қысқасы, Ұлы Жүз - Қазақтың үш баласының ең үлкені.

    Сіз Үйсін деген сөздің мағынасына көңіл бөліңіз, Үй дегеніміз, кәдімгі үй ғой. Үлкен балаң үйленгеннен кейін, еншісін беріп, басына үй тігіп, бөлек шығарасың емес пе? Бұл жерде де тура сондай, ешқандай айырмасы жоқ. Ал, "сін" - дегеніміз Сен алғашқы Үйсің деп оқылады. Манқыстау, Маңғыстау деген сияқты. Сіздің сұрағыңыздың жауабы осы.

    • #72
    • Мезіболған
    • сн, 04/01/2017 - 20:08

    Қазақтын тарихшыларының зертеуінің әдістері, Барак деген болса ол Барақ А әрпіне қатысты батырлар болса ол мейлі африкада болсын адайлардың тегі болып шығады, Н әрпінен болса мейлі ол қай материктен болсада найман болады ей осылай өзінше соға береді гой қазекен

    • #73
    • Таке
    • сн, 04/01/2017 - 20:10

    Шежіре туралы айтқаныңыз орынды. Ал қаңлы туралы келтірілген деректер Әбілғазы шежіресін растай түседі екен. Яғни Ғаңлылар арба жасаушы. Бұл атты оларға Оғыз хан берген. Қаңғырлаған арбаның дыбысына ұқсатып қойылған деген түркі шежіресінде.
    Орыстар тарихымызды бізден жақсы біледі деген жані бар сөз. Себебі орыстар тарихымызға қатысты көп шежірелерді қолға түсірген кейінің ұшты күйді жоқ болғаны жәйлі мәліметтер де келтірген кей тарихшылар.

    • #74
    • қазақ
    • сн, 04/01/2017 - 21:25

    ой малта езбелер-ай, тәуір-ақ ездіңдер,,,

    • #75
    • 69-ға
    • сн, 04/01/2017 - 21:33

    өзіңе атың сай,ойың бөтен,санаң сасық.Осы пікір таласқа әу бастан
    сіңбе,қалмақ,мұңғұл тарихшы кінәлі. Халықтың санасын рушылдық
    қа баурап,ортадан жік шығарды. Руды,елді,кеміткендеріңнің 77 ұрпағың оңбасын.Недеген сілімтік едіңдер.

    • #76
    • Адай баласы
    • сн, 04/01/2017 - 21:41

    69! Сіздікі үлкен әбестік. Найман Ата менің де, Сенің де, Оның да атасы. Қарапайым сөзбен айтқанда, Сенің Атаң Менің Атам, Менің Атам Сенің Атаң. Сіз бұл сөзіңізді өз атаңыздың атына айтып отырсыз. Бүтін бір іргелі елдің Атасына бұлай дегеніңіз, Сіздің алған тәрбиеңіздің кемшіндігін көрсетеді.

    • #77
    • А А
    • сн, 04/01/2017 - 22:58

    Мынау - АЛБАСТЫ Мықи - дегеннің кім екені белгіпі ! Ал енді - Мықи - сақ бол ?! Екі-үш күнде ... сені аруақ атады...

    • #78
    • мен
    • бн, 05/01/2017 - 9:44

    Мықи, 77 атаңды тағы с.....

