Абай-ақпарат

ҚР СІМ Түркиядағы террорлық актіге байланысты мәлімдеме жасады

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) террорлық актіге байланысты мәлімдеме жасады.

«2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұл қаласында  болған террористік актіні қатаң түрде айыптаймыз. Осы қатыгез қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетінің куәсі болып отырмыз, дегенімен оның ұйымдастырушылары мен демеушілері міндетті түрде анықталып, тиісті жазаға тартылатындарына сенімдіміз»,-делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомоствосы қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтаса отырып, жарақат алғандарға тезірек жазылуларын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына терроризммен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейді.

Абай-ақпарат

7 пікір 416 рет оқылды Қосылған: 02.01.17
    • #1
    • камизякский
    • сн, 04/01/2017 - 12:38

    Ай-Туркия, жабайы террористтермен ауыз жаласам деп, боғыңа былғандың -ау!!!! Сирияның су тегін мұнайын террористтерден сатып алып, оларға қару-жарақ беріп, Сириялық күрдттерді қырып-жоямын деп жүргенде, терроризм Түркияның ішіне ауысты. Бұл жақсы емес. "НАТО-ның Европадағы мықты мүшесі, Түркия уысымыздан кетіп қалама" - деп АҚШ-тың Мем. Депортаментінің ісі ме екен?!

    • #2
    • Айназ
    • сн, 04/01/2017 - 17:29

    Сирияны шарпып жатқа мына оттың Түркияға қарай ойысқанын еш қаламаймыз, сондықтан да келіссөздер өте керек.

    • #3
    • Айсер
    • сн, 04/01/2017 - 17:31

    Қарапайым адамдардың өмір сүруіне, тыныш өмір сүруіне кедергі келтіріп жатыр бұл әрекеттер, наразымыз.

    • #4
    • саясаткер
    • бн, 05/01/2017 - 12:34

    Сириядағы қырғынды (террористтердің оңбағандығын) осы сайтта қолдайтындар неге пікір жазбай тыныш отырсыңдар? Мен, сіздердің лақап аттарыңды білемін ғой?! Өздеріңіздің шын "Лайктарыңызбен" пікір жазуға қорқып отырсыңдар ма?!

    • #5
    • саясаткерге
    • бн, 05/01/2017 - 14:17

    сен сондай саясаткер болсаң біз қазақ қашан дені дұрыс жұмыс табамыз мыз құлысқа барсаң мысалы кв метр 300 тенге шкатурка жасайсыңба деп мазақ қылады ал сыртан келіп жүргендерге 700 тенгеден береді өзіміздің қазақ бізде жасайық деп барсаң сені мазақ қылып 300 тенге оған қалай түсініуге болады саясаткер білсең айтса бұл маңғыстаудағы жағдай басқаны қоиып өзіміздің қазақты ішінде болып жатқан жағдайды айтса

    • #6
    • жəй Қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 17:58

    Бабамнан қалған, "Артты қысқан бай болады" деген сөз бар. Алыптардың айқасына ақыл қосу, бізге артық шаруа. Суннит пен шииттер арқылы соғысып жатқан, Бұл Батыс,Саудит, Иран,Орыс,Түрік соғысы. Түрікке жаның ашиды, бірақ бəріне жеке билікке құмар Едіреңдеген Ердоған кінәлі. Ал Көрмек болып, Игилдің 10 баскесері жетіп келсе не қыласың. Оларға жұмыс таппай, "Алтын", "Күміс" жастарға кіжініп жүрген жастар қосылса не болмақ. Қорғайтын əскердің түрі белгілі: - 15-ін бір Челах, Алматыда 8 сақшыны бірақ жігіт жойып жіберген. Пəледен аулақ болайық. Одан гөрі, Қазақты Орыстың жоспарлы түрде жүзеге асырып жатқан, Орыстандыру саясатына кеште болса қарсылық көрсетейік. Орысқұл билік Қазақ тілінің қолдану аясын тарылтқаны соншалық, халықтың аз бөлігінің тұрмыстық дəрежедегі ғана тілі болып қалды. Орыс тілді халықтар өкілідері 25 жылда Мемлекеттік тілді үйребеді. Себебі Қоғамның қай саласыда болсын пайдалануға қажеттілігі жоқ. Сонымен аты Қазақ, заты Орыс Ел болдық. Осындай жағдайды əдейі, Қазақты құрту үшін жасап жатырма деп, Қорқасың.

    • #7
    • саламат
    • дн, 09/01/2017 - 11:43

    Йя, орыстарды жамандау тоқтамайтын сыңайлы ғой, бұл ғасырда!!! Мүмкін, дұрыста шығар!!! Ондаған жылдар бойына вассал болып келген халықтар метропольды жамандамағанда не істесін. Әйтседе, орыстардың мақалы: "С кем живешь, с него пожнешь". Жетімың жарым км. шекарамыз бар көрші мемлекеттің ықпалы болмай тұрмайды!!! Россияның ықпалынан кету үшін, Қазақстанды кесіп-кесіп, Тынық мұхитының ортасына Фиджи аралдарының тұсына көшіру керек!!! Ол, қолдан келетін жұмыс емес қой!!! Кезінде, Англияның өктемдігінен Индия қалай құтылды!!! Екі мемлекет - екі құрлықта, ортақ шекаралары жоқ!!! Ортақ шекаралары жоқ отарлаушы - отарланушы мемлекеттер жетіп артылады Жер бетінде!!! Сондықтан, бостан-босқа Россияны жамандай бергеннен ештеңе де өнбейді!!! Өздерімізді - Өздеріміз түзейік, оданша!!!!!

Пікір қосу

  • 1 + 38 =

Кіру