Алашорда

ҚҰЛДЫҚ САНАНЫҢ ҚҰЛПЫН АШҚАН ТҰЛҒА

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Тарих ғылымында өзі академик атанбаса да,  жасанды 10 академикке татитын    ағамыз еді. Ортамыздан  мәңгілікке кеткеніне 40 күн толғандағы  әріптес інісінің ойлары. 

 «Біз қазақ едік, Көк туы желбіреген, Жүрегі елжіреген. Көк бөрі ұрпағы едік, Көздері мөлдіреген. Біз қазақ едік, Кеудеге жалын берген, Ұл-қызға тәлім берген. Шынында біздер едік, Ары үшін жанын берген. Біз қазақ едік, Әрқашан ұлтым деген, Отаным, жұртым деген».

Ата-бабалардан қалған,  бүгінде өшіп бара жатқан осы  түсінік-ойды қайта оралтқан,  тарихи еңбектерді, шығармаларды өмірге әкелген ғұлама ҒАЛЫМ еді.

Зардыхан Қинаятұлы кеңес дәуірінде жалғандыққа толы бұрмаланып, тек мақтаумен, тапсырыспен жазылған тарихи оқиғалардың ақиқатын ашып, оларды шынайы  арнасына  бұрған тарихшы ғалымдардың бірі, әрі бірегейі,   қазақтың маңдайына біткен  бір-туар ұлтжанды азаматы болды.

Зардыхан аға секілді  тарихты  шетелдік деректерге сүйеніп шынайы, терең  жазатын тарихшы ғалым кемде-кем болды.  Ағамыздың ЗАРДЫХАН деп аталатын  өз есімі секілді, оның тарихшы ғалым ретіндегі жүрген жолы, жазған еңбектері де  дара, қайталанбайды.

Ол ұлт – Отан тарихын  жазуда орыстарға тәуелді болып олардың пікірін шындыққа балап, соған сеніп келген  құлдық сана концепциясын бұзды, қазақ тарихына жаңа самал, леп әкеліп, санаға саңылау енгізіп,  ұлтымыздың өткен шынайы-тың тарихын ғылыми айналымға енгізіп, оның төрінен ойып орын алды. Ол билікке емес,  Мұстафа Шоқай атасындай ұлтына қызмет еттіп кетті.  Кейбір тарихшылар секілді тапсырыспен  мақала, кітап жазған жоқ. Зардыхан ағамыздың жазған еңбектерін республика тарихшылары, мұқым қазақ халқы  мойындады.

Оның өз методологиясы,  бұлтартпайтын айғақ  деректерге  сүйенген   қағидасы болды, ол одан таймады. Қисық көшемен түзу жүре білді.

Ағамыз: «...Мен қазақтың жастарына сенемiн. Мен қазақтың кәрiлерiне сенбеймiн. Тiптi өзiме де. Неге десеңiз, бөлек психологияда тәрбиеленген адамның сана-сезiмiн кеңестiк идеология әбден билеп алған. Кәрiлердiң ұлттық мәселелерге мән бергiсi келмейтiнi сондықтан» -деп ақиқатты  атап айтқан ғалым.. 

Жағымпаздықпен  сатып алып, елге күлкі болатын   "Академик" деген атағы бар   тарихшы-акедмиктердің  10-ның, олар дайындап қорғатқан 20 шақты ғылым докторының еңбектерін  қосқанда Зардыхан    Қинаятұлының қазақ тарихына сіңірген еңбегіне жетпейді.

 Есенғазы   Қуандық  -

 тарих ғылымдарының докторы, профессор

 2017 жыл, 1 қаңтар. 

Abai.kz   

21 пікір 1305 рет оқылды Қосылған: 04.01.17
    • #1
    • Сәкен Төлеуұлы
    • сн, 04/01/2017 - 17:16

    Зардыхан мырзаның (топырағы торқа болсын) бір сөзі ол айтты деуге жараспайды. Өзіне өзі сенбеген адам ешбір салада сәтті еңбек ете алмайды. Бұл - бір. Екіншіден: "Мен қазақтың кәрілеріне сенбеймін" дегені, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, қошқардың бәрі - қортық, қашыра алмайды, дегенмен бірдей. Қазекем: "Көпке топырақ шашпа" демеді ме? Яғни Зардыхан марқұм бір оқпен қоян атаулының бәрін атып алған сияқты.