    • #79
    • қайрат зарыпхан
    • сб, 07/01/2017 - 18:26

    Қазақ ұлтының субстраты, яғни Аллаһтың илеген балшығы Қаңлы мен Сақтар. Адай қаңлы емес сақ. Қазақтың ру тайпалары осыдардан құралған әскери-саяси одақтар. Шңығыс хан қаңлы-қият емес сонда кім? Әрине сақтардан. Расында да осында бір комментші айтқандай Шыңғыс ханды мағол деушілер азайған екен. Шүкір! Шыңғыс ханды мағол деушәі тарихшылардың кеңес дәуірінде алған докторлық атауларын тартып алу керек. Әсерсе Қаржаубай Сартқожаның. Шыңғыс ханның, мағолдың тарихын мене артық зерттеген адам болса ол Хасен Қожа ахмет. Ол кісі Шыңғыс ханның бабаларының хан болды деген ешбір деректеің кездеспейтінін айтады. Орыстар Шыңғыс ханды ВЕЛИКИЙ ВОИН деп атайды. Ол рас. Олардың біздің тарихымызды бізден артық білетіндерін айтқаным, қодарында тұрғанда бізді індете зерттеген. Мәселен, "Алаш" тарихи-зерттеу орталығының келтірген дерегінде, Зайсан өіңірінің тақ шежірешілерінің ауызнан жазылып алынған орыстардың статистикалыө зерттеулерінде Былй деоінген: "Родоначальник трех киргизких орд. КАЙ. АЛАШ: КАЗАКЪ: УЗБЕКЪ: АКСУПЫ: НАЙМАН: ОКРЕШЪ. итд. Шежірешілер Алаһтың ұйғаруымен ата-бабалар тізбегін сол қалпында жеткізеді. Жапон ғаламы СИратори қазақтың түбінің қаңлы екенін айтқан. Кайлар осы қаңлылардан. Қане, кімің бар тағы да Кай әулетінен тарап тұрған шежіресінде? Наймнадарды кидан дегендер рушылдар. Наймандай бола алмағнадар. Тарих кезеңдерінде қазақа ортақ найманның үш ұраны болған. Бірнішісі КЕТБҰҚА, екіншісі ҚАПТАҒАЙ; үшіншісі ҚАБАНБАЙ: КЕтбұқаның КӨК тәңіріне сыйынғанын тарихи деректер айтады. Христиан дінін тек қана Таян хан қабылдаған. Найманардардың хритсиандар болғаны жаңсақ пікір.

    • #80
    • Әбен
    • сб, 07/01/2017 - 20:39

    Сонда Шыңғысхан Таян ханның елін қазақтар ұстанатын елдің дініне қайта қосқан болып тұр ғой.

    • #81
    • Төре
    • дн, 09/01/2017 - 19:56

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Осыны айтқан мен емес. Содан бері Қазақ өзгерді ме?
    "Қазақ елі ұйқышыл, жалқау, жетімі мен жесіріне рахымы аз, жоққа сенгіш, жатқа жем, өзінен шыққан Жақсыны сыйламайтын, бақкүндес, бәсекешіл, айрақ көз, үйтентек, айтқанды ұқпайтын ақпақұлақтығымыз тағы бар, азған ел. Қазақты хан билеген кезде мұндай емес еді!". Жүсіпбек Аймаутов, 1927 жылы Мәшһур Жүсңпке жазған хатынан.
    Қуандық Жүсіпов, Адам Жүсіптің інісінің баласы.
    Осы мінездемемен келісесіздер ме?... Сонда біз кімбіз? Елге Ие болатын лайық тұлғалар барма, болса олар қайда?
    << жабу

    • #82
    • Төкен
    • дн, 09/01/2017 - 23:50

    Өзінің руын породистый санап, туғандары асылтұқымды болады деп бөсіп отырғандарға, қазақтың жақсыдан жаман туар түк іске алғысыз, жаманнан жақсы туар адам айтса нанғысыз деген мәтел сөзі бар.Шариғатта да осындай сенімде жүргендерге Адам ата перзенттері боп келетін Әбіл мен Қабылды мысал етіп, пайғамбар болса да өз баласы Қабылды кісі өлтірушіліктен арашалап ала алмағаны айтылады.Барлық жебірейлер өз ішінен келесі пайғамбарды күтіп жүргенде арабтар арасынан елеусіз болған ұлық Пайғамбарымыз туады.Сондықтан ұрықтарыңның асылдығына сеніп жүрмей құрсаққа түскен, туылатын балаларыңа Алладан сана, дұрыс перзент етіп беруін тілеңіздер.Әрбір әке баласына, әрбір ана ішін сипап отырып,
    шаранаға жақсы тілектер тілеуі керек.Сонда Алла тілектеріңді қабыл етер.

