Анық

БҰҰ. ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысты деп хабарлайды  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни, 3 қаңтар күні Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017 жылғы Кеңестің алғашқы отырысына қатысты. Отырыс барысында 2017 жылдың қаңтар айына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс бағдарламасы бекітілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Барлыбай Садықов бастап барды. Сол күні Қауіпсіздік Кеңесіне мүше Боливия, Ұлыбритания, Египет, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция және Жапонияның барлық делегация жетекшілерінің дәстүрлі ресми кездесуі болды. Шара Швеция корольдігінің уәкілдігінде бұл елдің тұрақты өкілі, 2017 жылдың қаңтарынан Қауіпсіздік Кеңесін басқаратын  Олаф Скугтың төрағалығымен өтті, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Абай-ақпарат

7 пікір 444 рет оқылды Қосылған: 04.01.17
    • #1
    • http://edition.cnn.com/2017/01/03/politics/russia-sanctions-senate/
    • сн, 04/01/2017 - 17:25

    http://edition.cnn.com/2017/01/03/politics/russia-sanctions-senate/

    • #2
    • http://edition.cnn.com/2017/01/03/politics/russia-sanctions-senate/
    • сн, 04/01/2017 - 17:25

    http://edition.cnn.com/2017/01/03/politics/russia-sanctions-senate/

    • #3
    • иə
    • сн, 04/01/2017 - 17:29

    БҰҰ-да тағы да өз тілдері жоқтай урусша сөйлеп жер қылған шығар.

    • #4
    • Шолпан
    • бн, 05/01/2017 - 16:31

    Қазақ елінің осы ұжымға енгені жақсы көрсеткіш. Біз қашанда алдыңғы қатарларда жүру үшін осындай жиындардың құрамында болу керекпіз.

    • #5
    • Рауан
    • бн, 05/01/2017 - 16:33

    Бұл ретте қандай өзгерістер енгізіліп, нендей сабақ алар екенбіз? Бірақ біздің ел барлық көрсеткіштерден жақсы орында болар.

    • #6
    • Асем
    • бн, 05/01/2017 - 17:05

    Бұл да еліміздің зор жетістігі деп білемін.

    • #7
    • https://www.youtube.com/watch?v=_OaUfWMZcPM#t=39
    • жм, 06/01/2017 - 7:56

    https://www.youtube.com/watch?v=_OaUfWMZcPM#t=39

Пікір қосу

  • 3 + 46 =

Кіру