    • #2
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 04/01/2017 - 17:28


    Казах тарих жазса орыс айтты, монгол айтты, кытай айты .......
    Тарих сабагын мектеп багдарламасынан алып тастау керек 99,9 % ЛАПША !!!

    • #3
    • амантай
    • сн, 04/01/2017 - 18:09

    Зақаңның қадірін ол кісінің еңбегін оқығандар ғана біледі. Осы мақаланың тақырыбын оқып ғана пікір жазғандар өздерінің кім екендігін әлден-ақ көрсетуде. Ол кісі туралы білмесеңдер, жазған еңбектерін оқымасаңдар өздерің жазғандай қортық-шартық қошқарларша босқа әуре болмасаңдаршы...

    • #4
    • Ақиқат
    • сн, 04/01/2017 - 18:28

    Амантай дұрыс айтады. Зақаңды білмей оның еңбегімен таныспай жатып, кесірленіп өздерінше білгішініп өз ойының тайаздығын әкеп "өзіне сенбеген адам құнды еңбек" жаза алмайды деп баға бергенсіпті. Сәкен Төлеуұлы есіңде болсын қошқар қортық бола алмайды, рас ол қошқар болса өз міндетін (қойға артылуды мінсіз атқарады) келтірген мысалың ай далаға кеткенін біліп қой. Ал қошқар қай уақытта қортық болыпты айтшы? Сорлы қазақ екенсің

    • #5
    • САДЫҚ СМАҒҰЛОВ
    • сн, 04/01/2017 - 18:50

    Сакен Төлеуұлы мырза! ЗАРДЫХАННЫҢ ҚАЙ СӨЗІ ДЕ ШЫНДЫҚ. ЕСІ БАР КӘРІ ҚАЛДы ма? ЖАДТАҚ,ЖАҒЫМПАЗ.САҒАДИЕВ, ЖОЛДАСБЕКОВТЕРДЕН НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ? АУЫЗДАРЫ КӨПІРІП ЕРТЕҢ ҚАЛАЙ МАҚТАЙМЫЗ ДЕП ҰЙЫҚТАМАЙ ШЫҒАДЫ. ЖАСТАРДАН ШӨПКЕ ТЫШАР КІМ БАР? СҮЙРЕТПЕМЕН ЖҮРГЕЕН ҚҰЛҚЫНЫН АҚША ТЕСКЕН
    ТОҒЫШАРЛАР. АЛДЫ ҚАМАЛЫП ЖАТЫР. (бишембаев,ермегиев)
    ОЛ ӨЗІНЕ ӨЗІ СЕНГЕНДІКТЕН 10 АКАДЕМИК, 100 ПРОФЕСОРДЫҢ ЖАЗБАҒАН ТАРИХЫН ЖАЗДЫ..ШЫН МӘНІНДЕ
    БІР ОҚПЕН 10 АКАДЕМИК 100 ПРОФЕССРДЫ АТЫП АЛДЫ.
    СЕНДЕ СОНЫҢ ІШІНДЕСІҢ. Жатқан жері жарық, топраңы
    торқа болсын

    • #6
    • Жеңіс
    • сн, 04/01/2017 - 22:20

    Нағыз ізденгіш, талант еді. Жазған еңбектері ерен. Қазақ ұлтының санасына өткен тарихын құя білді. Мәселе атақ, даңқтта емес. Даналық пен саналықта. Бірегей тұлға десе тұрады. Иманды болсын. Қазақ тарихы бір дарынға ойсырап қалды. Ажалға амал мен қайла жоқ. Ұрпағы мен туғандарына "көңіл" айтамын. Жақсының жақсы, игілік істері ұмытылмайды.