    • #83
    • Ерлан
    • сс, 10/01/2017 - 17:18

    пай күлгенде жатып күлдім, әй рушылдар ай ,осындай мақаламен күлдіресіңдер, қабдеш ағамыз ортаң қол жазушы, ешқандай ғалым емес ,шежірешіде емес ,

    • #84
    • серик самарканов
    • сс, 10/01/2017 - 20:55

    каирменди озин казах деген азаматтарга айтарым кимнин ким екенин жага жыртыспай тусинеситин де жакын калды олкун аты 8 гасыр отседе умыт болмаган шынгысхан бабамызды арулап жерлегенсон барлык сандыракка акыргы нукте койылатын кун май айында буйырса келип жетеди оладамнын жерленген жери зайсан ауданында теги меркит ц м

    • #85
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
    • сн, 11/01/2017 - 13:59


    84-ке! Шыңғыс ханды меркіт деу үшін дәйекті дерек болуы керек.
    Ол деректер Атадан балаға мирас болып қалатын рулық шежіре де, өсиеттер де, жырларда, сол заманғы тарихи жазбаларда және жазба болғанда қытай айтты, қырым айтты, арап айтты, парсы айтты болмау керек. Оның бәрі өз сөзімізде айтылуы керек.

    ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ РУЫ КІМ?


    Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырықтан аса қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Ежелгі жазбалар Қазақта 125 таңбалы ру болған десе, соңғы жазбаларда 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.

    Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.

    Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай» (186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай» (240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (І.Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002).

    Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» 46 бет).
    Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді. Сол сияқты «Ат», «Тай», яғни қазіргі Алтай елі, өлкесі, тауы атауларының шығу тегі де осы.
    Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет) «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). (І. Есенберлин «Асыл аңыз»).
    Сонымен қатар, осы еңбектің 19 бетінде: «ХІІ ғасырдың ортасында моңғол (мұңал) рулары бөлек-бөлек тұрған. Әшейінде олар әр түрлі топтарға біріккен: тайпаға, немесе ұлыстарға, халыққа, «халық иелігіне» бөлінді. Ұлыс үлкендігі мен күшіне байланысты әртүрлі болды: ұлыс иелігінен бастап алғашқы мемлекеттік құрылысқа дейін: «Ежелгі моңғолдарда, - деп жазды Б.Я. Владимировцов, -көсемге, ханға, ноянға, тайшыға, батырға, т.б. бағынышты болуына қарағанда, рулардың, тайпалардың, әулеттің біріккен құрылымы «ұлыс», ұлыс-«халық», «халық-ел», «осындай бір ұлысқа біріккен халық», немесе «ұлыс иелігін құрушы», «мемлекет-иелігін құрушы халық», «мемлекет» - деп аталды деп жазды. Моңғолдарды, нағыз көшпенділерді, бұл түсінікте оның территориясы емес, халқы қызықтырады». Ұлыс басында мал шаруасымен айналысатын атақты ру басылары тұрды. Құрметті атау иесі – нояндардан: баходыр – батыр, имен – ақылды, мерген – құралайды көзге атқыш, білген – ақылды, бүке «бұқа» - күшті, тайшы – ханзада, т.б.
    Мұндай ұлыс иесі, баходыр – батыр титулына ие болған, Темужиннің әкесі Есугей де болды» дейді.
    «216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Баарынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Құпия шежіре. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады. Біз Бекі деген лауазым атауынан, Қазақтың қарашаңырағы Кіші Жүз - Бекарысты айқын көреміз.

