Білгенге маржан

ӘТЕШТЕР МЕН ТАУЫҚТАР

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Әтеш мойнын созбаса, дауыс шығарып шақыра алмайды. Ал адам әтештің шақырғанын екі шақырым қашықтықтан естиді.

* * * Жұмыртқа түсінің ақ немесе қоңырлығы оны тапқан тауықтың түсіне байланысты екен. Ақ тауық негізінен ақ жұмыртқа тапса, түрлі-түсті тауықтардың жұмыртқасы қоңыр болып келеді. Алайда, бұл жұмыртқалардың құрамы мен дәмінде ешқандай өзгешелік болмайды.

* * *  Үй құстарының саны жер бетіндегі адамдардың санынан асып кетеді. Былайша айтқанда, әрбір адамға үш құстан келеді екен.

* * *  Тауықта да сезім бар дегенге сену қиын. Бірақ британиялық орнитолог Джо Эдгар үй құстарының көңіл күйінде өзгерістер болатынын анықтаған. Сондай-ақ, кез келген тауық топтан бөлініп жалғыз қалған жағдайда, көңіл күйі түсіп кететіндігі бұрыннан белгілі.

* * *  «Тауықтың миындай ми жоқ» деген бекер сөз екен. Шын мәнінде тауықтар мен әтештердің түйсігі өздеріне қажетті деңгейде жұмыс істейді. Олардың миы жүзден астам түрдің (басқа тауықтардың, адамдардың) ерекшелік сипаттарын есте сақтай алады. Сондықтан тауықтар өзіне жақсылық, яки жамандық қылған адамды ұмытпайды. Бұған қоса бұл құстар арифметикалық есеп пен геометриялық фигураларды да ажырата алатын қабілетке ие.

* * *  Жабайы тауықты адамдар алғаш рет қолға біздің дәуірге дейінгі III-II мыңжылдықта Үндістан жерінде үйреткен. 

* * *  Тауықты гипноздау оңай, кейбір жан-жануарлар сияқты олар өз өміріне қауіп төнгенде, өліп қалғандай кейіп таныта алады. 

* * *  Майкл деген әтеш бассыз бір жарым жыл өмір сүргенін біреу білсе біреу білмейді. 1945 жылы американдық фермер Майклдың басын шауып тастаған. Бірақ әтештің миының жартысы мен бір құлағы қалады. Мұны көрген иесі әлгі құсқа жаны ашып, қайтадан асырауға ниеттенген. Дән мен сүтті фермер арнайы құрылғы арқылы беріп отырған. Сөйтіп, басы жоқ әтеш бір жарым жыл өмір сүреді.

 "Дидар" газеті

Шығыс Қазақстан облысы

5 пікір 563 рет оқылды Қосылған: 02.01.17
    • #1
    • Төре
    • дн, 02/01/2017 - 17:38

    "Тауықтың миындай ми жоқ» деген бекер сөз екен". Иә, ол сөз бекер... Кеңес заманыда, біздің мекемеде бір ЕВРЕЙ парткомның хатшысы болды. Қазақтар, сол кісіге; мынада "тауықтың миындай ми жоқ!" деп сырттай кемсітуші еді... Ал ол болса сол мекемеде болып жатқан жағыдайды түгелімен райкомға жеткізетінін білмеуші еді? Сонда кімдерде... мый жоқ? Айтудан қорқам...

    • #2
    • сұрақшы
    • дн, 02/01/2017 - 22:19

    Қожырбайұлы бәрімізді зомбилап тастаған соң кез келген тірі жәндік пен жануарды да қайдан жаралған деп сұрайтын әдет пайда болды. Әтештер мен тауықтар қайдан жаралған? Оларда сол жақта пайда болғанба? Ат-әт-әтеш-тің байланысын айтсыншы Қожырбайұлы.

    • #3
    • әтеш пен тауық
    • жб, 08/01/2017 - 16:44

    Әтеш пен тауық бір кездері / баяғы бір Шыңғысхан замандарында / өмір сүріп, сонан бері халықтың әлеуметтік жағдайында елеусіз болып ілігіп қалса да, солардың кезінде ғана емес, қай уақыттада өмірді реттеп тұратындар дәрежесіне жеткендер екен. Ал оны қарапайым пенде біле бермейді. Қай заманда болсын жұмыртқа мен жеңіл желпі тауықтың еті керек. Әсіресе қазы, қарта, жал, жаядан билеушілердің кекірігі азған кезде. Осындайда тауықтың етін жеп, еріккен патшалар мен ханзадалар, олардың кәнизактары әтештерді төбелестіріп қызықтайды екен, Оған мінезі шәлкес тауықтар да қатысады екен. Осылай әтеш пен тауықтарға сенімі артқан, олар артық ештеңе жасай алмайды деген сеніммен билігін жақсартқысы келген патшалар барлық шенеуніктерін тауық пен әтештен жасақтайтын болыпты. Есесіне жаны тыныш, құстың қаңқылы тауыққорадан әрі аспайды. Әтештің амбициясы зауқы жоқ болса да тауықты бір қуып көрейінші, жеткізбей-ақ қойсын, есесіне бір жылынып алармын төңірегінен аспайды екен, тауықтың ойы - қашу, бірақ тым жылдам қашып бара жатқан жоқпын ба деген үрейден аспайды екен. Күндердің күнінде мемлекетін нығайтқысы келген бір патша бұл тауықтар не істеп жүр деп тексеріп, көзі көрген соң бәрін тамақ пәбіркесіне жіберіп, халқын тауық етіне бір қарық қылыпты.

    • #4
    • Төре, 3-ке
    • дн, 09/01/2017 - 9:49

    Ал дауды бастайық! Осы жерге Шыңғысханды қосқаныңыз үшін сіздеде мен сияқты басыңызда "Тауықтың миындай ми жоқ!»

    • #5
    • Төреге
    • сн, 11/01/2017 - 21:17

    Төреке, тауықты қуалап ең болмаса бір жылынып алсайшы.

Пікір қосу

  • 1 + 40 =

Кіру