    • #7
    • pikir
    • сн, 04/01/2017 - 22:26

    zardyqan dara tulga daryndy demokrat

    • #8
    • Сәкен Төлеуұлы
    • сн, 04/01/2017 - 22:44

    Садық Смағұлов мырза, сен марқұмға адвокат болмай-ақ қой, ол еңбегімен ауызға ілінген. Бірақ қазақтың кәрілерінің бәрі Сағадиев, Жолдасбеков емес қой? Біреу саясатқа араласып тура жүреді. Біреу ақылдымсып көкиді, күштілерге жағынады. Біреу саясатты керек етпейді, алайда өзіне, отбасына, қоғамға адал болып, таза еңбектеніп жүреді, ол үшін оны да "сенімсіз" ету керек пе? Жалпы, адами қалыпта айтылатын қағида бар: ешбір дұрыс істі де, бұрыс істі де жалпылап сөйлеуге болмайды, кім дұрыс істеді, кім бұрыс істеді, атап айт, әділдік сонда, деген. Ауыз өзіңдікі екенінде дау жоқ, алайда сен де өзіңнің аузыңмен қазақ кәрілерінің бәріне түкіруді көксемегін!

    • #9
    • Самат
    • сн, 04/01/2017 - 23:27

    Моңғолдардың коммунистік партиясы - МНРП тарихын жазып, доктор атанған адамның бірі осы З. Қинаятұлы.
    Шыңғыс ханды қазақ түгілі, түркі тұқымына қатыс жоқ деп жазған осы Зардыхан емес пе еді!?
    Моңғол партиясы тарихын жазып жүріп, орта ғасыр тарихын жазудың өзін ...

    • #10
    • Айткул
    • бн, 05/01/2017 - 7:48

    Зардыханның тілі жатық, ой өрісі кең,еңбектерін оқыған адам ғана баға бере алады. 1-шінікі қызғаныш.Қазақтың көре алмаушылығы,9-ға,Шыңғыс ханның төңірегіндегі-қазақ па,жоқ па,әлі белгісіз тақырып.оның қанын әлі ешкім түптеп тексерген жоқ.Сүйегі табылған күні белгілі болады.Сонау Шыңғысхан түгілі кешегі Кенесары ханның сүйегін таба алмай жатырсыңдар. Даурық па қазақ.Жаһанға күлкілі болып біттіңдер.

    • #11
    • Тарихшы
    • бн, 05/01/2017 - 10:54

    Зәкең марқұм тарлан тарихшы, тәрбиелі адам болды... Ол осы болмысымен-ақ тарихта қалды. Кәзір Зардыхан Қинаятұлына сүйенбей ежелгі тарихты жаза алмаймыз.... Тоқ етері осы!

    • #12
    • пионерия
    • бн, 05/01/2017 - 14:49

    Зәкеңнің еңбектерін оқыған жоқ едім, сондықтан жақсы-жаман пікір айта алмадым. Ол туралы білмесеңдер бос сөз айтып өздеріңді күнәхар қылмаңдар.

    • #13
    • казахстанскии казах
    • бн, 05/01/2017 - 17:47

    бул киси орысша билмеиди билим жок гои орысша билмесе калаи китап жазады атын карасандаршы славянскии народка жатпаиды бул киси