    Шыңғыс қағанның тегі Қазақ – Бекарыс – Алшын – Байұлы – Адай - Мұңал екендігін «Асыл аңыздың» мына деректерінен де анық көруге болады: «Сонда Үрүйіттің Жүргетайы мен Маңғыттың Құйылдыры Жамуханың ол жерден кетуін күтіп, одан қалыс қалып, Шыңғысханға өзінің, Үрүйіттері мен Маңғыттарын бастап келді. Сондай-ақ бастапқыда Жамұха да өзінің жеті ұлымен Шыңғысханға қосылды» (Асыл аңыз. 215 бет).
    «...Бұл хабарды естіген Шыңғысхан: «Ұрытты» Жүрше Адай ағай, егер сізді алдыңғы шепке тағайындасам, қалай қарайсыз?»-деді. Жүрме Адай аузын ашып үлгерместен, Маңғыттық Құйылдыр-сешен: «Андамның дәл алдында мен шайқасамын! Менің жетімектеріме қамқорлық жасау-анданың еркі» - деді. –Жоқ,- деді Жүрме Адай, біз екеуміз де Шыңғысханның көз алдында шайқасамыз: «Ұрыт және Маңғыт!» Осы сөздермен Жүрме Адай мен Құйылдыр Шыңғысханның бет алдына өздерінің Ұрыттықтары мен Маңғыттарын сапқа тұрғызды. Олар сапқа тұрып үлгерместен, жүркеліктер басқарған жау жағы келіп қалды. Ол келгеннен кейін Ұрыт пен Маңғыт соққы беріп, Жүркеліктерді таптап тастады. (Асыл аңыз. 234 бет). Адайымыз сірә Адай ғой. Ал, ол замандағы Маңғыт дегеніміз қазіргі Кіші жүз қазақтары құрамындағы тайпаның аты. Манғыт ежелгі Маңғыстауды мекендеген Мандардың, яғни Ман атаның ұрпақтары деген мағына береді. Маңғыттар кейін Ноғай хан билік жүргізгенде Ноғайлықтар, Маңғыттар және Қазақтар деп қатар аталды. Осы айтылғандардың толықтай дәлелдемесін атақты жыраулар Мұрат Мөңке ұлымен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлаған «Қарға бойлы Қазтуған» жырынан табамыз. Алтын Орданың соңғы билеушісі «Ел қамын жеген ер Едіге» би осы Маңғыт тайпасынан делінеді.

    Шыңғысханның тегі Мұңалдың Қиян (Қият) руынан екендігін, оның Адай Байұлыдан тарайтынын «Мұңалдың құпия шежіресін де» анық көрсетілген. «Содан кейін Шыңғысхан Оңғыр (кейбір деректе Үңгір) – аспазшыға: «Сен менімен бір үйдің баласындай болдың. Сен, Мүнгеті – Қиянның баласы Оңғыр «Бұлтты күні – жолдан адаспадың, жекпе-жекте жеңілмедің, жаңбырлы күні бірге су болдық, аязда – бірге тоңдық. Қазір саған қандай сый керек?» - «Егер маған рұқсат етсең, - деп жауап қайтарды Оңғыр, - егер маған таңдауға рұқсат етсең, маған әр қиырда бытырап, жан-жақта шашырап жүрген Байұлы бауырларымды бір жерге жинап алайын». – «Жарайды, -деді ол, - Байұлы бауырларыңды жинап алуыңа рұхсат беремін сен оларға мыңбасы бол» (151 бет).
    Шыңғысханның Моңғолдың (Мұңал) Қиян (Қият) руынан екендігі бұл күнде бүткіл жер бетіндегі бірде – бір тарихшыға күмән туғызбайды. Бұл әлем мойындаған шындық. Енді мына сөзге назар аударайық. Оңғыр – аспазшының руы да Қиян (Мүнгеті - Қиянның баласы). Ол Шыңғысханның рулас – бауыры, сондықтанда Шыңғысхан оған өзінің де, бүткіл әскерінің де өмірін сеніп-тапсырды, бас аспазы етті. Оңғыр жан-жақта шашырап жүрген Байұлы бауырларын Шыңғысханның рұқсатымен бір жерге жинады. Бұл жөнінде осы «Асыл аңыздың» 50 тармағында: «Бартан – Батырдың төрт ұлы болды Мүнгеті-Қиян, Некүн-Тайшы, Есугей-Бахадүр, Дәрітай-Отшығын. Құтықты-Мүңгірдің ұлы Бөрі-Бөке болды. Онон шатқалындағы тойда Белгітайдың иығын жарақаттаған дәл осы еді» дейді. Бұдан Үңгірдің әкесі Мүнгеті мен Шыңғыстың әкесі Есекейдің бір кісінің балалары екендігі анық көрініп тұр емес пе?! Тағы сол сияқты 120-шы тармағында «Түні бойы ұйықтамай жол жүрді. Жан-жағына қараған олар келесідей тайпалардың жақын келгенін көрді. ...Мүнгеті –Қиянның ұлы Үңгір өзінің Шаншуыттары және Байұлыларымен дейді.
    Осы деректен Шыңғысхан мен Үңгірдің бір-біріне немере туыс, Қиянның да, Мұңалдың да Байұлыдан тарайтыны «тайға таңба басқандай» болып, анық көрініп тұрған жоқпа?! Шежіре де Мұңалды Адайдың кенже немересі, ал Адайды Байұлының, сонымен қатар бүткіл қазақтың кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі делінеді.

