Абай-ақпарат

Астанада өтетін келіссөзге Сириядағы кейбір саяси күштер қатыспауы мүмкін

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Сирия проблемасын реттеуге арналған келіссөздер 23 қаңтарда Астанада өтетіндігін мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат Блумберг агенттігіне сілтеме жаса отырып хабарлайды.

Бұған дейін түрік СІМ басшысы Ресей сарапшылары Сирия бойынша келіссөздерге дайындық мәселелерін талқылау үшін 9-10 қаңтарда Түркияға келетіндігін мәлім еткен болатын.  Сондай-ақ бұған дейін, РФ Президенті Путин мен түрік көшбасшысы Тайып Ердоған екеуі Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқаны хабарланған болатын. Путиннің айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.

Кейінгі бір ақпарат Сириядағы кейбір саяси күштер Астанаға келуден бас тартып жатыр дегенді айтады.

Абай-ақпарат

 

 

9 пікір 431 рет оқылды Қосылған: 04.01.17
    • #1
    • Динара
    • сн, 04/01/2017 - 17:26

    Ғаламдық проблеманы шешу үшін келіссөздер жүргізіп, ұйымдастыру да өте қиын нәрсе. Қайта қазақстандық тарап осы мәселені шешуге кірісіп отыр, алғыс айту керек.

    • #2
    • Назым
    • сн, 04/01/2017 - 17:27

    Елбасының қолынан келеді, бір шара қолданбаса бұл үдеп бара жатқан терең тақырып болып кетті ғой.

    • #3
    • жанар
    • сн, 04/01/2017 - 20:51

    иә елбасы аман болсын бұл сириядағы жағдайдыда шешіп береді көрегенділігі менен

    • #4
    • сансызбай
    • бн, 05/01/2017 - 12:30

    Сириядағы жағдайды, айналып келгенде АҚШ- та, Германияда (ЕО-мемлекеттері) Израйль де емес, Россия мен Түркия Астанада шешуге тырысып жатыр. Өйткені, бүткіл 30 миллион халқы бар мемлекет құрып кетудің шақ алдында тұр ---топас араб мемлекеттері Катар мен сауд Арабиясының алдап-арбауының кесірінен!!!! Саяси ШЫНДЫҚ көрініс табайындеп тұр!!!! АҚШ пен ЕО және "жасырын кардинал"- Израйль енді қайтер екен?! Бірақтан, бәрі дұрыс болады деп сенеміз!!!!

    • #5
    • саясаткер
    • бн, 05/01/2017 - 12:40

    Ал, енді не деген өтірік "уәждеріңді" келтірер екенсіңдер? Мен, бұл жерде осы сайттан түспей пікір жазып, Россияның Сириядағы саясатын "агрессия" - деп, нағыз жабайы террористтерді "бейбіт халық" деп, өздерінше "жанашыр" болып пікір жазатын, жасырын түрде террористтерді қолдайтындар!!! Неге "бұғып" отырсыңдар!!! Әлде, саяси ШЫНДЫҚ - көздеріңді ойып бара жатыр ма?! Ал, енді қылғынып өлсеңдерсе бұл Россияның сыртқы саясатындағы (Қазақстанныңда) триуфы, үлкен жеңісі!!!!! Терроризмді тек дұрыс мемлекеттер жеңе алады!!!! Қазақстан мен Россия, Түркия сияқты!!!!!

    • #6
    • pikir
    • бн, 05/01/2017 - 17:13

    baiqandar astana alystagy zhaudy zhaqyndatyp alyp zhurmender

    • #7
    • # 5 саясаткерге
    • бн, 05/01/2017 - 23:16

    Осы сайттың кіләссіктері Есенғали Антақиядан, Руза, адайшал дегендер жетіп артылады. Қазір бірі дәрет алып, бірі намазын оқып, бірі Туласының самагонын с новым годом деп өңештен асырып, енді бірі қорыққанынан артын күтіп қолдары тимей жатқан шығар.Ал шындығын айтсақ, АҚШ пен НАТО-ның пропагандасына мас болып, сонан бірдеңе дәметіп, күн көргісі келетіндер естерін жиып жатқан сияқты, "батырға да жан керек"қой.Әлдеқандай күн туа қалса дегендей.

    • #8
    • жəй Қазақ
    • сб, 07/01/2017 - 11:36

    Білгенге Сирия Ресей сыртқы саясатының күйреуі. Келіссөз мүмкін өтер, бəрі келмеген соң Келісім болмайды. Орыстың демі бітуде, қаражат жоқ. Əскері кері қайтады, техника, адам шығыныд белгілі көп болды. Біздікі имидж ғой əрі берекесі кеткен Қортықты қолдау.

    • #9
    • камизякский
    • дн, 09/01/2017 - 11:26

    Мен, №8 жәй Қазақ - деген пікір қосушы бауырыммен келіспеймін. Өйткені, бұл адамзаттың басына түскен нәубетті - қандай мемлекет болса да, бір мемлекет - өз жауапкеошілігіне алып шешуі керек. "Жау жоқ деме - бел астында" - деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, мына заман - өкінішке орай Жауыздық пен Аярлыққа толы болып тұр емеспе?! Еліміздің барлық сыртқы саясатын "Иммидж", "Пиар" деп айта беру дұрыс емес. Ал, Сириядағы қанды қасапқа Россия араласпағанда , жағдай тіпті басқаша болар ма еді. Сондықтан, эмоцияны қойып, шындыққа "сау" көзбен қарау керек!!!!

Пікір қосу

  • 6 + 46 =

Кіру