    • #14
    • қазақ
    • бн, 05/01/2017 - 18:45

    Сәкен Төлеуұлының айтқаны дұрыс. Есті сөзге құлақ асырған жөн.Қинаятұлын бір адамдай білемін. Карьерасын компартия арқылы жасады. Монғол елінің аз ұлттарынан дайындалатын жоспар бойынша Москваға ЦК КПСС-тің Қоғамдық ғылымдар академиясына оқуға жіберіліп, кандидаттық қорғаған.Араға шамалы уақыт салып, қайтадан сол Академияға/ Москваға/докторантураға жіберіліп, докторлық қорғаған. Монғолия кәсіподақтар ұйымының хатшысы болған. Тоқсаныншы жылдарда СССР мен КПСС-тің беделі құрып, Моңғол халқы демократияны дамытқанда Зардыхан мырза сол қозғалыста қазақтың мұңын айтқан ірі тұлға болды. Кейін елге оралған соң орта ғасыр тарихымен айналысты, Шыңғысхан әулеті туралы жазды. Бір қасиеті әр нәрседе өз ұстанымы бар, дұрыс болсын, қисық болсын, пікірін тура айтатын. Соған кейін өкінген кездері де болған.Бірде қызды қыздымен бір жиында "мен өмір бойы ата жауым марксизм-ленинизммен күресіп келдім"*деп қойып қалды.Сонда отырған бір атақты ғалым:"Зәке, мұныңыз қалай? Сізді осы күнге әкелген, біздің ортамызға қосқан сол марксизм-ленинизм ғой, сіздің кандидаттығыңызда, докторлығыңызда "интернационализмді нығайтудағы марксизм-ленинизмнің ролі" деп аталады. Сол ілімге сын көзбен қарайтын болдым десеңіз түсінер едік"- деді. Үнсіз де ыңғайсыз тыныштық орнады...Адамның жақсысын жақсы, жаманын сыпайы түрде айту керек. Біреуді мақтаймын деп, қолдан құдай жасаудың қажеті жоқ, салыстырғың келсе сол атақты сатып алған он акдемикті атын атап, түсін түстеп, қол аяғын байлап, жұрттың алдына алып келіп дәлелде. Зардыхан Қинаятұлы басқа адамдар туралы әбес сөз айтпайтын. Жақсы азамат еді,Иманды болсын.

    • #15
    • Сұлтан, Аман Шота
    • бн, 05/01/2017 - 19:37

    Ертеректе жазылған пікір; Зардыхан-ау, осы сіз Жошы ханды Шыңғысханның белінен емес деп қоймайсыз. Сонда сіз осы шаруаның қасында болдыңызба? Қазақша айтқанда, шырақ ұстап тұрып, төсек салып, көрпе бүлкілдетерін алғандай айтасыз. Әкеңнің кім екенін текқана ШЕШЕҢІЗ ғана біледі. Бұл биологиның тапжылмас, дәлелденген заңы. Израилдіктер осы мәселеде басымдықты әйелдерге беретіні содан болар. Дәл осы пікіріңіз сізге жарасарма екен? Бекер КҮНӘҺАР болмаңыз?
    Соңғы пікірім; Зардыханды (Зақаңды), Жаратқан Иеміз, Бір Алла! Өмірде біліп - білмей істеген күнәлары болса кешіре гөр, деп тілеу тілеймін? Бақыйлық мәңгі өміріңіз, фәнилік өміріңізден қайырлырақ болсын! Әмин!

    • #16
    • Алаш кызы
    • бн, 05/01/2017 - 22:08

    Зардыхан ага, нагыз галым.

    • #17
    • жемеңдер
    • бн, 05/01/2017 - 22:26

    Қазакқ - есі дұрыс емес!

    • #18
    • #17-ге
    • бн, 05/01/2017 - 22:41

    "Жемеңдер" дегенге таласпаңдаршы, жеп жүргенін өзі ғана жесін, деңгейі сол ғана байғұс қой, аштан қатып қалар..

    • #19
    • Түрік
    • дн, 09/01/2017 - 1:00

    Байғұс Шыңғыс ханды қазаққа қимай-ақ кетті-ау. О дүниеге барған кезде алдынан Шыңғыс бабам шығып, түрік тіліде сөйлеген кезде есінен танып қалмаса болды ғой әйтеуір.

    • #20
    • Төре, 19-ға
    • дн, 09/01/2017 - 9:17

    Әй Түрік, Ұлы Хандардың Ұлысы Шыңғысхан Бабамыз, Зардыханның (жер қабар бермесін?) алдынан шыға қоймас? Бұл Сіздің қалжыңыңыз болар? Қалай десекте тамаша қалжың сөз! Қаласа бір Ноянын жіберер, әйтпесе деңгей келіңкіремейді. Осы пікірді жазып отырғанда мына Төреге мынандай ой келді; Шіркін сол Бабамның менің "ақымықтығым үшін", арқама бір салған Қамшысын жеп, Хан шатырынан атып шықсам, қандай бақытты болар едім! Қиал ғой! Ойды ой түртеді, Рахмет!

    • #21
    • ospan
    • сн, 11/01/2017 - 14:26

    келисемин

Пікір қосу

  • 7 + 39 =

Вход