    Осы тұжырымның ақиқаттығын ешқандай дау-дамайға жібермейтін деректерді Әбілғазының «Түрік шежіресінен де» табамыз. Онда Шыңғыс ханның тегі Қиян, Оғыз хан, Қарахан, Мұңал хан, Алынша хан деп көрсетілген. Бұған күмән келтіруге ешкімнің де құқы жоқ. Себебі, қазақ өз ата-тегінен ешқашанда жаңылысқан емес, жаңылыспайды да. «Тегін білмеген тексіз» деп ондайларды адам қатарына санамаған. Ал, бұл шежірені жазып қалдырған қарапайым адам емес, ХҮ11 ғасырдағы басында Каспий-Арал өңірі қазақтары, артынан Хиуа ханы әрі Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Әбілғазы бахадүр хан болып табылады.
    Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы Маңғыстаудағы Шайыр ауылы маңында Қиян атты алқап пен Жары (Жарты) атты әулие қорым күні бүгінде де осылай аталады. Осы көрсетілген деректер Алшын шежіресімен де 100 пайыз сәйкес келеді. Онда Қиянның (Қияттың) тегі Жары – Мұңал – Адай – Байұлы – Алшын делінген.
    Осы жерде бүкіл әлем тарихында өздерін Қиян, Қият, Қидан, Қимақ деп ататтырған ұлы елдің атасы осы Қиян атамыз болып табылады.
    «Еділдің бойы – елді қиян,
    Жайықтың бойы – жайлы қиян.
    Маңғыстау бойы – майлы қиян,
    Айналайын үш қиян». Қиян атамыз және оның елі мен жері жайлы бүкіл қазаққа аты әйгілі ақын Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш қиян» атты тамаша толғауында осындай жыр-шумақтарын қалдырыпты.

    «Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,
    Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет» (Шыңғыс қаған).

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #86
    • Қайрат Зарыпхан.
    • сн, 11/01/2017 - 16:17

    Меркіт жөнінде. Әбілғазының мағол атауын түсіндіргендегі мұң+ол дегенін Хасен Қожа Ахмет: "ол" есімдік сөзі, онда Ол+мұң болуы керек еді деп, бұл сөздің, яғни, мұң+алдың тіл заңдылығына сәйкес емес деп қателескен екен. Әбілғазының өзбек тілінде "ол" дегені біздіңше "ал" болады. Мәселен, өзбектердің "палау олың, олың" дегендерін кім естімеді? Олың дегені алаңыз дегендері. Демек, бұл жердегі Мұң+ол дегеніміз Рашиденнің мағол атауын түсіргендегі "будьте опечаленными", яғни, "возьми печаль " деген мағынада. Осыдан қазақтың Мұңлы баба деген енді бір балама атауы шыққан. Мұңлы бабаны білмеген қазақ қазақ емес. Ал енді меркіттің де түбі адай. Ескі жазуларда адай-меркіт деп аталған. (удуй-мэргэд). Қазіргі керейдегі төрт меркіттің бірі осы Мұңлы-мұңал. Кейде, бергі аталарының атымен Алмамбет аталады. Башқұрттағы меркит-минг дегендермен РАН днк зерттеулері бойынша қандары бір галогруппада. Яғни С. Меркит-минг дегендері де мұңлы-мұңал. Меркіт дегеніміз мэргэ+уд, яғни мергендер әулеті. Қазақ тайпаларында осы меркіттерден кейін жебе таңбалы адайлар ғана мергендер аталған. Ескендір адайлардың мергендіктерін атаған. Олар аттың үстінен шегініп жүріп артқа қарап садақ ататын болған. Ескендірдің де, Дарийдің де көзіне адайлар осы күйінде, яғни артқа қарап садақ атқан күйінде түскен. Орыстар Шыңғыс ханды меркіт Чиледудің баласы дегенді айтады. Алай да, Шыңғыс ханның іште кеткені жөнінде ешбір дерек жоқ. Орыстар айтатындай: "На нет и суда нет". Және де, орыстар Жошының ұрпақтары мен адайлардың галлогруппасаның ұқсас екендерін айтады. Шыңғыс ханның мүрдесі табылмай, ДНК сарапатамсы жасалмағанша біздер тек шежіре деретктірене ғана сүйене аламыз. Алай да, Мұңал хан, Татар хан дегендердің ешбір тарихи тұлғалар емес екендері белгілі. Тарихта Найман шал дегеннің болмағанындай, бұлар да болмаған. Бұлар дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежіреслік тәсілге сай айтылған символдық тұлғалар. Және де, шежіре деректеріне Шыңғыс ханның идеологтары әдейі фальсификация жасаған. Сондықтан да, "сен білесің бе, селсебет біле ме?" дегендей, философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбетқазы Ақатай, Шыңғыс хан әулетінің басты идеологы, "пантюркист" атанған Рашиденнің жазғандарынан шындықты табудың өте қиын іс екенін жазған. Осы сияқты "ҚҰпия шежіре" де идеология. Анығында бұл шежіре Кай әулетінің шежіресі, ұққан адамға. Мені рушыл дегендерге айтарым: келтірілген деректерді мен ойлап тапқаным жоқ. Рушылдар Шыңғыс ханды өздеріне негізсіз жапсырып жүргендер. Рушыл дегеніміз комплекс неполноценности. Наймандардікіндей Ұлы тарихы бар халық рушыл болмайды. Мына жерде бір комментші дұрыс айтқан, саяси билікке наймандар келсе қазақтың рухы көтеріледі. Осыдан ең алдымен орыстар мен қытайлар қорқады. Сондықтан да осылардың құйыршықтары наймандарды өсектейді. "Аттыға жаяу ілесемін деп бұты айырылыпты" деген бар. Найман Ғалымжанға соқтығамын деп Күйеудің не болғаны белгілі.

    • #87
    • Айткүл
    • сн, 11/01/2017 - 21:40

    коммент жазатындар мәдениетті болса керек !.Қай тақырып болсынқыршаңқылық,керкеткендік,алауыздық,өшпенділік. Тақырыптан ауысып,ұрттап жоғалады.Қайрат Зарыпқан әрқашанда рушылдыққа бой алдырмай салмақты да ойлы ,тұжырымы шындыққа жақын. Атыңды халыққа тазалығымен та-
    нытқан дұрыс.Қашанғы елді,руды кемсіткенді тоқтатамыз. Ал, Наймандай ел жоқ.Найманды кемсіткендердің алды жан тапсырып,арты сотталғанын көрдік. Арқалы қасиетті ел. Найман еш заманда сатқын болған емес.Болмайды да. Найманға жетем
    дегенше,желкең үзілер.Найман ешкімді өзіне теліген емес.

    • #88
    • пенсионер
    • бн, 12/01/2017 - 12:03

    Бекжанға сенікі əшейін сандрақ. Көрпені біреудің ыңғайына тарту. Шыңғысханның шапраштыға ешқандайда қатысы жоқ. Ал қытай жазбаларында дегенің бос сандрақ. Ана Қожырбайұлы мен Зарыпхандікі шындық. Өцткені бар шын Қазақтың тарихы шежіре мен дастандарда. Соларды зертте.

Пікір қосу

  • 7 + 22 =

Вход